Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Қыз өсірсең - ұятымен!

Автор

Муратбаев Каныбек
1 мин оқу 578 оқылым

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ШЕРХАН МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ РУХАНИЯТ ЖӘНЕ ТАРИХТАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА, «ҚЫЗ ӨСІРСЕҢ - ҰЯТЫМЕН» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ. 

8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне қарсаңында Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы мен Жамбыл облысы Қазақстан студенттерінің Альянсының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 4-наурызында, сағат 11.00-де Көне Тараз» тарихи, этно-мәдени кешені, Руханият және тарихтану орталығының мәжіліс залында қыз балалар арасындағы инабаттылық пен сауаттылығын қалыптастыру бағытындағы «ҚЫЗ ӨСІРСЕҢ - ҰЯТЫМЕН» атты кездесу кеші өтті.

Кездесудің мақсаты – әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу және иманды да инабатты қазақ келіндерінің бейнесін қалыптастыру болып табылады.

Қыз – болашақ ана. Қыздың денсаулығы – ұлт саулығы. Бүгінгі таңда елімізде қыздардың, ана мен баланың денсаулығына ерекше назар аударылуда. Өкінішке орай заман ағымымен, еуропалық сана ықпалымен ұлттық тәрбие негіздері бұзылуда. Бұл өз кезегінде ұрпақ денсаулығына да, тәлім-тәрбиесіне де, ұл мен қыздың қарым-қатынасына да өз әсерін берді.

Іс-шара қонағы - «Құнанбай» фильмінде басты рөлдердің бірі, бір әулеттің емес, күллі қазақтың алып анасының үлгісіне айналған Абайдың әжесі Зеренің рөлін сомдаған актриса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, аяулы ана Нұрсифат Рахымбайқызы Салықова қатысты.

Іс-шараға 14-25 жас аралығындағы қыз-келіншектер және елге өнеге болып жүрген әпкелеріміз, апаларымыз қатысты.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Муратбаев Каныбек

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 414 оқылым 4 мин
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 16 оқылым 5 мин
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 208 оқылым 7 мин