Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Сауат ашу әлеміне саяхат" ("Шегіртке мен құмырсқа" мысалының желісімен)

Муханова Амангул Курмангазиевна
2 мин оқу 587 оқылым

Тәрбиеші:  Муханова  Амангул  Курмангазиевна

Тобы:   «Болашақ» №2 Ересек

Күні:  22.11. 2019 жыл      Апта:  3

Білім    беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу   қызметі:  Сауат   ашу  негіздері

Тақырыбы:  «Шегіртке  мен құмырсқа» мысалының  желісі  бойынша,  сауат  ашуды  ұштастыру.

Мақсаты: Шығарма  мазмұнын  еске   түсіріп,  оны   талдай білуге,  сұраққа  толық   жауап  беруге   үйрету. Балалардың   ойлау   қабілеттерін  дамыту.Дыбыстарды  танып  ажырата білуге, буындап   оқуға  жетілдіру.

Жаман  іс-әрекеттерден  аулақ  болуға,  еңбекқорлыққа    тәрбиелеу..

Керекті   құралдар: Әріптер,  карандаш,  маркер,  таратпалы  қағаздар

Әдіс – тәсілі: Көрсету,  түсіндіру,  сұрақ-жауап

Жүру   барысы:  Ұйымдастыру

Адал,  жақсы   ниетпен,

Бар    адамға  бақ  тілеп

Жарып   шыққан  жүректен

Сөздің   бәрі    ақ  тілек.

-Қайырлы  таң    қонақтар!

  • Балалар қазір  жылдың   қай  мезгілі?
  • Күз мезгілінің   ерекшеліктері  қандай?
  • Бүгін аптаның  қай  күні?

Жаңа  тақырып:  

Жұмбақ жасыру:

  1. Белі қылдай   бүгілген,

Өзінен де  жүгі   ауыр.      (Құмырсқа)

Дұрыс  айтасыңдар,   бұл  шегіртке  мен   құмырсқа  қай  шығармада  кездесетін   еді?

Балалар:  Абай  Қ.  мысалында   кездеседі.  (экраннан  шығару)

-Абай  Қ   деген   кім?   Ағартушы,  аудармашы, компазитор, қайраткер,  ақын.

Мысал   арқылы   жаман   қасиеттерден   арылуға,  жақсылыққа    ұмтылуға  керек.

Оның   шығармалары   үш   саладан   тұрады?

  1. Өзі шығарған  шығармалары;
  2. Қара сөздері;
  3. Өзге тілден   аударған   шығармалары

-Құмырсқа   қандай  әріптен  басталып  тұр?

-шегіртке  қандай   әріптен   басталып   тұр?

Буынға  бөліп  көрейік. Неге  үш  буын бар? Себебі  сөзде  қанша  дауысты  дыбыс   болса  сонша   буын   болады.

-Қазақ  альфабитінде  неше  әріп бар?

- Неше   дауысты,   неше   дауыссыз  дыбыстар   бар?

-Дауысты   дыбыстар  мен  дауыссыз   дыбыстар  қалай  айтылады?

Дауысты   дыбыстар  еш   кедергісіз   айтылады,  дауыссыз  дыбыстар  кедергіге   ұшырап  айтылады. Дауысты  дыбыстар  нешеге  бөлінеді? Жуан және  жіңішке   айтылады

Дауыссыз   дыбыстар  қатаң,   ұяң,  үнді   болып   бөлінеді.

-Дыбыстардан  не  құралады?  Буын

- Буыннан   не  құралады?  Сөз   құралады

-Сөзден   не   құралады?  Сөйлем   құралады?

Бірнеше  сөйлемнен   мәтін,  әңгіме  құралады.

-Бұл   шығармада  Құмырсқа мен   шегіртке  қандай  сипаттама  беріп  көрейік?

Құмырсқа Ортақ   қасиеттері Шегіртке
Еңбекқор жәндік жалқау
пысық еріншек
ақылды ақымақ
сабырлы сауықшыл
Қайратты, қажырлы Әнші

Ендеше   Құмырсқа  шегірткеге   бірнеше   тапсырмалар  беріпті.Жалқау  Шегіртке  оны   орындай  алмайды.  Көмектесеміз  бе?

1.тапсырма   «Буындардан  сөз  құра  және  оқы»

Шарты: Балалар  үш топқа   бөлінеді. Берілген  буындарды  қатыстырып  сөз құрап  оқиды.

2 тапсырма: «Сурет   бойынша  сөздерді  жаз»

Шарты: Қағаздағы  суреттерге    қарап  аттарын   жазу, әр  сөздегі   дауысты  дауыссыз  дыбыстарды   ажыратып  жазу.

3.тапсырма: «Сөзерге  дыбыстық  талдау  жасау»

Балалар  тақтаға   бірнеше   сөз  жазып  дыбыстық  талдау  жасайды.

4 тапсырма: Схема  бойынша   сөйлем  құрастыр. (экраннан    шығару.)

-Жарайсыңдар   балалар!  Тапсырманы   дұрыс  орындап  шықтыңдар.

А. Құнанбаев  қандай  адамдарды жек  көрді?

Өсекші,   өтірікші,  мақтаншақ,  жалқау  адамдарды ұнатпады.

  • Біздерге неше   нәрседен  қашу   керек  екенін  ескертті?

Балалар:  Үш  нәрседен  қашу   керек  деді

-надандық; 

-залымдық;

-еріншектік;

Қорытынды:

Еңбек  туралы   мақал – мәтелдер;

1.Еңбек   етсең   ерінбей,

Тояды   қарның   тіленбей

2.Еңбектің   наны   тәтті,

Жалқаудың жаны  тәтті

3.Еңбек  түбі   береке,

Көптің   түбі  мереке

  1. Еңбектен  қашсаң,

Дөңбекке  жолығасың

  1. Еңбексіз   рахат   жоқ.

Мадақтау

Белсенді   қатысқан   балаларды  мадақтау

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Муханова Амангул Курмангазиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Ашық сабақтар

«Ертегі неше бөлімнен тұрады?»

Балалар «Бауырсақ» пен «Шалқан» ертегілерін бастапқы, негізгі және қорытынды бөлімдерге бөліп айтуға жаттығады. Сабақта ойындар, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен мақалдар қолданылады.

Муханова Амангул Курмангазиевна 2 мин 616 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 371 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым