Тәрбиеші: Солтанкулова Дария Тургуновна
Мақсаты :Заттарды және олардың қасиеттерін атауға үйрету , есту қабылдауын дамыту.Қимылдарды - киіну , шешіну әрекеттерді білдіретін , түсінетін сөздермен сөздік қорын дамыту.
Әдіс -тәсілі : Түсіндіру, үйрету, әңгімелесу.
Көрнекті құралдары : Қуыршақ, төсек, қуыршақ киімдері
Ұйымдастырушылық – ізденістік.
Шаттық шеңбері: Топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық .
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн !
Балалар, сендер таза жургенді ұнатасындар ма?
Киімдерді рет ретімен шешіп ,жинап қою керек.Әр уакытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіндерме?
-Сабын, су, сүлгі, айна, тарак.
Ғажайып сәт.
Тук, тук,тук! (Есікті қақан дыбыс естіледі)
Әуен ойналып, топқа куыршақ Әйгерім келеді.
Тәрбиеші: Балалар бізге қуыршақ Әйгерім қонаққа келді.
Балалар куыршақ ренжулі сияқты, көңіл-күйі жоқ. Әйгерімнің киімі кір екен. Маған оны жундыруға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Сен ренжіме ,куыршақ Әйгерім.Біздің балалар да серуенге шыққанда киімдерін кірлетіп алады. Солай ғой балалар?
Әйгерімнің киімдерін шешіп ретімен қоямыз.Қуыршақ шомылдыратын ыдысқа су құямыз. Қуыршақты салып, жуындырамыз. Балалар сендерді аналарың шомылдырғанда бірінші қай жерлеріңнен бастап жуады?
Дұрыс айтасыңдар ,бірінші басымызды жуамыз.Қуыршағымыздың денесін сабындап, содан соң таза киімін кигіземіз.
Әйгерімге ұйықтағанда киетін киімін кигіземіз.Әйгерімді төсегіне жатқызып, бесік жырын айтып, ұйыктатайық.
Бәрі:Әлди, әлди бөпешім
Бақыт саған тілегім.
Ұйықтай қойшы көкешім
Алтын менің бөпешім.
Қуыршақ ұйықтап жатканда балалармен саусақ жаттығуын жасаймыз:
Мына қолым мысық болсын,
Мына қолым тышқан болсын,
Саусақтарды жаттықтырып,
Мысық, тышқан ойын болсын.
Балалар қуыршағымызды оятайық. Әйгеріммен бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Күн мен түн»
Мақсаты: Балаларды күн мен түнді дұрыс ажырата білуге үйрету.
Сұрақ-жауап. Мадақтау.
Балалар енді Әйгерімді өзімізбен бірге серуенге алып шығайық.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/quyrshaqty-kiindiremiz
Bilimger Media
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.