Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Шығармашылық" білім беру саласы "Сурет салу" "Марғау"

Абишева Жанар Айтбаевна
2 мин оқу 495 оқылым

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Марғау.

Мақсаты: Мысықтың баласы марғаумен таныстыру. Марғаудың түр-түсі мен  сырт келтебетін ажыратуды үйрету.  Марғау жайлы әңгімелей  білуге үйрету.  Марғауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Технологиясы: ойын

Көрнекі құралдар: Марғаулардың суреттері, түрлі түсті қарындаш,

Сөздік жұмыс: марғау

Көп тілді компонент: аяқ – нога - leg

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған жер ана,

Сәлем сіздерге қонақтар!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілікті қалайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

-Күз мезгілі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешімін тауып көріңдер.

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,

Допты көрсе домалатып қоймайды,

Беті қолын қайт-қайта жуады,

Тышқандарды үйімізден қуады. (Мысық).

-Жарайсыңдар балалар, мына тордың ішінде не бар екен көрейікші  (беті матамен жабылған тор ашылады). Тордың ішінде марғау отыр екен.

Мынау мысық және мысықтың баласы марғау.

Марғаудың жүні тықыр әрі жұмсақ  болады, құлақтары тікірейген, құйрығы ұзын, мұрты бар. Марғаудың  ұзын мұртшасы бар ол иісті дәл сезіп табуға көмектеседі.  Марғаудың екі көзі, екі құлағы, бір құйрығы, төрт аяғы бар.

Марғау төрт тағандап жүреді. Аяқтарында тырнақтары бар.

-Балалар, марғаудың дайын суретін қарындашпен бояп, мұртын түзу сызықтармен саламыз.

Балаларға марғаудың дайын суреті алдын-ала таратылып беріледі.

Қауіпсіздік ережесі:

-Қарындашты жаныңдағы балаға бағыттауға болмайды.

-Қарындашты оң қолға ұстау қажет.

-Жаныңдағы балаға кедергі келтірме.

Жұмыстың орындалу реті:

-Марғаудың суретін өздеріне ұнаған түспен сызықтың сыртына шығармай бояйды.

-Марғауды бояп болған соң, түзу сызықтармен мұртын салады.

Көп тілді компонент: аяқ – нога - leg

Сергіту сәті:

Мынау тұрған марғау,

Екі көзін қысып,

Ұйықтап отыр маужырап,

Сүт көжесін ішіп.

Дидактикалық ойын: «Байқағыш».

Мақсаты: балалардың байқампаздығын дамыту.

Шарты: екі бірдей марғаудың суреттерінен айырмашылығын табу.

Балалар жауабын айтады.

Балалар марғауды сипалап көреді.

Балалар марғау бейнесін қарындашпен бояп, мұртын салады.

Балалар қайталайды.

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар ойынды  қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік:

-Марғауда қанша құлақ бар?

-Марғауда қанша аяқ бар?

-Марғаудың құлағы ұзын ба, құйрығы ұзын ба?

-Жарайсыңдар, балалар. Оқу қызметіне барлығың өте жақсы қатысы, тәртіпті болғандарың үшін күндей жайнап жүрсін деп «күнді»  таратып беремін.

Балаларды мадақтау.

-Марғаудың екі құлағы бар.

-Марғаудың төрт аяғы бар.

-Марғаудың құйрығы  ұзын.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: марғаудың төрт аяғы және құйрығының ұзын екенін.

Игереді: марғаудың мұртын түзу сызықтармен салуды.

Меңгереді: марғаудың дене бітімін.

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

Қазыбек бек бекеті

«Балауса бөбекжайы»

Тәрбиешісі

Абишева Жанар Айтбаевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Абишева Жанар Айтбаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 313 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым