Мазмұнға өту

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Шекербекова Ақерке Ерланқызы 2 мин оқу 104 оқылым

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»
Сыбайлас жемқорлық - пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесінің лауазымды тұлғасын жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді. Өкінішке орай, қазіргі кезде елімізде сыбайлас жемқорлық кең етек жайып барады. Соған орай жемқорлықпен күресу жұмыстары да үздіксіз жүріп жатыр. Себебі, сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.
Еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Яғни, біздің еліміз жемқорлықсыз болашақты қалайды. Келешекте өз ісіне адал, өзгелерге әділ ұрпақты тәрбиелеуге барын салуда. Мысалы, біздің мектепте «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды. Бұл оқушыларды адалдыққа баулудың бір түрі ғана. Одан өзге «Жемқорлықсыз болашақ», «Жемқорлыққа жол жоқ!» сияқты түрлі акциялар, сынып сағаттары өткізіледі. Онда әр оқушы өзінің жемқорлықпен күресуге бағытталған жоспарын ұсынып, оның алдын алу жолдары жайлы ойларымен бөлісіп отырады. Бұл шаралардың басты идеясы оқушыларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, мектептегі жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу болып табылады. Өз басым, бұл шараларға белсенді қатысамын, және еліміздің болашағын жемқорлықсыз болатынына сенемін.
Кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Өйткені, сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер етеді деп білемін. Яғни, мемлекеттік қызметші құқық бұзушылыққа немқұрайлылық қарауы немесе оның кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Сондықтан тек мектепте емес, жемқорлықсыз болашаққа қоғам болып аяқ басқан кезде біз жетістікке жетеміз деп ойлаймын.
Сөзімді қорыта келе, мен жемқорлықсыз болашақты қалаймын. Және елімізде сыбайлас жемқорлықпен жүргізіліп жатқан күрестің жақын арада нәтиже беретіндігіне сенгім келеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Шекербекова Ақерке Ерланқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин