Мазмұнға өту

«Ш» дыбысы және әрпі

Bilimger Media 3 мин оқу 887 оқылым

Мақсаты:

Білімділік: Балаларды «Ш» дыбысымен, әріп таңбасымен дыбыс артикуляциясымен таныстыру, балалардың «ш» дыбысы бар сөздерді ойлап табуына назар аудару.

Дамытушылық: Балаларды «Ш» дыбысын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға машықтандыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Тәрбиелік: Балаларды «Ш» дыбысын дұрыс айтуға, қуыршаққа көмектесе отырып, аяушылық, қамқорлық қасиеттеріне баулу.

Көрнекілік құралдар: Слайд, кеспе әріптер, Ш дыбысы бар суреттер.

Шаттық шеңбері:

Күніміз ашық болсын!

Суымыз тұңық болсын!

Ауамыз таза болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Бәріміз бақытты болайық,

Бәріміз де дос болайық!

Қайырлы күн балалар!

-Балалар, бүгін бізге апайлар қонаққа келіп отыр амандасып алайық.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Бір аптада неше күн бар?

- Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)

- Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дыбыс екіге бөлінеді)

- Қандай? (дауысты, дауыссыз)

- Дауысты дыбыстар қалай айтылады (созылып)

- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады (қысқа)

- Әріп деген не? (жазамыз, көреміз)

- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- Балалар біз мультфильмдер көреміз бе?

- Қандай мультфильмдер білеміз?

- Мынау қандай мульфильм, қалай аталады?

- «Алға Диего» (видеороликтен мультфильм көрсету)

- Алға Диего!

- Сәлем достар! Менімен саяхатқа шыққыларың келе ме?

- Иә

- Олай болса менің бір шартым бар. Сіздерге тапсырмалар берем, егер сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, саяхатқа бірге шығамыз. Келісесіңдер ме?

- Иә.

Диего: Жарайсыңдар достар! Сендерге ризамын ендеше саяхатымызды бастайық.

- Саяхатымызды бастаймыз.

1-ші тапсырма: Ойын: «Көп ойла, тез ойла»

Шарты: У дыбысына байланысты сөздер тауып айту.

Уық, уыз, тауық, ұлу,аққу,т.б.

Жаңа сабақ.

Кішкентай маймылға тал басынан банан алып беруге көмектесу.

- Ол үшін бізге не қажет?

- Талға шығу үшін әрине баспалдақ керек.

- Ол үшін мына тапсырманы орындау керек.

2-ші тапсырма:

Жұмбақ шешу:

Қыста үйге кірмейді

Көктем шықса жүрмейді (Шана)

- Шана деген сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз осы «Ш» дыбысымен танысамыз

- Қане бәріміз айтып көрейікші. ШШШ

- Ал енді ААА дыбысын қайталайық

- ААА дыбысымен салыстырайық. Ш дыбысын а дыбысы сияқты еш кедергісіз айта аламыз ба?

- Себебі тіл, тіс, бөгет жасайды осындай кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз, оларды көк түсті текшемен белгілейміз,

- Ш дыбысы қандай дыбыс?

- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?

- Құстарға балапанын жыланнан құтқаруға көмектесу.

3 -ші тапсырма: «Кім шапшан»

Шарты: Суреттен Ш әрпінен басталатын сөздерді атап, буынға бөлеміз.

4 -ші тапсырма: Жыланның тапсырмасы:

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып - ұшып алайық,

Қане, қайта қонайық.

5-ші тапсырма « Кім жылдам, тез тап».

Мақсаты: балалар тақтадан көру арқылы тірек сызба бойынша қатесіз буындарды оқыту, есте сақтау

Ш- А, ША,ША, А-ША АША,АША

Ш-А, ША-НА, АЛ-ША, ША-ШУ

6-ші тапсырма: Қоянды судан құтқару.

- Ол үшін бізге не қажет?

- Әрине, дельфин қажет.

- Дельфиннің тапсырмасын орындайық.

Буынұйқас

Ша-ша-ша

Қысы- жазы бір түсте шырша.

Шу-шу-шу

Тойдағы шашу

Шы-шы-шы

Әкем менің аңшы

7-ші тапсырма: - Аюға бал жинауға көмектесу.

-Аралардың тапсырмасы:

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы буын»

Шарты: Балалар дыбыстарға дыбыстық талдау жасау

ША-НА . Екі буынан тұрады, төрт дыбыс бар.

Ш- дауыссыз, А- дауысты, Н- дауыссыз, А- дауысты

Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Көркем етіп жазайық

-Ш дыбысын ауаға жазу. Дәптерлерінен Ш дыбысының баспа түрін жазу.

Диего: Жарайсыңдар, достар, мен сендерге ризамын. Барлығыңа Қадыр Мырза Әлінің өлең жолдарын айтып берулеріңізді өтінемін

Мен кәдімгі шалғымын,

Қыстай біраз қалғыдым.

Мені көрсе шілдеде,

Жапырылар шалғының.

Қортындылау:

- Біз қандай дыбыспен таныстық?

- Ш дыбысы қандай дыбыс?

-Ш дыбысына байланысты қандай сөздерді үйрендік?

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Ш дыбысының ерешеліктерімен толық танысты.

Түсінігі: Ш дыбысы бар сөздерді буынға бөле білді.

Көрсете білу: Шана сөзін дыбыстық талдау жасауды меңгерді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Мектепалды даярлық сынып

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Талғар ауданы. Бесағаш ауылы №45 мектеп-гимназиясының МАД сыныбының жетекшісі Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың тілдік дамуына ерекше назар аударылады. Жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда…

Махан Светлана Толыбайқызы 61 оқылым 1 мин
Мектепалды даярлық сынып

Отбасы құндылығы

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Мектепалды сыныбының тәрбиешісі Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды әрі қасиетті ұғымдардың бірі. Әрбір…

Бесикбаева Лаззат Сериковна 52 оқылым 1 мин
Мектепалды даярлық сынып

Ойын және топтық әрекет арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Даярлық сынып мұғалімі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицей Аннотация. Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйым жағдайында ойын және топтық әрекет арқылы балалардың коммуникативтік…

Сыздықова Гүлжан 134 оқылым 5 мин
Мектепалды даярлық сынып

Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы Тәрбиеші Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал…

Шегирова Шолпан Жумабергеновна 148 оқылым 8 мин