Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сабақтың тақырыбы: «Ойын арқылы бала тілін дамыту»

Орманкулова Венера Рыскуловна
2 мин оқу 69 оқылым

Сабақтың тақырыбы:  «Ойын арқылы бала тілін дамыту»

Сабақтың мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту. Ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.

  1. Шаттық шеңбер.

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта,

Ойнайық та күлейік.

  1. Ұсақ қол моторикасын дамыту «Саусақтар сәлемдеседі».

Орындалу тәсілі: Басбармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру.

(Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек).

Конец формы

Начало формы

Конец формы

«Жұдырық, тақтай,  алақан»

Орындалу тәсілі: Алақанды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою.Осы қимылды кезектестіріп, тез орындау.

  1. Артикуляциялық жаттығулар :

Сурет арқылы көрсету.

  1. Тыныс алу жаттығулары.

1) «Жылан» - Қолдарымен жыланды ұстап, түтікшемен үрлеу.

2) «Бақа»- Тынысымыз жақсы болу үшін, түтікшемен үрлесек, бақа ауызын    ашады.

3) «Еліктің мүйізі» - Түтікшемен қатты бар күшімізбен үрлейміз.

4) «Балықты суға жібер» - Түтікшемен ішке қарай тынысты тартып, балықты аулап, суға жіберу.

- Жарайсыңдар , балалар!

  1. Жаңа сабақ: «Ойын арқылы бала тілін дамыту».

- Ал, балалар, ойынымызды бастайық.

  1. «Балық аулау» ойыны.

-  Балалардың қол моторикасын дамытуға арналған ойын.

-  Балалар, қармақпен магнит арқылы көлдегі

(Аулаған балықтарды шелектерге салу)

- Ал, балалар, біз не істедік? (балықтарды қармақпен ауладық)

- Ал, енді балалар, қайталап айтайықшы (балық, қармақ)

- Аулаған балықтарды қандай ыдысқа салдық? (шелекке)

- Қайталап айту (шелек)

  1. «Ілгішпен шелекті тарту»

 Шарты: Балалар  қолдарына ілгіштерді ұстап, шелектерді тартады. Әр балаға 3 шелектен беріледі.

- Ал, балалар біз не істейміз?

- Біз ілгішпен шелекті тартамыз.

- Ал, балалар, шелекті балықтарымен бірге  ілгішпен тартып  үстел үстіне қояйық.

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар, осы аулаған балықтарымызға шыбындар қонбас үшін, бақамен  бірге шыбын аулайық.

  1. «Шыбын аулау»

 -  Бақамен  бірге шыбын аулайық.

-  Ал, балалар, бақамен бірге балықтарымызға шыбындар қонбас үшін, барлығын аулайық.

-  Балалар, қайталап айтайықшы, шыбын, балық, бақа, шелек.

-  Жарайсыңдар, балалар!

  1. 9. Мимикалық жаттығулар жасау.

-  Құлағын ұстап тұрған Мерсад.

-  Тілін шығарып тұрған Рамзан.

-  Көзін жұмып тұрған Айсұлтан.

-  Ауызын ашып, мұрнын ұстап тұрған Нұрали.

  1. Сергіту сәті:

Қолымызбен хлоп-хлоп,

Аяғымызбен топ-топ,

Тарсылдаймыз тук-тук,

Үндемейміз, қараймыз.

-Жарайсыңдар, балалар!

-Ал, жігіттер, Рамзан, Әли, Мерсад, Айсұлтан келесі ойынымызды ойнайық.

  1. «Футбол ойнау»

-  Саусаққа киетін бала жасап, футбол ойнату.

-  Балалар, екі саусағымызбен жүгіріп футбол ойнайық.

-  Балалар, біз не істедік?

-  Доп, футбол, балалар.

-  Жарайсыңдар, балалар!

-  Ал, енді балалар, соңғы ойынымызды  ойнайық.

  1. « Жіпті орау»

-  Дөңгелек үстелдің шет-шетіне жіп байлап, балалар жарысып ораулары керек.

  1. Релаксация «Теңіз» дауысы. (видео теңіздің бейнесі)

- Балалар, жарайсыңдар, біз бүгін тілімізге арналған жаттығулар жасадық (қайталату), тыныс алуға арналған жаттығулар жасадық, әр түрлі қолымызға арналған жаттығулар жасадық. Ойындар ойнадық.

- Жарайсыңдар!

- Сендерге сабаққа керемет қатысқандарың үшін сыйлығым бар.

- Рахмет сендерге!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Орманкулова Венера Рыскуловна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 333 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым