Мазмұнға өту

Сабақ жоспары

Садвакасова Гүлнұр Мұратқызы 3 мин оқу 477 оқылым

Ашық сабақтын тақырыбы: «Сиқырлы математика еліне саяхат».
Садвакасова Гүлнұр Мұратқызы
Ақмола облысы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы
Тәрбиеші
Сабақ жоспары

Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту. Кеңістікті бағдарлауды жетілдіру. Жұмбақтар шеше білуге дағдыландыру.
Білімділік: Сандарды тура және кері атауға дағдыландыру. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру жни кеңістікті бағдарлай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды жетілдіру.
Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Қостілділік сыңары:Бір-один-one,екі-два-two, үш-три-tree,төрт-четыре-four,бес-пять-five.
Көрнекіліктері: Сандар, пішіндер, құрсау, мнемокесте,ноутбук.
Әдіс - тәсілдер: жылулық шеңбер, қызықты сәт, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, тапсырмалар, сан туралы тақпақтар, әңгімелеу,жұмбақтар жасыру, дьенеш блоктары,триз.
Сөздік жұмысы: құрсау
Алдын-ала жұмыс: сандар туралы тақпақтарын жаттату.

I Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар бүгін бізде ерекше күн қарандаршы бізге қонақтар келді.
алдыменен қонақтармен амандасып алайық.
2.Жылулық шеңбер:
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық!
Жүрек жылуын алайық!
Жиналған жылы шуақты!
Қонақтарға сыйлайық!
-Балалар сендер саяхатқа барғыларын келеді ме?
-Қазір біз сиқырлы математика еліне саяхатқа аттанамыз.

«Түрлі – түсті пішіндер» аялдамасы
-Балалар саябақ аялдамасының мынадай тапсырмасы бар.
1-тапсырма:
Балалар үстел үстінде жатқан геометриялық фигураларды атап қана өте алады екенбіз.
-Айтып беріңдер, қандай фигуралар көріп тұрсыңдар? Және оны түспен реттеп койып шық.

«Сандар саябағы» аялдамасы
-Балалар, қараңдаршы келесі аялдамаға жету үшін көлдің үстінде жатқан сандарды секіріп қана өте алады екенбіз. Бірақ ол үшін ретпен секіру керек. Санап.
2-тапсырма
Балалар реттеп кезектен сандарды қайталай өте секіріп шығады.
- Жарайсыңдар балалар! Барлықтарын санды атап және тани біледі екенсіңдер. Мен сендер үшін қуаныштымын.

«Демалу орталығы» аялдамасы

- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар. Қәнекей бірге демалып алайық.
Сергіту сәті.
Балдай тәтті балалармыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасып бәріміз,
Жарасады сәніміз

«Санамақтар» аялдамасы.
- Балалар кім маған санамақтар айтып береді?
Дияс:
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
Аделя:
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ білемін.

Айзере:
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуінде ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.

Арлан:
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.

Айкөркем:
«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.

- Жарайсыңдар балалар!

«Шығармашылық» аялдамасы
1-топ:Сандарды тура және кері ретімен қою және санату.

2-топ: Тасбақада берілген сандарды тауып, ретімен қойып шығу.

3-топ:Сандарды ретімен қою және санату.

Қоштасу шеңбері:
- Балалар бүгін сендер жақсы жұмыс жасадың дар. Жарайсыңдар!
Сабақ соның қорытындылап белсене қатысқан балаларды мадақтау.
- Балалар бүгінгі сабақта біз не істедік?
- Қайда барлық?
- Онда қандай аялдамалар болды?
- Сендерге қай аялдама көбірек ұнады?
- Жарайсыңдар балалар, сендерге арналған тәтті сыйлықтарым бар! Сабақта бүгін барлықтарын белсенді болдыңдар!
Көріскенше күн жақсы.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: сандарды,пішіндерді,кеңістікті бағдарлауды.
Нені игерді:Санға байланысты заттарды сәйкестендіруді.Нені меңгерді: Тапсырмаларды орындауды , сұраққа жауап беруді ,логикалық ойлауын есте сақтауды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Садвакасова Гүлнұр Мұратқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин