Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қуыршақ бізде қонақта

Bilimger Media
2 мин оқу 846 оқылым

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беріп олардың ерекшеліктерін айту. Қонақжайлық  туралы түсінік беріп ыдыстардың аттарын үйретіп оларды ажырата білуге үйрету . Тақпақтар жаттату арқылы ой өрістерін дамыту. Сөздің қорларын байыту. Балаларды адамгершілікке достыққа еңбекқорлыққа қонақжайлыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ жауап түсіндіру ғажайып сәт.

Көрнекілік: Жыл мезгілдері ыдыс аяқ қуыршақ  киімдері.

Шаттық шеңбер

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен.

Біздер сәлем береміз.

Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту. Ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Қуыршақ бізде қонақта» Бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын жыл мезгілдерін қайталап өтейік.

Жылдың неше мезгілі бар?

-Жылдың 4 мезгілі бар  (қыс көктем жаз күз)

Қазір жылдың қай мезгілі?

-қыс мезгілі

Қыс мезгілінде ауа-ра  йында қандай өзгерістер болады?

-қар жауады,аяз болады,адамдар жылы киінеді

Жарайсыңдар балалар жыл мезгілдері туралы жақсы біледі екенсіңдер.

Күндей күлімдеп.

Айдай жарқырап

Мөлдір кіршіксіз таза судай бүгінгі оқу қызметімізді бастаймыз.

Ғажайып сәт.

Балалар тыңдаңыздаршы керемет бір әуеннің дыбысы естіліп тұр.Бұл қайдан шығып жатыр екен.

(Осы кезде есіктің ар жағынан айналып билеп ішке қуыршақ келеді)

Тәрбиеші: Балалар қараңыздаршы біздің тобымызға кішкентай қуыршақ келіп қалыпты.

Қуыршақ сөзі: Сәлеметсіңдер ме балалар мен сендерге арнайы білімдеріңді тексеруге ертегілер әлемінен келдім. Сендерді өте ақылды білімді деп естіген болатынмын. Менің сендерге арнайы алып келген тапсырмаларым бар. Соны орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: ия

Балалар біздің қазақ халқы өте қонақжай халықпыз. Үйге келген қонақты аналарымыз жеңгелеріміз  төрден орын берген екен.Ендеше бізде  қуыршақты төрге шығарып орын берейік.Қане біздің балалардың қасына жайғасып тапсырмаларды бірге орындайық.

1-тапсырма: Ыдыстарды атын атап олардың не үшін пайдаланатыныз туралы айту.

2-тапсырма: Қуыршақ туралы тақпақ айту.

Зере

Қуыршақ қуыршақ

Таза суға жуынсақ

Қол ұстасып дос болып

Бақ ішінде қыдырсақ

Үкілімай

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау қозы құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды.

Ақыл айтсақ бұйырсақ.

Адина

Ойыншығым қуыршақ

Не берседе жемейді.

Еркелігі соншама

Көтермесем жүрмейді.

Қане балалар шаршаған болармыз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Бала бала балақан

Қане қайсы алақан.

Саусақтарын айбат

Былай былай ойнат.

Балалар сергіту сәтін орындайды.

3-тапсырма: «Қуыршақтың киімдерін атап түстерін ажырату.

Жарайсыңдар балалар. Тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар. Енді біздің қуыршақ не дер екен.

Қуыршақ сөзі: Балалар сендерге көп рахмет. Мен сендерге ертегілер елінен сыйлық ала келдім.Сау болыңыздар.

Қорытындылау:   Балалар бізге қонаққа кім келді?

-қуыршақ

Қуыршақтың қандай тапсырмаларын орындадық?

-Ыдыстарды атау қуыршақтың киімдерін атын атап түсін ажыраттық

Жарайсыңдар балалар сендерге көп көп рахмет. Ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар. Сендерге алғысым шексіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 308 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым