Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сәкен Сейфуллин мектебінің 90жылдығы

Майгүл
3 мин оқу 67 оқылым

Сатымбай Майгүл Жыйғанбайқызы

Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп өзінің 90 жылдық мерейтойымен қатар белгілі қоғам қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығын атап өтті. Мектеп тарихы— терең әрі шежірелі. Бұл білім ордасы бірнеше буын шәкірттерді тәрбиелеп, еліміздің дамуына зор үлес қосты. Қоғамның сан саласында мықты маман болып, жемісті еңбек етіп жүрген азаматтардың алғашқы алтын ұясы болды.

Талғар аудандық Мәдениет үйінен бастау алған «Сәкен Сейфуллин – асқақ биік дара шың,
Болашаққа бастап бізді барасың!» атты әдеби – сазды сахналық кештің беташарында көрсетілген бейнеролик қарт шаңырақтың 90 жылдық тарихи шежіресінен сыр шертті. Іс-шарада ардагер— ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, сый—сыяпаттар табысталды. Белгілі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин атындағы қара шаңырақта үздіксіз еңбек еткен ардагер— ұстаздар арасында ҚР білім беру ісінің үздіктері, Еңбек Ері төсбелгісінің иегерлері өте көп. Осындай мықты мамандар тер төккен білім шаңырағынан 90 жылда түлеп ұшқан түлектердің қазіргі таңда жоғарғы қызметтер атқарған білікті басшылар , майталман мамандар, салиқалы азаматтар болғаны көңіл марқайтады. Мектеп шәкірттерінің «Болашақ бағдарламасы » бойынша шет елдерде білім алып, керемет жетістіктерге жетіп жатуы— білім ошағының сапалы жұмысының тағы бір дәлелі іспеттес. Аудан көлемінде өткен айтулы іс—шараға мектептің Алтын және Күміс медаль, Алтын белгі иегерлері де үлкен сағынышпен келіп қатысты. Меркеге арнайы келген зейнеткер ұстаздар мен 90 жылдың түлектерінің ыстық лебіздері көрермендерге өте әсерлі болды. Мектеп ұстаздарының орындауымен көрсетілген екі актілі спектакль Сәкендей алаш арысының өмірінен үзінді көрсетті. Ұлты үшін басын қатерге тіккен ұлы тұлғаның халқына жасаған қызметі тамаша сомдалды.Мектеп ансамблінің орындауындағы күй және 60 оқушыдан құралған хор тыңдаушыларға керемет әсер қалдырды.
Жиналған қауым мектеп ұжымына ыстық ықыластарын білдіріп, ардагер —ұстаздар шәкірттерге баталарын төкті. Алдағы уақытта да білім мен тәрбиенің алтын ұясы болуына тілек білдірді.

Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің бұл қос мерекесі — білім беру саласындағы жетістіктерді көрсетуге, сондай-ақ, жас ұрпаққа үлгі боларлық тарихи тұлғалардың мұрасын дәріптеуге арналған айтулы шара болды. Жоғары деңгейде өткен меркелік шараға «Ата- ана Мектеп Оқушы» үштігінің жұдырықтай жұмылған бірлігін көрсетіп, ата —аналар комитетінің төрайымдары мен Қамқоршылық кеңес мүшелері де келіп қатысты . Бұл іс—шара — көрермендер арасында отырған білім ұясының облыс жүлдегері «Адал ұрпақ» командасы құрамы, Алтын белгі үміткерлері, сынып көшбасшылары мен озат оқушыларының жігерін жалындататын үлгі болғаны анық.
Мәдениет үйінен кейін қонақтар мектеп алдына тігілген қазақ үйлердегі дастарханнан ауыз тиіп, Сәкен Сейфуллин музейін тамашалады. Мұрағат меңгерушісі, көп жылдар еңбек сіңірген ардагер —ұстаз, Бауыржан Момышұлы атындағы «Шапағат » төсбелгісінің иегері Босқымбаева Анартұрсын Мысақынқызы қонақтарға әсерлі әңгімесін айтып,мұрағаттармен таныстырды. Мектеп түлегі Б. Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова мұражай альбомына қолтаңба қалдырды, шәкірттерге аналық ақылын айтып, бата берді.
Салтанатты іс-шараның соңын Сәкен атамыз бен мектеп ұжымынан бақилық болған жандардың рухына бағышауға жайылған ақ дастархан қорытындылады. Ас үстінде ардагер— мұғалімдер бүгінгі алған әсерлерін бөлісіп, жастық шақтарымен қауышқандай болғанын айтып алғыстарын жаудырды. Ауқымды да берекелі іс— ынтымақты ұжымда еңбек етіп жатқан 170 ұстаз бен техникалық қызметкердің жұмыла жасаған қызметінің нәтижесі екені аңғарылып тұрды. Келген қонақтарға құрмет көрсетіп, асқан қонақжайлылық танытқан білікті мамандардан құрылған ұстаздар қауымының ерекше еңбекқорлығы бірден байқалады. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да заманауи білім беру мен тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіруді мақсат тұтады. Білім ордасының қазіргі басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Мушрапилова Замзагул Төлеубековнаның ұйымдастыруымен жоғарғы деңгейде өткен бұл іс — шараның тарихи және тәрбиелік маңызы зор екені даусыз .

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Майгүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым