Мазмұнға өту
Жаңалықтар Жаңалық

Тақырыбы: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты мақала

Bilimger Media 4 мин оқу 1 506 оқылым

Мақала авторы: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,Талдысай ауылы «Гаухар» бөбекжайының І санатты тәрбиеші:  Илан Мешітханқызы

Тақырыбы: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.Ұлт болу үшін, ең алдымен тілімізді,дінімізді, салт-дәстүрімізді қалыптастыру. Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Негізгі мәселелер Елбасы мақаласында айтылған. Дегенмен, ең алдымен рухани жаңғыру үшін ұлт ретінде өзіміздің бет-бейнемізді, әлем алдындағы өзімізге тән кескін-келбетімізді, ұлттық болмысымызды сақтаймыз дейтін болсақ, дүниеге келген әр баланы бесікке салғаннан бастап, бүкіл тәрбие мен білім беру жүйесі арқылы қазаққа тән білім мен қазаққа тән тәрбиені оның санасына мықтап сіңіруіміз керек. Сонда ғана біз ұлт болып рухани жаңғыра аламыз.

Міне,жалпы рухани жаңғыру біз үшін өзіміздің озық ұлттық дәстүрлерімізге бет бұрып, төл арнамызға – қазақтың өзіндік ұлттық даму жолына түсуі деп білемін.

Сондықтан жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Демек ұлттық тәрбиемізді мектепке дейінгі ұйымдарымен балабақшалардан бастау екенін біз жақсы білеміз.Ал менің ойым, ұлттық тәрбиені балаларға қалай бағыттаймыз. Сол үшін біз балабақшамызда үлкен яғни «Ұлттық тәлім-тәрбие беру» тақырыбы бойынша эксперементалдық алаңын ашттық. Бұл алаң ұлтымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, саяси-әлеуметтік өмірдегі орны мен рөлі, оның таптық сипаты, балалардың шешендік сөздер туралы білімдерін арттыру, қазақ халқының би шешендері мен олардың нақыл сөздерін  жаттау. Қазақ халқының тарихындағы ұмыт болған көнерген сөздердің мағынасын  түсіндіру, Ұлттық  құндылықтарымызды сақтай білуге  тәрбиелеу, балаларға өз елін  қастерлеуге, халық дәстүрін, Отанын сүюге, қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәррбиелеу, 550жылдық тарихы бар елде өмір сүріп жатқанын мақтан тұтуға ,өз қолдарымен  ұлттық нақыштағы заттарды   жасауды, әдептілік мәдени құндылықтарды қайтадн яғни санамызды жаңғыртуға кірістік.

Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, салт-жораларын ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады, әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбейтіндей болып қалыптасады. Ұлттық әдептілік, мәдени құндылық олардың өмір ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне тиісті болатын қоғамдық демеу мен табиғат құбылыстарының қайталану заңдылықтарының нәтижесі.

Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Демек, халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдерінің, шаруашылығы мен кәсібнің шоғырланған көрінісі балалардың ойын-сауық түрлерінде жатыр десек асыра айтқандық емес. Әрбір қоғамның балаларға жасап отырған қамқорлығына, жеткіншек ұрпаққа деген көзқарасына қарап, сол қоғамның болмыс – бағдарын байқауға болады. Түптеп келгенде, ұлттық қасиет пен дәстүрдің қалайша жалғастық табуы да сол қоғамның ұрпаққа деген мәмілісіне байланысты.

Әр халықтың өз ұлт ойындары және әр ұлт ойынының өз ерекшеліктері бар. Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделіктегі тіршіліктің қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.

Адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады. Мiне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кiшiпейiлдiлiктi, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиешi-ұстаздарымыз үйретеміз. Жақсы бала осы қасиеттердi үйренiп жаман мiнез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.

Қорытындылай келе: Ұлттық салт-сананың процестерi рәсiм, рәмiз, кәде, жөн-жоралығы, ырым, тыйым т.б. өмiр қолданыстары арқылы iске асырылу,  ұлттық болмыс пен ұлттық мәртебесiн мәдени-рухани деңгейi өмiрден көрiнiс табады. Ұлттық тәрбие осылай өз нәтижесiн бередi. Егер біз өзіміздің төл мәдениетімізді сақтамай, әр мәдениеттерден жырымдап алып, еуразиялық немесе батыстық қызарғанға қызыға беретін болсақ, онда мұндай рухани жаңғырудың бізге керегі шамалы.Сондықтан жолдаған жаңғыруларды кішкентай яғни балабақшамыздағы бүлдіршіндерімізге түсіндіре отырып үйрету, біздің міндетіміз. Соның ішінде  ұлттық тәрбиемізді ұлттық тәрбие құндылықтарымен сусындасын десек  ұлттық тәрбие беруіміз керек.

Өскелең ұрпақтың өзінің туған Отанына деген шынайы сезімі, ұлттық мақтанышы, азаматтық жауапкершілігінің оянуы – ұлттық тәрбие арқылы жүзеге асары һақ. Ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы,  ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тағы басқалар,Ұлттық тәрбие құндылықтарын ұрпақ санасына жеткізетін балабақша тәрбиешілердің еншісінде деп ойлаймын. Өйткені «тәрбие тал бесіктен»- демей ме, бірінші ата-анасы болса, екінші тарбие беру біздің міндетіміз екені айдан анық!Ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен балалар білімді де, қайырымды, тәртіпті,болып өсуіне кәміл сенемін!

Пайдаланылға әдебиеттер                                                                                      

1.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. - Алматы, Санат, 2001.

2.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиетi. – Алматы; ҚМОП баспасы, 2010.

3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту

және тәрбиелеу стандарты.- Астана, 2010.

4.Ғаламтор

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

Ерлан Қарин. Вице-президенттің өмірбаяны, білімі және еңбек жолы

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды. 2026 жылғы 31 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның кандидатурасын Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынды. Депутаттардың басым…

Bilimger Media 174 оқылым 11 мин
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды. Саяси зерттеулерден бастап Президент Әкімшілігіне дейінгі мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейінде қызмет атқарған ол бұған дейін…

Bilimger Media 201 оқылым 7 мин
Жаңалықтар

2026–2027 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс күндері мен тоқсан мерзімдері белгілі болды.

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс күндері мен тоқсан мерзімдері белгілі болды. Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Оқушыларды күзгі, қысқы және…

Bilimger Media 797 оқылым 4 мин
Жаңалықтар

2026 жылы бәрі өзгереді ме? Халықтың өміріне тікелей әсер ететін жаңа заңдар мен жаңалықтар

Қазақстан 2026 жылды үлкен өзгерістермен қарсы алғалы отыр. Жаңа салық жүйесі, өсетін жәрдемақылар мен зейнетақы, денсаулық сақтау мен жұмыс тәртібіндегі елеулі жаңалықтар – мұның бәрі әрбір қазақстандықтың өміріне…

Bilimger Media 245 оқылым 4 мин