Мазмұнға өту

Қысқы орман

Сарыбаева Оразгуль Атбайларовна 3 мин оқу 79 оқылым

Сарыбаева Оразгуль Атбайларовна
№13 «Шұғыла»бөбекжай бақшасы
Тәрбиеші


Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Балалардың зейінін сұр түстің қасиетіне аудару және әртүрлі заттардың айырмашылықтарына қарамай, ортақ сенсорикалық сипаты, түсі бойынша сәйкестендіруге үйрету; заттардың ұқсас қасиеттерін табуға және екі түрлі топтамаға аталған қасиеті бойынша бөліп алуға дағдыландыру. Балалардың қыстағы табиғат тіршілігіне қызығушылықтарын ояту; эстетикалық талғам мен мәдениетке тәрбиелеу.

СӨЗДІК ЖҰМЫС

Бала тілін"сәйкес", "түсі келеді", "түсі келмейді" сөздері арқылы жетілдіру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Бейнеролик көрсету, көркем сөз, дамытушы жаттығу, сергіту сәті, іс-тәжірибе

жаттығуы, аудио жазба тыңдау.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1. КӨРНЕКТІ МАТЕРИАЛДАР

Ормандағы қыс туралы бейнеролик (10 сек.); көрсеткіш; түлкі, қасқыр, қоян

кескіндері (қарындашпен салынған) мен шынайы суреттері; слайдта немесе

тақтада тігінен берілген тіктөртбұрышты түстер (қызыл сары, сұр, ақ); ырғақты,

темпі орташа көңілді әуен жазбасы.

2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Төсеніш, сүлгі, ыдыстағы қою ақ бояу, тіреуше, қара түсті қылқалам;

геометриялық пішіндер, түрлі геометриялық пішіндерге ұқсайтын сурет-

карталар.

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Бейнеролик көрсету.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

"Орманға қыс келді".(10сек.)

1.2. Көркем сөз. Жұмбақ жасыру.

- Не болған мына далаға?

Ағаштар аппақ тонда,

Бұталар аппақ болған,

Ақ жолдар ізге толған.

- Балалар, бұл қай жыл мезгілі? Иә, бұл қыс мезгілі. Қайталайық. Жарайсыңдар!

- Аппақ болып тұрған не? Дұрыс. Аппақ қар жауды. Қайталайық. Жарайсыңдар!

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. "Өз түсін тауып бер" дамытушы жаттығуы.

Түлкі, қасқыр, қоян бейнелерінің тек кескіндері (қарындашпен салынған)

көрсетіледі.

- Балалар бізге қонаққа ойыншықтар келді. Олар өз түстерін таба алмай жүр.

Көмектесеміз бе?

Тақтаға бірнеше түске боялған (қызыл сары, сұр, ақ) таратпа қағаздар

қатарынан жапсырылады. Немесе слайдта осы түстермен толтырылған

тіктөртбұрыш көрсетіледі.

Тақтаға бала шақырылады.

- Мереке, қай ойыншықты таңдайсың? Түлкіге қай түсті береміз? Осы түстер

арасынан қайсысына саламыз? Сонымен, түлкінің түсі қандай? Иә. Түсі қызыл

сары. Жарайсың!

Осы тәртіппен кескіндер көрсетіліп, балалар

Егер жаттығу слайдта орындалса, аталған кескін қажетті фонға салынып, сол

түске боялған боялып шығады.

Қоян кескіні ақ түске салынғанда "жоғалып кетеді".

- Ой, балалар, қоян қыста қасқырдан жасырынады, сондықтан оның түсі ақ

болды. Қоянның түсі қыста ақ. Қайталаймыз. жарайсыңдар!

2.2. Сергіту сәті. "Қоян қарда жүгіреді".

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

- Қоян далада жүгіреді,

Омбы қардан секіреді,

Бұта түбінде ақырын,

Сәбіздерді кеміреді.

Ырғақты, темпі орташа, көңілді әуен жазбасы қаттырақ қосылады.

2.3. "Түсті шығару" іс-тәжірибе жаттығуы. Жаттығу үстел басында орындалады.

- Балалар, қоян қыста неден қорқады? Иә, қасқырдан.

Қасқырға қажет түсті іздеп көрейік

Балаларға түсті карталарды көрсетіп отыру.

- Ақ пен қара қосылса, сұр шығады.

Жаңа түсті үлгі етіп, тақтаға жапсырып қою керек.

Балалардың әрқайсысында төсеніш, сүлгі, ыдысқа құйылған қою ақ бояу

болады. Тіреуше үстінде қара түс жағылған қылқалам тұрады.

Бала осы қылқаламды ақ бояуға малып, түстерді араластырады, жаңа бояу

шығарады.

Ақ - қара - сұр.

Баладан "Сенде қандай түс шықты?" деп сұрау керек.

- Міне, балалар, қасқырға да қажетті түсті тауып бердік. Қасқырдың түсі сұр.

Қайталайық. Жарайсыңдар!

2.4. "Ұқсайтыны не?" дамытушы жаттығуы.

Әр баланың үстелінде түрлі геометриялық пішіндерге ұқсайтын сурет-

карталардағы бейнелер жатады.

Бала өзіне берілген пішінге ұқсас бір-екі затты бір топтамаға жинайды.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Педагог балалардың білімдерін пысықтау үшін сұрақтар қояды:

- Балалар, бүгін оқу қызметінде қандай түстермен таныстық?

- Әртүрлі.

- Қыста ормандағы аңдардың жүндерінің түсі қандай болады?

- Қызыл сары түлкі, сұр қасқыр, ақ қоян.

- Жарайсыңдар, балалар!

- Балалар, қыста қай аңның жүнінің түсі өзгереді? Қоянның.

- Қоянның жүнінің түсі неге өзгереді? Басқа жыртқыш аңдардан сақтану үшін.

- Жарайсыңдар, балалар!

- Керемет, балалар, бүгін оқу қызметінде тамаша белсенді болдыңдар, рақмет!

Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сарыбаева Оразгуль Атбайларовна

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин