Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Шалқан" ертегісі

Автор

Алима Ерекенова
2 мин оқу 628 оқылым

Ашық оқу қызметі «Шалқан» ертегісі
Білім беру саласы: Катынас
Ұйымдастырылған оқу - қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой - қиялын дамыту.
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.
Түрі: Көрініс, ертегі
Шаттық шеңбер:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық,
Жүректегі жылуды,
Балаларға сыйлайық!
Алғы сөз:
Құрметті балалар! Бүгінгі өткелі отырған «Балапан» ортаңғы тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. «Шалқан» ертегісі орыс халық ертегісі, балалар.
Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:
1. Қиял - ғажайып ертегісі.
2. Шыншыл ертегі.
3. Жан - жануарлар туралы ертегі.
4. Тұрмыс - салт ертегісі, болып бөлінеді екен. Ал, осы, «Шалқан» ертегісі балалар, тұрмыс - салт туралы ертегі екен.«Шалқан» орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар. Ендеше, апайлар және балалар, мен сіздері, осы «Шалқан» ертегісін «Балапан» ортаңғы тобының балаларының сахналағанын көріп - тамашалауды ұсынамын.
«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Ролдерде ойнағандар:
Автор: Тәрбиеші Ерекенова А.С
Атай: Жанболат Заңғар
Әжей: Тұрсынбай Аяна
Немере қызы: Адилжан Айлин
Күшік: Біржан Алимжан
Мысық: Тоқтасын Айша
Тышқан: Тлеуберді Айнұр
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: - Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
Әже: - Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.
Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: - Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: - Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Тышқанда шалқанды суырып алуға көмектеседі.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады.
Атай: Алақай, шалқанды суырып алдық, рахмет сендерге!
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз бір дем алайық.
Қорытынды:
-Балалар казір жылдың қай мезгілі?
-Біз қайда саяхатқа бардық?
-Қандай ертегі тамашаладық?
-«Шалқан» ертегісінен не түсіндік?
Автор: Балалар осымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды, рахмет сендерге!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Алима Ерекенова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 366 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 428 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 667 оқылым 2 мин