Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Қымбатшылық қос бүйірден қысып тұр

Автор

Айзада Секен
2 мин оқу 30 оқылым

Мақала авторы: Айзада Секен; Тұран университеті журналистика факультетінің 2 курс студенті

Азық түлік бағасы асқындап тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қыркүйегінде азық-түлік тауарларының бағасы былтырғы жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 22,2%-ға өсті. Азық-түлік емес тауарлар 17%-ға, ал ақылы қызметтер 12,3%-ға қымбаттады. Жалпы жылдық инфляция 17,7%-ға жетті деп хабарлайды LS агенттігі.

Қымбатшылық, әсіресе, Маңғыстау облысында байқалады. Мұндағы инфляция көрсеткіші – 21,7% және Астанада 20%-ға жеткен. Алматыда бұл көрсеткіш 17,3%-ға тең. Тауарлар арасында А4 қағазы екі есе қымбаттады. Ал құмшекер – 80,8%, кір сабын 68,9%-ға шарықтаған.

Тамызбен салыстырғанда инфляция қыркүйекте 1,8%-ға өсті. Атап айтсақ, ақылы қызмет құны 2,7%-ға көтерілген (тамызда 1,6%- ға өскен). Ал азық-түлік емес тауарлар 1,9%-ға қымбаттады. (тамызда 1,8%-ға өскен). Азық-түлік тауарлары – 1,2%-ға (тамызда 1%-ға) шарықтаған. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттарға баға 5%-ға, жуу және тазалау құралдарына – 4,4%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарларға2%-ға, киім мен аяқ киімге1,9%- ға өсті. Отын 3%-ға, тас көмір 2,9%-ға, баллондарда сұйытылған газ 1,5%-ға қымбаттады.

Ұлттық банк есебінше жыл соңына қарай Қазақстанда инфляция деңгейі 18 пайызға дейін өсуі мүмкін. Соған сәйкес тауарлар да қымбаттай береді дейді төраға Ғалымжан Пірматов. Бұл әсіресе, табысы төмен тұрғындарға қиын тиеді.

Украинадағы қарулы қақтығыс, Ресейге салынып жатқан санкциялар жағдайды одан әрі ушықтырып отыр.

АҚШ-тағы жылдық инфляция соңғы 40 жылда алғаш рет 8 проценттен асты. Экономистер бұған мұнай шикізаты мен басқа тауарлардың қымбаттауы себеп дейді.
Сондай-ақ Financial Times-тың хабарлауынша, инфляцияға Украинадағы соғыс та кері әсер етті. Негізі кері кету үрдісі пандемия кезінде басталған. Коронавирустың кесірінен фабрикалар жабылып, тауар жеткізу ісі бұзылды.
“Дәл қазір бізде азық-түлік және жанармай дағдарысы қатты ушығып тұр. Тауар жеткізу ісінде пайда болған кедергілерді реттеуге әлі біраз уақыт керек болады. АҚШ-тың Федералды қор жүйесіне жыл бойы пайыздық мөлшерлемені көтеру керек. Тек сонда ғана бейтарап деңгейге жетуге болады деп сенемін", - дейді қаржы сарапшысы Грег Макбрайд.

Америкалықтар қымбатшылық сезіліп жатқанын айтады. Осыған байланысты президент Джо Байденді қолдау рейтингісі төмендеп барады. Оның Франциядағы әріптесінің де бәсі төмендей бастады.
Президент сайлауының екінші кезеңіне жолдама алған Эммануэль Макрон үшін осы инфляция нағыз сынақ болғалы тұр. Бұған дейін Париж газ және энергетика саласына көмекқаржы бөлу арқылы бағаларды ұстап тұрған еді. Десе де соңғы 12 айда инфляция деңгейі 5,1 процентті құрады. Мұндай көрсеткішті экономистердің өзі күткен жоқ.
Аргентинада халық бас көтерді. Бұл елде наурыздағы инфляция деңгейі 6 жарым проценттен асты. Қымбатшылыққа наразы мыңдаған адам Буэнос-Айрестің басты көшесіне шеруге шықты. Олар жәрдемақыны өсіруді және жаңа жұмыс орындарын ашуды талап етті.

Ресейдегі жылдық инфляция 17 жарым проценттен асып түсті. Бұл осы елдің Экономикалық даму министрлігінің мәліметі. Сондай-ақ Рейтерс агенттігі бұл 2002 жылдың ақпанынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш екенін хабарлады. Көкөніс, қант, киім-кешек, смартфон - бәрі қымбаттап жатыр. Сәуірдің 2-сі мен 8-і аралығында маргарин, шай, шоколад кәмпиттері, печенье, макарон, еттің бағасы тағы көтерілді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Айзада Секен

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Технология

Жасанды интеллект және оның маңызы

Мәтінде жасанды интеллекттің қалыптасу тарихы, алғашқы зерттеушілердің еңбектері және Тьюринг сынағының мақсаты таныстырылады.

Айзада Секен 578 оқылым 11 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 414 оқылым 4 мин
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 16 оқылым 5 мин
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 208 оқылым 7 мин