Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы және әрпі

Тлеумагамбетова Акнур Даулеткалиевна
4 мин оқу 625 оқылым

Тлеумагамбетова Акнур Даулеткалиевна

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ө дыбысы және әрпін таныту, білімдерін кеңейту. Баспа, жазба түрімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері: а) оқушыларға ө дыбысының айтылуын, жазылуын меңгерту;

ә) оқушылардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

б) оқушыларды адал достыққа, ұйымшылдыққа, көмекшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойындар

Сабақтың көрнекіліктері: әріп үлгі, суреттер, интерактивтік тақта

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу. Құрал-жабдықтарын түгелдеу.

- Қазір бізде сауат ашу және жазу сабағы. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.

- Сәлеметсіздер ме!

- Енді балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық.

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылы шуақты

Бір-бірімізге шашайық.

-Бүгінгі көңіл-күйімізді көрсетейікші

-Ендеше көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастайық. 4 топқа бөлінеміз: өрмекші, өрік, өрнек, өзен.

2.Өткен тақырыпты қайталау

-Балалар, «Кір жаятын жіп» әдісін қолданайық.

Өткен дыбыстарды еске түсіреміз. Кім шапшаң жауап береді екен.

3.Жаңа сабақты түсіндіру

-Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім. Бұл шарлардың түстері қандай?

-Ақ, жасыл, қызыл, сары

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл.

-Қане атап шығайық

-Қыс, көктем, жаз, күз

-Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді. Мына шардың түсі қандай?

-Ақ

-Бұл шардың түсі қыс мезгілін білдіреді екен. Қыста жер қандай болады? (ақ)

-Жасыл түс. Көктем мезгілін білдіреді. Көктемде шөптердің түсі жасыл  болады.

-Қызыл түс. Жазда гүлдер қызыл түске боялады.

-Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

-Күз мезгілі. (сары түс)

-Осы шарлармен біз сауат ашу әлеміне барып, әр аялдамаға тоқтап, тапсырмаларын дұрыс орындау керекпіз. Ендеше біз бұл шарлармен сауат ашу әлеміне саяхатқа шығайық.

-Міне балалар бірінші аялдамаға да жетіп қалдық. Бұл аялдама қалай аталатынын білу үшін оның тапсырмасын орындауымыз керек.Аялдаманың тапсырмасы: «Суретпен жұмыс».

-Балалар сауат ашу кітабымыздағы суретке назар аударып қарайық. Суретте ө дыбысы естілетін сөздерді атайық.

-Жарайсыңдар , балалар аялдаманың тапсырмасын орындадық. Енді бұл аялдаманың қалай аталатынын көрейік.

-Қандай әріпті көріп тұрмыз?

-Ө әрпі

-Бұл ө аялдамасы екен. Онда келесі аялдамаға асығайық.

-Келесі аялдаманың тапсырмасы: «Дыбыстар».

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Үйін тордан салады,

Жемін аулап алады.

Ол не?

-Өрмекші

-Дұрыс

-Өрмекші,өзен, өгіз, өрнек, өшіргіш сөздер қай дыбыстан басталады?

-Ө дыбысынан

-Яғни бүгін біздің өтетін дыбысымыз «Ө дыбысы және әрпі»

-Енді бәріміз ө дыбысын айтып көрейік

-Ө-ө-ө

-Қалай айтылып тұр. Созылып па, әлде тез айтылып тұр ма?

-Созылып айтылып тұр

-Дұрыс

-Олай болса, ө дыбысы дауысты дыбыс екен.

-Дауысты дыбыс қандай түспен беріледі?

-Қызыл түспен беріледі

-өрмекші сөзін буынға бөлеміз?

-Өр-мек-ші

-Неше буын бар?

-3 буын бар.

-Ө дыбысы қай буында естіліп тұр?

-Бірінші буында.

(Ө дыбысына байланысты видео көрсетіледі)

-Жарайсыңдар , балалар аялдаманың тапсырмасын орындадық. Енді бұл аялдаманың қалай аталатынын көрейік.

-Қандай әріпті көріп тұрмыз?

-З әрпі

-Бұл з аялдамасы екен. Балалар келесі аялдамаға да келіп қалдық. Аялдаманың тапсырмасы «Сиқырлы сөздер». Сендерге қазір әр топқа  сөз беріледі. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз.

-Жарайсыңдар , балалар аялдаманың тапсырмасын орындадық. Енді бұл аялдаманың қалай аталатынын көрейік.

-Қандай әріпті көріп тұрмыз?

-Е әрпі

-Енді келесі аялдамаға жеткенше сергіту сәтін өткізіп, бойымызды сергітіп алайық.

-Балалар біз келесі аялдамаға келіп қалдық. Аялдаманың тапсырмасы: «Жазу».

-«О»-кәдімгі дөңгелек,

Ал «Ө»-одан сәл бөлек.

Мұны да сал, ерінбе,

Белбеуі бар белінде.

-Яғни, Ө дыбысы о дыбысына ұқсайды, бірақ ө дыбысының белінде белбеуі бар екен.

-Енді балалар сендер осы Ө дыбысын әр топ ермексаздан, жұлдызшалардан құрастырамыз.

-Ауада жазу.

-Енді қаламсаптарымызды алып дәптерімізге жазамыз.

-Балалар, сендерге соңғы тапсырма. «Адасқан әріптер» әдісін қолданып, сендерге қорапша беремін. Сол қораптағы әріптерді біріктіріп сөз құрауларың керек. (Өзен, көл, көз, шөп).

(Оқушылар құраған сөздерін оқиды).

-Жарайсыңдар , балалар аялдаманың тапсырмасын орындадық. Енді бұл аялдаманың қалай аталатынын көрейік.

-Қандай әріпті көріп тұрмыз?

-Н әрпі

-Бұл аялдамалардың аттарын қоссақ қандай сөз шығады?

-Өзен

-Өзен сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Ө дыбысы

-Яғни, бүгін біздің өткен дыбысымыз кандай дыбыс екен.

-Ө дыбысы

-Ө дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

-Дауысты дыбыс қандай түспен беріледі?

- Қызыл түспен беріледі.

  1. Рефлексия.

-Балалар менің қолымда қызыл, сары, жасыл шарлар бар. Қазір сендерге ақ парақ қағаз беремін. Бүгінгі сабаққа түсінсеңдер жасыл, жартылай түсінсең сары, сабаққа түсінбесеңдер қызыл түспен смайлик саламыз.

-Балалар осымен біздің сауат ашу әлеміне саяхатымыз аяқталды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Тлеумагамбетова Акнур Даулеткалиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Мектепалды даярлық сынып

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Талғар ауданы. Бесағаш ауылы №45 мектеп-гимназиясының МАД сыныбының жетекшісі Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың тілдік дамуына ерекше назар аударылады. Жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда…

Махан Светлана Толыбайқызы 1 мин 66 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Отбасы құндылығы

Мектепалды сыныпқа арналған материалда отбасының адам өміріндегі орны, сыйластық, қамқорлық, сенім және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер туралы айтылады.

Бесикбаева Лаззат Сериковна 1 мин 52 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Ойын және топтық әрекет арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Даярлық сынып мұғалімі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицей Аннотация. Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйым жағдайында ойын және топтық әрекет арқылы балалардың коммуникативтік…

Сыздықова Гүлжан 5 мин 136 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы Тәрбиеші Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал…

Шегирова Шолпан Жумабергеновна 8 мин 149 оқылым