Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН АУЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Bilimger Media
1 мин оқу 29 оқылым

ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН АУЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі "Цифрлық технологияларды қолдана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту" пилоттық жобасын іске қосты. Осылайша, еліміздің алты өңірінде шағын жинақталған мектептердің басшылары мен педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 2000-нан астам педагогі шағын жинақталған мектептерде оқу процесін цифрландыруда білім алуда.
Курстар "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген екі білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі: "Шағын жинақталған мектептерді басқарудағы цифрлық шешімдер" шағын жинақты мектептердің басшылары үшін және "Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану" шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін.

Оқытудан кейін шағын жинақталған мектептердің директорлары білім беру жүйесін диджитализациялаудың нормативтік-құқықтық және теориялық негіздерін меңгереді, цифрлық өзгерістер жағдайында пәндерді оқытудағы тәсілдерді жаңарту үшін мектептің білім беру ортасын бейімдей алады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдері цифрлық немесе аралас оқыту форматының, синхронды және асинхронды коммуникацияның, саралау мен дараландырудың, кері байланыс беру үшін онлайн-сервистердің стратегиялары мен әдістерін пайдалана отырып сабақтарды жоспарлауды үйренеді.

Жобаны барлық өңірлерге масштабтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Алты аймаққа жоспарланған курстар қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Барлығы 5000-нан астам педагог оқытылады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 444 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым