Мазмұнға өту

"Қызықты математика әлемі"

Кулзира 3 мин оқу 44 оқылым

Курбанбаева Кулзира

Білім беру саласы:                            Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері   (Монтессори ойын  элементтерін қолдану)

Мақсаты:                                            Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.Заттардың

түсін, көлемін, пішінін айырып,ұзын-қысқа,биік-аласа

ұғымдарын қолдана білуге үйрету.

5-ке дейін тура және кері санауды,кеңістікті бағдарлай

білуді,жеке тапсырмалармен жұмыс жасай білу

дағдыларын жетілдіру.

Керекті құралдар:                            Әр-түрлі пішіндегі кілттер,жеке балаға жұмыс

жасауға арналған монтессори құралдар,5 көлемінде

сандар карточкасы,.Кеңістікті бағдарлауға арналған

сурет,аудио жазба,музыка.

Оқу іс-әрекет кезеңі Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық кезең

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Шаттық шеңбері:

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті  ерекше болмақ.Себебі  бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге көптеген тәрбиеші апайлар қонаққа келіп отыр.

Достарымызбен,апайлармен амандасайық.

Сәлем досым! саған да,

Саулық тіле, маған да.

Сәлеметсіздерме , сіздерде,

Қуанып тұрмыз , біздерде.

-Балалар мен бүгін өте  қуанып тұрмын себебі  кеше  бір ерекше шақырту хат алдым  ол хатта «Математика патшалығының ханшайымы» бізді өзінің еліне қонаққа шақырып жатыр.

Таңғалдыру сәті:

Ой,балалар ол елге баратын қақпада үлкен кілт  тұр екен ғой енді не істейміз?

Қараңдашы мына жерге кілтер қойып кетіпті.

Балалар неше кілт  тұр санайықшы.

Ал,құлып нешеу?

Бұл кілттердің қайсысы  тура келетінін білмей тұрғаным.Кілтердің бәрі бірдей ме?

Ал,бізге қандай пішіндегі кілт дәл келеді?

Олай болса ашып қарайық, дұрыс таптыңдар балалар.

Математика әлемінің  есігі ашылды.

Аудио жазба: Жәрайсыңдар достар! Менің бірінші тапсырмамнан сүрінбей өттіңдер.Құттықтаймын!  Ғажайып математика патшалығына хош келдіңдер.Мен сендерге көптеген тапсырмалар әзірлеп қойдым.Менің барлық тапсырмаларымды мүдірмей орындап шықсаңдар математика елінің құрметті қонағы деген атаққа ие боласыңдар .

Менің тапсырмаларыма дайынсыңдар

ма ?

Тәрбиеші балаларға қалаған орындарына отыруға ұсыныс жасайды

Тапсырма орындау барысында жәй әуен ойнап тұрады,

Әр бала өзіне алдындағы  тапсырманы орындайды.

Жұмыс бастамас бұрын әр балаға алдарындағы құралдарға байланысты түсіндірме жұмыстар жүргізіп бағыт береді. (Жұмыс материалы бала санына жеткілікті және әр-түрлі болуы керек)

"Күн сәулесін жина"

(түс,пішін,ұзын,қысқа.сан)

"Биік және аласа үйлер"

(биік-аласа,санау,пішін)

"Мандарин тазалаймыз"

(пішін,түс,сан)

"Әртүрлі жолақтар"

(ұзын –қысқа ұғымдары)

"Не жетіспейді"

(қыстырғыштармен жұмыс)

"Әдемі моншақтар"

(Түрлі моншақтарды кезектестіре отырып тізіп шығу)

Жұмысын аяқтаған баламен жасаған жұмысы туралы сұрақтар береді.

Тәрбиеші:Балалар саусақтармыз шаршаған болар орнымыздан тұрып кішкене бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып жұмайық.

Содан соң қолды түсіріп ,

Иықтан кері жіберіп ,

Алдымызға созайық.

Алақанды соғайық

1-2-3-4-5

Тақтамен жұмыс:

Дид ойын:"Адасқан сандарды тап."

( Сандардың ретін анықтап , тура және кері санату)

Дид ойын:"Айгүлдің ойыншықтарын табуға көмектес"

(Кеңістікті бағдарлау,оң-сол,алдында,артында, үстінде, астында ұғымдарын бекіту)

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Бірінші қоңыраудан кейін құралдарын өз орындарына жинап қоюларын қадағалау.

Екінші қоңыраудан кейін балалар ортаға  жиналып шеңбер құрады.

Балалармен ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін талдау.Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Марапаттау сәті: Жұмыс барысында тазалаған мандарин беру.

Аудио жазба:

Менің кішкентай достарым! Мен сендерге ризамын  сендер ақылды да алғыр балалар екенсіңдер.Болашақ математика жұлдызары болатындарыңа мен сенемін сондықтан болашақ математика әлемінің кішкентай жұлдыздары деген марапат беремін.

Сау болыңдар!

(Балаларға жұлдызшалар таратылады)

Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды

Бір-бірімен қол беріп  амандасады

1-2-3-4-5

Біреу

Жоқ әртүрлі.

Үшбұрышты,тік төртбұрышты,шаршы пішінде,сопақша,домалақ пішінді кілттер бар.

Үшбұрышты себебі кілт салатын орын  үшбұрыш болып келген.

Аудио жазбаны мұхиат тыңдайды.

Әрқашанда дайынбыз

Балалар өздерінің қалаған орындарына жайғасады

Алдарындағы жұмыс құралдарымен танысады.

Тапсырманы қызығушылықпен орындайды.

Күннің пішіні домалақ,сары,сәулелері әр түрлі ұзын-қысқа т.б

Екі қатарлы үй бір қатарлы

үйге қарағанда биік,Шатыры үшбұрыш,түсі қызыл,қабырғалары тік төртбұрыш,терезелері шаршы.

Мандариннің пішіні домалақ,түсі сары  т.б

Қимылдарын жасай отырып сергіту жаттығуын орындайды

1-2-3-4-5

5-4-3-2-1

Санамақты бәрі айтады

Қимылдарын жасай отырып сергіту жаттығуын орындайды

Құралдарын мұхият жинастырады

Оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 5-көлеміндегі сандарды тура және кері санайды ,заттың кеңістікте орналасу ретін түсін,пішінін ажыратады.

Түсінеді: "Биік" ,"аласа" ,"ұзын", "қысқа" ұғымдарын дұрыс қолданады.

Меңгереді:Берілген тапсырманы түсініп,өз бетінше әрекет етуді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Кулзира

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Тоғайға саяхат

Курбанбаева Кулзира Білім саласы:Денсаулық,Таным,Қатынас Білім беру кіріктірілген ашық оқу қызметі:Сенсорика,Сөйлеуді дамыту ҰАОҚ тақырыбы: "Тоғайға саяхат" Смарт мақсат:Түстерді ,геометриялық пішіндерді…

Кулзира 26 оқылым 2 мин
Балабақша

Күн шуақтарын іздейміз (ойын сабақ)

Курбанбаева Кулзира Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Сенсорика Тақырыбы: Күн шуағын іздейміз. (ойын сабақ) Смарт мақсаты: Түстерді ,геометриялық пішіндерді таниды,атайды. Түстерді айырады,топпен,жеке әрекет ете…

Кулзира 31 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин