Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Қыс патшалығына саяхат"

Bilimger Media
4 мин оқу 3 215 оқылым

Өскемен қаласы, «Шығыс Балдырған»ЖШС балабақша-бөбекжайы Тәрбиеші: Садуақасова Эльвира Кокиевна

«Ақбота» ортаңғы топ балаларымен өткізілген қорытынды ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.                   

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта. Қатынас.Шығармашылық.

Ұйымдастырылған кіріктірілген оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру, экология, бейнелеу өнері.

Тақырыбы: «Қыс патшалығына саяхат».

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі , оның ерекшеліктері, табиғатта  қыста болатын қарапайым  өзгерістер жайлы, ағаштар жайлы білімдерін  түсініктерін бекіту. Құстар, жабайы аңдар, жануарлар, балықтардың қыстағы тіршілігі жайлы білімдерін толықтыру. Тілдерін, ойлау қабілеттерін, зейінін, шығармашылықтарын дамыту. Әсемдікке баулу, табиғатты сүюге, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: табиғат, қамқор болу.

Көрнекіліктер: Қыс мезгілі жайлы суреттер, «Қыс қызығы» атты буклет,

«Қыс ханшайымының» хаты, ақшақар бөлшектері, «Қыс» тақырыбына арналған слайд-шоу, жабайы аңдар мен құстар, балықтар суреттері.

Қажетті құралдар: Әр балаға сурет дәптерлері, ақ, түсті акварель бояуы, мақта таяқшалары, тұғырлар, сулы шүберектер, су құйылған ыдыстар.

Алдын-ала балалармен жасалынған жұмыстар: серуенде табиғатты бақылау, көркем әдебиетті оқу (қыс туралы жұмбақтар шешу, тақпақтар жаттау, жануарлар тіршілігі жайлы әңгімелер оқып беру), тәжірибе жасау (қар мен мұздың жылы жерде еріп кететіндігі жайлы), ән айту, музыка тыңдау, «Қыс» тақырыбына слайд тамашалау

 Жеке жұмыстар: «Жыл мезгілдері»(«Қыс») тақырыбына суретті альбом жасау, тамашалау, «Жыл мезгілдері» танымдық  лото- ойынын ойнату, ақшақар жасап көрсету.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Рефлексиялық- түзетушілік

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіз білдіру.

Таңғажайып сәт: «Қыс ханшайымынан» хат келеді.

Ол балаларды «Қыс патшалығына» саяхатқа шақырады. Саяхатқа шығуға ақшақар көмектеседі.

Ол үшін ақшақар бөлшектерінде жазылған тапсырмаларды орындап, ақшақарды құрастыру керек делінген. Әр бөлшекті құрастырған сайын слайдтан қысқы табиғат көрінісі ашылып отырады.

1-бөлшек:

- Қыс мезгіліне тән ерекшеліктерді, қыс айларын  ата.

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді,

Аузы жоқ ұлиды. Ол не?

Тыныс алу жаттығуы

( Боранның дауысын салу: у-у-у)

2-бөлшек:

Қар мен мұз туралы жасырылған жұмбақтарды шеш.

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады. Ол не?

Отқа салса жанбайды,

Суға салса батпайды. Ол не?

3-бөлшек

Жұмбақтарды шеш.

Күн жылынса киінді,

Суытса шешті киімді. Ол не?

Тікен-тікен тік пісте

Қысы, жазы бір түсті.

4-бөлшек

«Қандай қыстық ойын?» дидактикалық ойынын ойнату.

Шарты: Суреттерге қарап, қандай қыстық ойын түрлері екенін табуы керек

5-бөлшек:

- Қыстап қалатын құстар жайлы айтып бер. (Суретін тауып алып, атын атап, ағашқа орналастыру).

6-бөлшек:

Жабайы аңдар жайлы жұмбақтарды  шеш.

Қорбаң –қорбаң етеді,

Орман оның мекені

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді.                          Ол не?

Сұр түсті

Ақсиған көп тісті. Ол не?

Өзі айлакер, қу,

Жүрген жері айғай да  шу. Ол не?

Ағаштан ағашқа секірген

Кішкентай ғана шапшаң аң.

Қыста табиғатқа қалай қамқорлық жасау  керек екенін түсіндіру.

(Ақшақар құрастырылады).

Сергіту сәтін жасату:

(қимылмен көрсету)

«Қар жамылған орман» суретін салуды ұсыну.

Көкшіл түсті параққа ақ акварель бояуы мен мақта таяқшаларының көмегімен жауып тұрған қарды жасату.

«Басып-басып бояу» әдісін түсіндіру. Болған соң, қолдарын сүрту, жұмыстарын бір композицияға біріктіру, тамашалау.

Қорытындылау, бағалау.

Бүгін немен айналыстық?

Не жайлы әңгімелестік?

Саған не ұнады?

Көңіл-күйің қалай?

Қандай әсер алдың?

Шаттық шеңбері:

Ойымызда санамыз,

Біз ақылды баламыз.

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз!

Қызыға тыңдайды.

- Алақай, хат келді!

- Орындаймыз. Ақшақарды құрастырамыз.

Саяхатқа барамыз.

- Қыста ауа райы суық болады, аяз болады. Жерді қар жапты, мұз қатып жатыр, боран соғады. Жылы киініп жүрміз. Желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс айлары.

- Ол- боран

Тыныс алу жаттығуын орындайды.

Боранның дауысын салады: у-у-у.

2-тапсырма:

- Ол- қар.

- Ол-мұз.

3-тапсырма:

- Ол- ағаш.

- Ол - шырша.

4-тапсырма:

-         Суретте шаңғы тебу ойыны бейнеленген.

-         Суретте «қар атысу» ойыны бейнеленген т.б

5-тапсырма:

- Қыстап қалатын құстар: қарға, сары бауыр шымшық, сауысқан, көгершін, торғай, тоқылдақ, суықторғай қыста ұшып келеді.

6- тапсырма.

- Ол-аю.

- Ол-қасқыр.

- Ол- түлкі.

- Ол- тиін.

- Иә, табиғатқа адамдар қамқор болулары керек. Жем беру, қорғау, мазаламау керек.

- Алақай, тапсырманы орындадық, сөйтіп, ақшақар құрастырылды. (қуанады)

Сергіту сәтін жасайды:

Уақыт мол бөлеміз,

Қыс қызығын көреміз.

Сары аязда шыңдалып,

Шымыр болар денеміз.

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа,

Қар атысып ойнаймыз

Қыс қызығы тамаша.

- Жарайды. «Қар жамылған орман» суретін саламыз.

- Мен ақ бояуды алып, таяқшамен басып, қарды бейнеледім. Мен көп жауып тұрған қарларды жасадым.

- Орман қар жамылып тұрған сияқты.

- Менің суретім өзіме ұнайды.

- Қыс жайлы әңгімелестік. Жұмбақтар шештік. Теледидардан қысты тамашаладық.. Ойын ойнадық.. Маған ойын ұнады. Сыйлық ұнады. Сурет салған ұнады.

Менің көңіл күйім жақсы.

Барлық суреттер әдемі екен.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілі жайлы.

Игереді: табиғатта болатын қыстағы қарапайым өзгерістерді.

Меңгереді: табиғатқа қамқор болуды, қорғауды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым