Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қызғалдақ

Төлепберген Жамиля Баубекқызы
2 мин оқу 46 оқылым

Төлепберген Жамиля Баубекқызы 
51 гимназия 11 «В» сынып оқушысы
Ақтөбе қаласы

Қазақстан — қызғалдақтың отаны. Қызғалдақтар көктемде түрлі-түсті түстерімен елді мекенімізді кілемдей құлпыртып, қазақ жерінің сұлулығын көрсетеді. Көктем бастала келе, қызғалдақтардың маусымы басталады.

​Халқымыз қызғалдақ гүлдерін әсемдіктің, нәзіктіктің символы ретінде бағалап, дүниеге келген қыз балаларына Қызғалдақ атымен атайды. Қазақ үй-жиһаздарына, ыдыс-аяққа, ұлттық киімдер, қыз-келіншектердің ұлтттық киімдерінде, қыз балалардың әшекей бұйымдарында, киіз үй әбзелдерінде қызғалдақ оюларының түрлерімен өрнектейді Үш, ,төрт, бес жапырақты қызғалдақ элементтерімен өрнектеп сәндейтін болған.

Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі, оның 18-і сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлер болып табылады. Олардың арасында тек Қазақстанда ғана кездесетін түрлері бар. Мәселен, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы сияқты түрлері Қазақстанның оңтүстік аймақтарында және Ақтөбе облысындағы Ырғыз ауданының оңтүстік - шығыс жағында, Шалқар ауданы шығысында өседі. Сонымен бірге Қызылорда облысында Арал теңізі маңында  Борщов қызғалдағы кездеседі. Бұл қызғалдақ- өте әдемі, сирек кездесетін өсімдік, қорғауға алынды. Осы түрлердің барлығы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастауымен 25 метрлік қызғалдақ мүсіні орнатылды. Себебі қызғалдақ қаланың символы саналады. 2018жылы 21қараша айында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Бұл мақалада  «Қазақстан –алма мен қызғалдақтың отаны» деп дәлелдеген. Елбасының бастамасымен Қазақстанның жеті қырына Қызғалдақ гүлі енді.

Елдің сәні,

Қызғалдақ гүл құлпырған

Жердің сәні -деп халқымыз қызғалдақты аса қадірлеп,нәзіктікке балап, сәнге, балауса қызға теңеген.

Бұл гүлдер табиғат сүйер қауым үшін көктемнің жарқын, айқын сәттерін бейнелейді. Олар жәй ғана гүл емес, сонымен бірге ел мәдениетінің, туризм саласының бір бөлігі, әсіресе Қазақстанның символдарының бірі. Қазірде Қазақстанда бұл гүлдердің жойылуының қаупі бар. Осыған орай, гүлдерімізді қорғау мақсатында олардын өсетін аймақтарында арнайы қорғауға алынған. Сондықтан да еліміздің болашағы үшін табиғатты аялап, сақтауға тырысайық.

Көктем гүлі-қызғалдақ

Қыр  гүлі- қызыл сары қызғалдақтар,

Сан түрлі әсем ойға саласыңдар.

Жайқалып жердің көркі алуан дақтар,

Табиғат шебер өрнек саласыңдар.

Гүл көктем көздің жауы қызғалдақтар.

Сағынып қапты дала көктем гүлін

Ал қызыл бала мінез қызғалдақтар.

Әр қазақ бұйымында мәңгі сақтал!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Төлепберген Жамиля Баубекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым