Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 64 оқылым

Павлодар қаласы, №5 сәбилер бақшасы,Нурахметова Нуршат Канатовна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту,
Міндеті: Пішіндерді ажыратып айта білуге, заттардың көлемін,түсін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер макеті

Кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациалық-қозғаушылық

Ұйымдастыру
іздестіру
Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.
Алақанды ашайық,
Күн нұрын салайық. Жүрек жылуын салайық.
Сәлеметсіздер ме, балалар?Мен сендерді бүгін «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.«Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме? Поезбен бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен: Гу - гу, гу - гу гуілде,қалып қойма біріңде.
Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.
- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. - Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:Сен қандай пішінсің?
Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.
Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?
Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
Дөңгелек:
- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.
Дөңгелектің бұрышы бар ма? Пішіннің түсі қандай?
Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"
Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көңілденіп біз енді,
Бой сергітіп алайық.
Д/О: «Ойыншықтардың үйін табу»
Шарты: - Мына жерде биік және аласа үй бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкентай ойыншықтарды апарып қою керек.
Пішіндерден үй құрастырады.Үй қандай пішіндерден тұрады?.
Машина қандай пішіндерден тұрады?
Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. «Сиқырлы пішіндер» әлемімен
қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Қалып қойма біріңде.

Сәлеметсіз бе?

- Иә.

Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.
Тік төртбұрыштан, шаршы, екі дөңгелектен тұрады.
Рефлексивті - түзетушілік Бүгін біз қандай пішіндермен таныстық?Үшбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, пішіннің түсі қандай?
Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар.төртбұрышпен, үшбұрышпен таныстық.

Авторы
Нурахметова Нуршат Канатовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 891 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым