Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

3 мин оқу 897 оқылым

Еркінқызы Айымжан

Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы  құстар»

Мақсаты:Балаларды жанды табиғаттың бірі құстармен таныстыру.Сөздік қорларын «Құстың жүні, қанаты» деген сөздермен таныстыру. Құстарға қамқорлық танытуға үйрету. Балалардың саусақ қол маторикасын дамыту.

Сөздік жұмыс: қанаты, ұя, жүні, тұмсық.

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, тордағы кептерлер, суреттер, трафареть, үнтаспа.

Әдіс- тәсілдері:  АКТ технологиясы, триз технологиясы,  Воскобовичтің ойындары, сұрақ жауап.

Билингвалды компонент:Құстар-птицы, табиғат бұрышы- уголок отдыха, тұмсық- кльюв, қанаттар- крылья.

Оқу қызметінің кезеңдері  

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың жауабы
 

Мотивациялық  қозғаушылық

Іздену ұйымдастырушы

Рефлексивті - түзетушілік

-         Балалар бүгін бізде ерекше күн.Біздің оқу қызметімізге қоноқтар келіпті.

-         Олай болса қоноқтарға сәлемдесейік

Шаттық шеңбері

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Жақсы-жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

-Жарайсыңдар, балалар!

(Тақтамен жұмыс)

Жыл мезгілдеріне тоқталу

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс  мезгілінде қандай өзгерістер болады:

Дұрыс айтасыңдар балалар! Қыс мезгілінде көптеген өзгерістер болады екен.

(Үнтаспадан музыка әуені шығады)

Балалар мынау ненің дыбысы?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!

Балалар, бұл дыбыстарды жалпы айтқанда табиғат дыбыстары деп атайды.т Олай болса, бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы « Табиғат бұрышындағы құстар».

Енді барлығымыз орнымыздан тұрып табиғат аясына барайық.

( Балалар табиғат аясына музыка әуенімен келеді)

Балалар қараңдаршы, жан-жағымыздан нелер көріп тұрсыңдар.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар!

-Мына талдың арасында тұрған не?

-Ұяның ішінде не бар екен?

-Мына құс қырғауыл деп аталады.

Келесі құс сауысқан.

Қырғауыл мен сауысқан суыққа да, ыстыққада төзімді құстардың бірі. Балалар, сендер бұдан басқа қандай құстардың түрлерін білесіңдер.

-Жарайсыңдар, балалар!

Балалар біз білмейтін көптеген құстардың түрлері болады. Құстардың тұмсығы ұзын болады. Құстар қанаттары арқылы ұшады, құстардың пайдасы көп. Олар талдардың жәндіктерін жеу арқылы қоректенеді. Құстың қауырсынынан мамық жастық жасауға болады. Құстарды қорғай білуіміз керек. Балалар біздің табиғат аясынан қайтуымыз керек.

(Музыка әуенімен топқа оралу)

Слайдпен жұмыс

-Балалар енді теледидарға назар аударайық.

-Мынау табиғат бейнесі.

-Құстардың суреті.

-Ал мынау құстың тұмсығы мен қанаты.

Енді осы сөздерді  орысша қайталап айтайық.

Құстар-птицы, табиғат бұрышы- уголок отдыха, тұмсық- кльюв, қанаттар- крылья.

Ғажайып сәт: (Топқа құсшы кіреді)

Саламатсыңдар ма балалар ! Мен құстарды асырайтын құс бегімен.

Ормандарда, тоғайларда құстарды бағамын. Мен сендерге  құстарды  таныстыруға келдім.

-Балалар, бұл құстар кептер деп аталады.

Кептерлердің екі түрі болады. Асыранды кептер және жабайы кептер.

Сергіту сәті:

Құстар қанат қағады,

Көкке самғап барады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ деп ән салады.

Енді балалар бәріміз дамытушы орталықтарда жұмыс жасайық.

1-топ: Трафаретпен жұмыс. Құстың бейнесін салып шығады.

2-топ:Триз технологиясы арқылы үй және дала құстарын ажырату.

3-топ: Воскобович арқылы табиғат көрінісін жасау.

Балалардың жұмыстарын мадақтау көрмеге апару. Құс бегі балалармен қоштасып шығып кетеді.

Балалар бүгін біз қайда бардық?

Табиғат аясында нелермен таныстық?

Бүгін бізге кім қонаққа кім келді?

Құсбегі қандай құстармен таныстырды?

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар сендер бүгін гі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Қонақтармен қоштасайық.

Қыс мезгілі

Күн суытады, қар жауады, құстардың бәрі жылы жақа ұшып кетеді.

Құстардың дыбысы

Желдің дыбысы

Әдемі талдарды, құстардың ұясын көріп тұрмыз

Құстың ұясын көріп тұрмыз. Ұяның ішінде жұмыртқалар бар.

Қарға, торғай, кептер, үйрек...

Балалар қимыл қозғалыс арқылы жасайды.

Табиғат аясына

Құстармен

Құсшы

Асыранды және жабайы құстармен.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: құстардың дене мүшелерін

Нені игереді: құстардың тіршілігі туралы

Нені білу керек: құстардың түрлерін

Авторы
Еркінқызы Айымжан

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Келді көктем

Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: "Келді көктем" Мақсаты: Көктем мезгілі туралы білім дағдыларын тереңдету, сөйлеу мәдениетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін бекіту, ойланып толық жауап…

Еркінқызы Айымжан 4 мин 1 019 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым