Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Супермаркет

Колхозбек Гауһар Асқарқызы
2 мин оқу 33 оқылым

Колхозбек Гауһар Асқарқызы

Тақырыбы: «Супермаркет»

Мақсаты:«Постомат»,«Банкомат»,«Өз орнына орналастыр», «Супермаркет» ойындары - қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді заттарды тексеріп қарау, зерделеу, олардың көлемін көзбен өлшеу, көзбен көріп ойлауды, есте сақтауды, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, ойыншықтар, муляждар, үлестірмелі суреттер

Шаттық шеңбері:

Армысың,Алтын Күн!

Армысың, асыл Жер!

Армысың, көк Аспан!

Армысыз құрметті қонақтар!

Армысың жан достар!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос! (Шеңберде тұрып,қайталайды.Бір-біріне жылуын сыйлайды.

Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Қазір қыс мезгілінің қай айы?

Балалар: - Қазір жылдың қыс мезгілі. 3 ай – желтоқсан,қаңтар,ақпан.Қаңтар айы.

Тәрбиеші:  - Балалар тақтаға қараңыздаршы  не көріп тұрмыз? Суретте қай қаланы көріп тұрмыз?

Балалар: - Ақтау қаласы.

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар бұл сендердің өскен жерлерің Ақтау қаласы.Ал енді мынау қандай дүкен?

Балалар: - Дана супермаркеті.

Тәрбиеші: -Дүкеннің ішінде нелер бар балалар? Нан, тамақ,керекті заттар және мынау не балалар? Балалар бұл -  банкомат, постомат.

Таңғажайып сәт: Ұялы телефонға хат келеді. -Бұл кімнен болды екен? Телефоныма хабарлама келген сияқты. -Ой балалар бізге постоматтан 5 – топқа өте қызықты сәлемдеме жіберіпті. Ал, балалар сендер постоматты қалай қолдануды білесіңдер ме?

Балалар: - жоқ!

Тәрбиеші: - Олай болса балалар постомат деген қазіргі таңда барлығы заманауи технологиямен жабдықталған дүние. Яғни адамдардың жұмысын жеңілдету үшін, бізге қажетті заттарымыз тездетіп жеткізетін құрылғы. Оның суреті мынадай болады,  келген сәлемдемемізді біз кюар арқылы аламыз. (Банкомат картасы шығады). Балалар бұл карталарды пайдалану үшін қандай құрылғы керек ?

Балалар: - Банкомат терминалы! (ақша шығаратын құрылғы)

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл банкомат терминалы бізге ақша шығару үшін қажет. Ал енді сендермен ойын ойнайық.Ойынның аты «Өз орнына орналастыр» Мен сендерге құрылғының суретін екі жаққа бөліп  қоямын, сендер сол суреттерге қарап ажыратып, бөліп қоясыңдар.

Ойын: «Өз орнына орналастыр»

Шарты:  карта мен теңгені қай құрылғымен пайдалану керектігін ажырата білу.

Сергіту сәті:  «Жеті ұл» (әуен: Күй)

Сәл демалып, тыныс ал

Тақпақ тьыңдап ұғып ал

Апта деген ағайдың

Жеті бірдей ұлы бар:

Біріншісі -Дүйсенбі

Екіншісі – Сейсенбі

Үшіншісі – Сәрсенбі

Төртіншісі – Бейсенбі

Жұма деген – Бесінші ұл

Алтыншы ұл – Сенбі

Жетіншісі – Жексенбі.

Ойын: «Қанталапай» ( Әуен: Күй)

Тәрбиеші: -  Алақай, алақай ойын таптым талапай.Ал енді Қанталапай ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: мен талапайдың сөзін айтып асықты шашқан кезде сендер асықты жинап аласыңдар. Кім неше асықты жинады санап,санмен көрсетесіңдер. Кім көп асық жинайды сол жеңімпаз болады.

Қорытынды.

            Тәрбиеші: - Балалар бүгінгі ойын ұнады ма?  Дүкенге бармай ақ сауданы қалай жасауды үйрендік пе? Сендердің жас ерекшеліктеріңе сай келмейді дегенменде болашақта қалай пайдалануды білетін боласыңдар.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Колхозбек Гауһар Асқарқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым