Мазмұнға өту

"Қызыл телпек"

Bilimger Media 2 мин оқу 62 оқылым

ҰІӘ тақырыбы: «Қызыл телпек» ертегісі

Автор: Махатова Гүлжан Бәйтемірқызы

балабақша тәрбиешісі, жоғары білімді, «педагог-сарапшы»

Мекеме атауы: «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «Балапан» бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

e-mail поштасы: makhatova.gulzhan@mail.ru

Күні 09.12.2022 ж
Тәрбиеші Махатова Гүлжан Бәйтемірқызы
Тобы Ортаңғы «Ботақан»
Бағыты Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Ұйымдастырылған  іс-әрекет Сөйлеуді дамыту ( кіріктірілген: көркем әдебиет, математика негіздері, сурет салу, жапсыру, музыка)
Тақырыбы «Қызыл телпек»
ҰІӘ міндеті ·       Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.

·        Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, ертегіні тыңдай білуге, суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту.

·       Балалар геометриялық фигуралар: үшбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді атай отырып, киімнің бөлігін тауып сәйкестендіре білу.

·       Сурет салу кезінде фломастерді, ермексазды дұрыс пайдаланып, қызыл, сары, жасыл негізгі түстерді қолдану.

·       Жапсыруда табиғи материалдарды қолдану, ересектер дайындаған элементтерді қағаз бетіне орналастыру.

·       Музыкамен жүруді ырғақты орындау, бірінің артынан бірі жүруге үйрету.

Ресурстары Қуыршақ театры, (алжапқыш, қуыршақтар), «Сиқырлы  кітап», «Бөлігін тап», «Қызыл телпектің қалпағы», «Түсін тап», «Қандай кейіпкер?», «Паравоз» ойындары.
Күтілетін  нәтиже Кітаптағы суреттерді қарастыра отырып, сұрақтарға жауап береді, оларды жай сөйлемдермен сипаттайды.

Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды, түсінеді.

Әдеби шығарма кейіпкерлерінің  дауыс ырғағы мен мәнерлілігін оларға еліктеп, жеткізеді.

Ұстау және көру тәсілдері арқылы геометриялық фигураларды зерттейді, атайды.

Жаңаны тануға ұмтылады, заттарды қызығып, қуанып зерттейді.

Негізгі түстерді дұрыс атайды, сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады.

Ересектер даярлаған желімді қағазды орналастырады, желімдейді.

Өткізілу барысы

Балалар, бүгін сендерді сиқырлы бөлмеге апарамын. Сендер сиқырлы бөлмеге барғыларың келеді ме?

Онда канекей сиқырлы бөлмеге пойызға мініп барайық, жарай ма?

«Пойыз» ойыны.

Шарты: балалар бірінің артынан бірі қатарласа тұрып, «Паравоз» әнін бірге айтып, сиқырлы бөлмеге барады.

«Қызыл телпек қыз» ертегісі. Балалар ертегіні (қуыршақ театры, алжапқыш арқылы) тамашалайды, тыңдайды.

«Сиқырлы кітап» ойыны.

Шарты: Балалар дайын жасалған қағаз фонар арқылы қітаптан ертегіні тамашалап қарайды, ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Бөлігін тап» ойыны.

Шарты: балалар қызыл телпектің киімінің бөлігін пішіндер арқылы тауып, пішіндерді атай отырып сәйкестендіреді.

«Түсін тап» ойыны.

Шарты: қызыл телпектің киімінің жыртылған жерлерінің түсін тауып, ермексазбен, фломастермен жамап бояйды.

«Қызыл телпектің қалпағы» ойыны.

Шарты: қызыл телпектің қалпағын желімді қағазбен қысқышты пайдалану арқылы жапсырады.

«Қандай кейіпкер?» ойыны.

Шарты: кленкаға салынған ертегі кейіпкерлерін жарықтың көмегімен ертегі кейіпкерлерін  тауып зерттейді және атайды.

«Қошатыр» ойыны.

Шарты: қолшатырда жапсырылған ертегі кейіпкерлерін атап, сұрақтарға жауап береді.

«Қандай кейіпкер жасылыды?» ойыны.

Шарты: кейіпкерлерді атап, жасырылған кейіпкерді табады.

Қызыл телпектің суретін балаларға үйде бояп келуге боямақтар береді.

Соңында балалар еркін ойындар ойнайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин