Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сәлем, жайдары жаз!

Автор

Төменбай Айман Абдуллақызы
2 мин оқу 2 738 оқылым

Төменбай Айман Абдуллақызы

Мақсаты: Балалардың жаз мезгілі туралы ұғымын кеңейту, жаз айларының ерекшелігін ұғындыру, жазғы табиғат өзгерістерін бақылап, әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Жаздай жайдары көңіл-күй орнату, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жетекші:

Алақай-ау, алақай!

Той тойлайық, балақай!

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақай!

Балалар қол соғады.

Жетекші:

Балалардың бақшасында бүгін той,

Жаз мезгілі келді, оны біліп қой!

Қараңдаршы, балалар, ауа-райы қандай керемет!

Балалар: Иә.

Жетекші: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер!

Жұмбақ:

Көбелек те, гүлі де бір,

Қызыл-жасыл күллі өңір.

Аспан төрі ақша бұлт,

Бау-бақшада барша жұрт.

Саңқылдаған саз әні,

Көлде құстың базары.

Жидек пісіп толады,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Жазда болады.

Жетекші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл бәріміз жақсы көретін сүйікті жаз мезгілі!

Айтыңдаршы, жаз мезгілін біз не үшін жақсы көреміз?

Балалар: Жазда біз шомыламыз, күнге қыздырынып, күш жинап өсеміз, жазда біз туған жеріміздің әсем жерлерін аралап қыдырамыз, демаламыз. Қызықты ойындар ойнаймыз.

Жетекші: Ендеше, балалар, ендігі кезекті қызықты ойындарға берейік.

«Ынтымақ», «Бірлік» топтарын қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

Қай отбасының күшті, мықты, ауызбіршілігі мол екенін біз сайыста байқайтын боламыз.

Сайысымыздың төрелігін айтатын, әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Әділ қазылар алқасының төрайымы: әдіскер- К.Серікбаева

Мүшесі: психолог – Ж.Әбдіхалық

Енді сайыс түрлерімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 бөлімнен тұрады:

  1. «Түйілген орамал». Шығыршықтан өтіп, межеде жатқан түйілген орамалды келесі ойыншыға әкеліп беру, келесі ойыншы шығыршықтан өтіп оны орнына апарып қояды.
  2. «Кім жылдам». Доппен секіріп, межені айналып келу.
  3. «Жүйрік ат». Ағаш атпен шауып, межені айналып келу.
  4. «Түсірмей апар!». Күрекке салынған кішкене допты қолмен ұстамай, шелекке апарып салу.
  5. «Көбелекті қондыр». Туннель ішімен өтіп, жерде жатқан көбелектерді жіпке қыстырғышпен іліп қайту.
  6. «Күлімде күн!» Түрлі-түсті қағаз қиындыларынан күн құрастыру.

Әділ қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша қызықты бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Қағып ал да, жауап бер!»

Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз отбасылар марапатталады.

Жетекші: Жеңістеріңіз құтты болсын! Әрқашан биіктерден көрініп, жүре беріңіздер. Отбасыларыңызға бақыт, татулық, ауызбіршілік тілейміз.

Осымен «Сәлем, жайдары жаз!» спорттық ойын-сауығымыз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Сау болыңыздар!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Төменбай Айман Абдуллақызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 256 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 15 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 94 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин