Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Құстар ұшып келеді!

Мақсотова Жанайым Нұрлыбекқызы
3 мин оқу 2 914 оқылым

Мақсотова Жанайым Нұрлыбекқызы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Жаратылыстану.

Мақсаты: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету,  ойлау қабілетін дамыту,балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ - жауап, сергіту жаттығулары,  әңгімелеу, дидактикалық ойындар.

Көрнекілік құралдар:  құстар бейнеленген атрибуттар, құстар жайлы

диафильм, үнтаспа, ойындар.

Билингвалдық компонент: птицы – құстар - birds, қарлығаш – ласточка - swallow, қараторғай – скворец - starling, беркут – бүркіт – golden eagle, попугай - тоты құс, сауысқан- сорока - magpie т. б.

–    Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрайық.

Шаттық шеңбері:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Күннің көзі ашылсын,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.
–   Ал, қанекей, балалар "Сәлем" дейік үлкенге. Үш тілде амандасады.
–   Жарайсыңдар, балалар! Енді орнымызға отырып,  бүгінгі  оқу қызметімізді бастайық. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Құстар ұшып келеді!» ,-деп аталады.  Ең алдымен өткен оқу іс-әрекетіміздегі «Нұрлы көктем» тақырыбына жалпы шолу жасап өтейік.

Сұрақ- жауап:

–   Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілі.

– Көктемде қандай өзгерістер болады?

Күн жылынады, қар ериді, сай-сала суға толады, жерге жасыл шөптер шығады, ағаш бүршік жарады,құстар жылы жаққа ұшып келеді.

Көктем  мезгілінде неше ай бар, олар қалай аталады?

Наурыз, сәуір, мамыр

–  Қазір қандай ай?

–   Сәуір

Таңғалдыру сәті: Құстардың дауысы естіледі.

- Балалар, бұл ненің дауысы?

- Құстың

Балалар, ендешебүгін біз құстар, олардың тіршілігі, өмір сүру ортасы және ерекшеліктері туралы білетін боламыз.

Балалар, қазір мен сендерге қызықты мәлеметтер айтып беремін.

Құстар туралы мәліметке назар аударып, тыңдайды.

Балалар, жаңа бейнефильмнен не көрдіңдер?

Қандай құстар бар екен?

Сергіту сәті: Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орннымызға қонайық.

Сауысқанша секіріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.

Ал, балалар ойнайық,

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Ендеше, балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, бәріміз бірге  сол жұмбақтың шешуін табайық.

1.Тал басында тамаша үй.

                                                    (Ұя)

Өте жақсы, осы ұяны нелер мекендейді?

–   Құстар

Қане, балалар тағы да құстар туралы жұмбақ жасырайын, сендер қандай құс екенін тауып көріңдерші?

1.Шарлап келіп даланы,

   Үйіме үйін салады.

                     (Қарлығаш)

  1. Су бетін сүзіп,

    Ақ құман жүр жүзіп.

(Аққу)

  1. Тақылдатып, мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,

Зиянкесті тазалап.

                (Тоқылдақ)

Ендеше, балалар «Құстар» деген сөзді үш тілде айтайық: құстар-птицы-birds.

Ойын: «Құсты құрастыр»

Балаларға құстардың бірнеше бөлікке бөлінген суреті салынған конверт беріледі, құстардың суреттерін құрастырады. Сол құстардың атын атап, суреттеп береді.

–   Балалар, бүгін өткен оқу іс-әрекетінен не түсінгендеріңді тексерейік. Құстардың бір-бірінен айырмашылықтарын кім атап береді?

–  Түстері, көлемдері әртүрлі болып келеді, әртүрлі дыбыстайды.

–  Құстардың ортақ қасиеттері?

–  Қанаттары бар -  ұшады, тұмсықтары бар – шоқиды.

–  Құстардың пайдасы?

–  Олар табиғатты зиянды жәндіктерден тазартады.

–  Жарайсыңдар, құстар туралы біраз мағлұмат алыпсыңдар. Сендер құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

–  Ұя жасаймыз, жем шашамыз.

–  Ендеше, бәріміз бірге «Ақ көгершін» әнін орындайық.

Жылы жаққа ұшпайтын,

Біздің жақта қыстайтын.

Құстар көрсең жуықта,

Жем шашауды ұмытпа!

Қол ұстасып тұрайық,

Жарты шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыстап қалатын құстардан көктем құстарын ажыратуды;

Игерді: сөздерді анық айтуды, дұрыс байланыстырып сөйлеуді, сұрақтарға толық жауап беруді;

Меңгерді: құстардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын табуды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мақсотова Жанайым Нұрлыбекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым