Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Гулшат
3 мин оқу 677 оқылым

ІІ кіші тобына арналған

ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Сабын көпіршіктерімен ойын»  (ауладағы  жазғы ойын әрекеті)

Мақсаты:

  1. Балаларға сабын көпіршіктерімен ойнау ережерелерін үйрету;
  2. Терең дем алу, дем шығару жаттығуларын ойын арқылы дамыту;
  3. Қауіпсіздік ережелерінің қарапайым қағидаларын есте сақтауға, достарна қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Қостілділік  компонент (сөздік жұмыс): сабын көпіршіктері –мыльные пузыри; вредно –зиян; туған күн –день рождения; құттықтау –поздравить.

Керекті материалдар:  Бала басына сабын көпіршіктері, « Туған күн» сюжеттік ойыны.

Қызмет-

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық

-

қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды ертіп, ауладағы күркеге жақындап келгенде, көңілсіз отырған Айгүл атты қуыршақты байқап қалады.

-Балалар Айгүл қуыршақ неге көңілсіз отыр екен?

-Қалай көңілін көтерсек екен?

Балалар оқиғаны білуге назар аударады.

Олар ойланады.

-Біз таптық, оған мереке жасайық.

Ұйымдастырушылық-ізденістік (оқиға әрі қарай күркеде өрбиді)

- Айгүл неге сенің көңіл күйің жоқ?

Айгүл үндемейді.

-Кәне ,балалар Айгүл неге көңілсіз екенін сұрайық.........

–Жоқ, балалар, Айгүл  ауырып тұрған жоқ екен, бүгін Айгүлдің туған күні, ал оны ешкім құттықтамаған екен.

-Ой,  Айгүл біздің балалар білмей қалды, сен ренжіме саған балалар керемет мереке  жасайды.

–Бірінші біз қуыршақ Айгүлге арнап ән саламыз:

- Енді балалар,  құттықтау тілектеріңді білдіріңдер.

- Балалар Айгүл  сендерге   алғысын  білдіріп жатыр.

Балалар, біз қуыршаққа арнап ән салдық, жақсы тілектер айттық, енді ойын ойнайық:

- Балалар сендер қандай ойын ойнауды ұсынасыңдар?

- Балалар Айгүлге тосын сый жасайық:

Бір, екі, үш!

(тәрбиеші сабын көпіршігін қолдану ережесін айтып өтеді)

- Балалар қандай тамаша ,біз бүгін Айгүл қуыршақтың мерекелік көңіл- күйін туғыздық. Ол риза болып қуанып қалды. Рахмет сендерге!

Ойланады.  Айгүлге сұрақтар қояды.

- Қай жерің ауырып тұр?

- Суық су іштің бе?

- Әлде біреу ренжітті ме?

- Онда саған не болды?

Балалар келіседі.

Балалар қуыршақ Айгүлді ортаға алып шеңбер бойлай

тұрады. «Каравай» - әуеніне салып ән айтады.

Балалар өз тілектерін білдіруге тырысады:

- Айдай әдемі бол!

- Күндей сұлу бол!

-Ақылды бол!

–Достарың көп болсын!

-Айгүл сен ешқашан ауырма!

- «Үрпек төбет», «Күн мен жаңбыр»,«Пойыз»- ойындарын ойнауды  ұсынады.

Балалар шеңбер бойлап тұрады,қуыршақты ортаға  алады.

Барлық бала сабын көпіршігін алып үрлеп қуыршақты қуантады.

Сергіп дем аламыз:

Қуыршақ, қуыршақ тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Балалар қуыршақты ортаға алып шеңбер бойынша отырады.

Әндете отырып,  қимылдарды қайталайды.

Сөздік жұмыс: Сабын көпіршіктері –мыльные пузыри; вредно –зиян; туған күн –день рождения ; құттықтау –поздравить.
Рефлексиялық- түзетушілік

-Балалар, Айгүл неге көңілсіз екен?

- Біз Айгүлдің көңілін көтеру үшін  біз не істедік?

-Мереке сендерге ұнады ма?

-Иә, балалар сендер бүгін мерекеге өте белсенді араласып өз достарыңа керемет сый жасадыңдар. Рахмет!

-Айгүлді туған күнімен ешкім құттықтамады.

- Өлең, тақпақ айттық,тілек білдірдік.

-Қызықты ойындар ойнадық.

-Сабын көпіршіктерімен тосын сый жасадық.

-Иә, мереке бізге қатты ұнады.

Балалар қуанып қалады.

Мереке әрі қарай жалғасады (аулада көңілді билер биленеді, дербес ойындар ойналады) Балалар риза болады, қуанды.

Балалар  әр түрлі ойындар ойнап, би билейді.

Күтілетін нәтиже :

Біледі: терең дем алып және дем шығару арқылы, сабын көпіршіктерімен ойнау ережерелерін;

Игереді: қауіпсіздік ережелерінің қарапайым қағидаларын;

Меңгереді:  байланыстыра сөйлей отырып, өз ойларын білдіруді;  достарына қамқор болуды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Гулшат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Туған жерім тұғырым

Балабақшадағы музыка сабағы туған жерге сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Жоспарда ән тыңдау, ән айту, өлең жаттау және аспапта ойнау әрекеттері берілген.

Гулшат 3 мин 71 оқылым
Балабақша

Менің қанатты достарым

Балалар құстардың түрлері мен дыбыстарын танып, тақпақ айтады, ойындар мен қимылдарды орындайды. Сабақта пингвинмен танысуға арналған қызықты сәт бар.

гулшат 3 мин 242 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру сапасын  арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану

Материалда балабақшадағы білім беру сапасын арттыру үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану мәселесі қарастырылады.

Гулшат 14 мин 291 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 892 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым