Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шынықсаң шымыр боласың

Сулейменова Гулдана Сабыржановна
2 мин оқу 836 оқылым

Сулейменова Гулдана Сабыржановна

Сабақтың мақсаты: Балаларды әсем жүре білуге, секіру түрлерін орындауға, ептілік, төзімділік, шапшаңдық сияқты дене сапаларына тәрбиелеу. Қимылды үйлесімді етіп жасай алуға үйрету.

Көрнекіліктер: дөңгелек шығыршықтар, доптар, самокат, гимнастикалық төсеніштер, кеглилер,т.б.

Өткізілетін орын: Спорт зал

-Құрметті, бүлдіршіндер, апайлар және қатысушы топтар. Бүгінгі шағын орталықтағы топтар арасында өткелі отырған «Шынықсаң шымыр боласың» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Ойынымзға екі топтан үш ұл, үш қыз қатысады.

Әр таңды бақытпен аттырамыз,

Өнерліні ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді,

«Балдаурен», «Байтерек» топтарын шақырамыз – деп қатысушы ойыншыларымыз ортаға шақырамыз.

Тәрбиеші: Балалар, алдымен дамыту жаттығуларын жасап алайық. Шеңбер бойымен тұрып, жаттығу жасайды.

Әділ баға беретін,

Оң көзімен көретін.

Әділ-қазы алқасын

Біз қашанда сенетін, - демекші әділ-қазы алқасымен танысамыз. Шағын орталықтың аға тәрбиешісі А.Молдашева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Серікбаев, кітапханашы М.Ақтымбаева.

Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады. Ойын шарттары мынандай:

1-кезең: Аяқтың арасында доп қысып жүру. (Екі аяқтың арасында доп қысып мәреге барып, қайтып келу).

2-кезең: Самокат жарысы (балалар кедергілер арасынан шапшаң өтуі керек).

3-кезең: Шығыршықпен тасу (Бастаушы жүгіріп шығыршыққа жетіп, ішіне түсіп, келесі ойыншылардықолдарынан ұстап пойыз секілді жүгіру).

4-кезең:Кім жылда? (ыдыстағы суды қасықпен келесі ыдысқа тасып толтыру).

5-кезең: Домалау (тоңқалаң асып домалап, корзинаға доп тастау).

6-кезең: кеглилерді құлату (кезекпен тізулі тұрған кеглилерді көздеп құлату).

Екі топқа екі жұмбақ,

Жел соғады гуілдеп.

Суып кетті айнала,

Жапырақсыз тал-терек.

Дірілдейді шайқала,

Бұл қай мезгіл? (Күз)

Шапса жұбын жазбайды,

Бір-бірінен озбайды. (Коньки) т/б.

Ал енді әділқазыларымыздың қорытындылары дайын болғанша екі тобымыздың дайындап келген нөмірлері барекен, соларға кезек берсек.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыстан ренжімей,

Тараса бізге жарады!- деп сөз кезегін қазаларымызға береміз. Марапаттау.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!- демекші құрметті қонақтар, алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сулейменова Гулдана Сабыржановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Тұғыры биік елбасы!

Мақсаты: балаларға «Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айтып, Елбасының жасаған еңбектері туралы ұғым беру. Отанға, Елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Шаттық шеңбері. Амансың ба, алтын күн, Амансың ба, көк аспан.…

Сулейменова Гулдана Сабыржановна 1 мин 685 оқылым
Жалпы рубрика

Тәрбие отбасынан басталады

Бұл іс-шараны дәстүрді бала жақсы қарым-қатынасты қалыптастыру негізінде отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеуге қарастырылады. Сонымен қатар ата-аналарды балабақша өміріне тартып бірге…

Сулейменова Гулдана Сабыржановна 5 мин 680 оқылым
Жалпы рубрика

Ойлайықта – ойнайық

Мақсаты: сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санауға үйрету. Балалардың тілін дамыту, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, жұмбақтар, ойын. Көрнекіліктер:…

Сулейменова Гулдана Сабыржановна 2 мин 600 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым