Мазмұнға өту

Робототехника – болашақтың бағдары

Илмира 4 мин оқу 421 оқылым

      Алматы қаласы

      №177 бөбекжай-балабақша

      Налибаева Илмира Таңатқызы

                                        Робототехника – болашақтың бағдары

                                                                               «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру»

Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді»

Н.Ә.Назарбаев

Елбасының мақаласы қазақ еліндегі әр азаматтың жүрегінің түкпірінде жүрген ой толғауына қозғау салды. Әсіресе, елді мәңгілік ел ғып қалыптастыруға өз еңбегін аямай, тынымсыз еңбек ететін ұстаздар қауымы осы бағдарламаға қолдау көрсетіп,өз үлестерін қосуға белсене кірісті. «Рухани жаңғыру бағдарламасында жүктелген мақсат-міндеттердің жүйелі жүзеге асуы өскелең ұрпақ үшін аса маңызды» - деген пікірде.

Рухани жаңғыру - елдік, азаматтық патриотизм мәселелерін бала санасына сіңіру керек, үйрете беру қажет. Бізге мұның бәрі керек, ел болып тұруымыз үшін, ұлттық бірегейлігімізді сақтауымыз үшін керек. Осының бәрінің кілті- ұстазда деп ойлаймын. Сондықтан әрбір ұстаз қазіргі заман талабына сай жаңашыл, білімді, жан-жақты болуы тиіс.Ұстаз - ол ағартушы,мұғалім,оқытушы,жетекші және тәрбиеші.Сол себепті,рухани жан – дуниеңді түсінетін адамның бірі – ұстаз.

Елбасы мақаласында : «Қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс» - делінген. Қазіргі заман ұстаздары оқу-әдістемелік жұмыс барысында рухани тұрғыда білім мен тәрбие беру мәселесін басты назарға алу қажет. Елбасы мақаласының түп­қазығы, басты мұраты - барша қазақстандықтарды сан ға­сырлар бойы ата-баба арман­даған кемел келешекке жеткізу. Бұл жолда жылдар бойы ай­ны­мас серігімізге айналған қа­сиет­тер - достық, ынтымақ аса қажет. Ұстаз шәкірт бойына осы жақсы қасиеттерді сіңірте отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту болып табылады.

Президентіміздің - «Рухани жаңғыру» атты мақаласының   аясында аудандық семинар өткізілді. Балаларға «Рухани жаңғыру» мақаласын толықтай етіп түсіндіріп, сонымен қатар тарихи құндылықтарды таныту үшін балабақшамыздың меңгерушісі Нуршаева Эльмира Рүстемқызының қолдауымен осы тақырып аясында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылуда. Елбасымыз, төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенеді.

«Рухани жаңғыру» кабинетіне ою-өрнекпен безендірілген киіз үй, түс киіз, текемет, құрақ көрпе, сияқты қазақи нақыштағы заттар қойылған. Бұл бөлме арқылы балалар ұлтымыздың салт- дәстүрін үйреніп, тәлім-тәрбие алады. Осы орайда ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлерді дәріптеу мақсатында балалармен бірлесіп жұмыс жасаудамыз. Айта кетсек тағы «Рухани жанғыру»кабинетінде «Жеті ойыншық» тауарлық белгісі бойынша дайындалған ұлттық нақыштағы ойыншықтармен жабдықталған. Ойыншықтарды балалар өте жақсы көріп ойнайды.Ойыншық түрлері арасындағы біздің топтың қатты қызығушылық танытқан ойыншықтары ,қол моторикасын дамыту ойыншығы болды.Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында балабақша менгерушісінің қолдауымен Мектепалды даярлық « Ертөстік » тобын Робот технология тобы деп ашылды.

Жаңа технология мен инновация­лар­ды бүгінгі қолданысқа еркін еңгізудің негізгі алғышарты да осыдан бастау алады.

Әлемдік тәжірибеде бұрын барлығын техника, экономика шешеді деген сана қалыптас­қан еді. Ал, бүгінгідей күн санап даму үдерістері қарқын алған за­манда, қатып қалған ережеге сүйеніп емес, әр ұлттың өз ерек­шелігі, өз зияткерлік ұста­ны­мына сай, ұлттық сана ше­ше­тіндігін көрсетіп отыр. Шы­нында, кез келген халық білімді болса, не нәрсеге болсын бе­йім­деліп кетеді. Бірінші же­тістікке тез жететін экономика емес, ұлттық сана болады

Қазіргі таңда әлемде робототехника ғылымы кеңінен қолданыс табуда. Қазақстан дамыған елдер қатарынан көріну мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытына бетбұрыс жасап келеді. Ғылымның бұл түрі жайлы түсінік ерте жастан қалыптаса түскені абзал.        .

Білімді, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу жолында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра қызмет ету, еңбектену, іздену – бүгінгі педагог міндеті.

Топтың жұмысы техникалық өнім-моделін өз бетінше әзірлеу бойынша логикалық ойлауының дамуына, білік пен дағдыларының дамуына ықпал етеді.

Мақсаты:
Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды , сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру

Міндеттері:
Баладардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту.
Балалардың сыни ойлау дағдыларын арттыру
Мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын қалыптастыру
Балалардың дайыдығына қойлатын талаптар:
Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалау

Күтілетін нәтиже:
Түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау
Қарапайым роботтарды басқару
LEGO MINDSTORMS Education EV3 және LEGO Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу
Шығармашылықпен жұмыс жасай білу
Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойларды пайдалану
Құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану арқылы балалардың саусактарының ұсақ қимылдарын дамыту

Білімді, саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу жолында дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыра қызмет ету, еңбектену, іздену – бүгінгі педагог міндеті.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Илмира

Автордың басқа материалдары

Психология

Баланың ақыл-ой дамуын анықтау диагностикасы.

Алматы қаласы Алатау ауданы № 177 бөбекжай балабақшасы Педагог психолог: Налибаева Илмира Таңатқызы Баланың ақыл- ой дамуын анықтау диагностикасы. 6 жастағы балалардың гармониялық дамуы іс-әрекеттің жоғарғы жетістігін…

Илмира 409 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин