Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Құстар біздің досымыз

Зарипова Света Едегеновна
3 мин оқу 524 оқылым

Зарипова Света Едегеновна

Білім беру саласы: «Таным»Бөлімі:   «Жаратылыстану»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі:  «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Дала құстарының тіршілігі туралы білімдерін кеңейте отырып,оларды өзара салыстыруға үйрету.

Көрнекілігі:Мультемедиялық суреттер.

Әдіс  тәсілдер: Сұрақ, жауап, ойын, түсіндіру.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
    Балалар біздерде бүгін, ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Білім саласы:«Таным» Бөлімі:«Жаратылыстану» Тақырыбы «Құстар біздің досымыз»

Шаттық шеңбері:    

-  Балалар шеңбер бойымен тұрып ,қонақтармен амандасып, бір бірімізге жылулық  сыйлайық.

Сәлем деймін достарға,

Сәлем деймін құстарға.

Сәлем деймін ұстазға,

Ашық болсын айымыз.

Тату болып халқымыз,

Аман болсын балалар!
- Балалар бір бірімізге жылы жүзбен  қарап, қуаныш сыйладық.Осы алған күш қуатымызбен  сабағымызды бастайық.

Өткенді пысықтау:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын кім атайды?

-Күздің ерекшеліктерін кім айтады?

- Жарайсыңдар, балалар

  1. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі.
    - Балалар, тақтадан нелердің суретін көріп отырсыңдар?
    - Құстардың.
    - Бірінші суреттегі құстарды атайықшы.
    - Тауық,қаз, үйрек
    - Екінші суреттегі құстарды атайықшы.
    - Қарарға,сауысқан торғай,шымшық т.б
    - Жарайсыңдар, балалар.
    - Балалар, жалпы құстар екіге бөлінеді үй құстары және дала құстары.
    - Үй құстарын қолдан тамақтандырамыз жем,су,шөп береміз жылы қорада ұстайды. Ал Дала құстары жемтіктерін өздері тауып жейді.

Бүгінгі оқу қызметіндебіздер,дала құстарының тіршілігі мен пайдасы туралы танысамыз.
Құстар біздің –досымыз,олардың бізге пайдасы көп.Құстар өсімдікке зиян келтіретін жәндіктермен құрт,құмырсқалармен қоректенеді,сөйтіп бау-бақша егістердің жақсы өсуіне пайда келтіреді.

Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылығанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Ол ұясын ауланың жанына салады.
-Балалар, өзіміз білетін қарғаны қарайықшы.Қарғаның екі түрі бар, ала қарға, қара қарға.Ала қарғаның қанатында, бауырында сұр түс бар сондықтан, оны ала қарға дейді. Ал қара қарғаныңбасы,қанаты,құйрығы мен бауыры бәрі қара болып келеді.Сондықтан оны қара қарға дейміз. Қарғалардың тұмсығы үшір,тырнақтары өткір болып келеді. Даладан түрлі тамақ қалдықтарын жеп қоректенеді.

Сауысқанның түсі қара- ала,көлемі торғайдан ірі,ұзын құйрықты құс.Жейтін қорегі басқа құстардың жұмыртқаларын,балапандарын ұрлап жейді. Қыстап қалатын құс. Балалар  құстар туралы кім тақпақ біледі? Кәне  айтайықшы.

.

Асылай:

Қарға,қарға,қарғалар.

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

Алихан

Алманы қарға шоқиды,

Көкқұстан кітап оқиды.

Ұшып кеп ағаш басына,

Ала сауысқан қоқиды.
- Жарайсыңдар балалар, енді жұмбақтар жасырайық.

1.Имек тұмсық алғыр құс /қаршығы/

Рахман:

  1. Екі айыр құйрығы

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі/ қарлығаш/

Нұрәділ:

  1. Ұзақ тектес құс,

Шіркей жеп.

Ауыл шаңынан,

Ұзап кетпес құс /қараторғай/

Рамазан:

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып қонып жалпылдап

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там  тұмдап. \ қарға \

Сергіту сәті:

Қане қанат жазайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып, ұшып алайық
Сауысқан болып секіріп
Торғай болып қонайық.

Ойын: «Құстың ұясын құрастыр»
- Балалар біздер құстар туралы тыйым сөздер айтайықшы:

Жаннұр:

  1. Құстарды атпа.
  2. Құстың жұмыртқасын жарма.

3.Құстың ұясын бұзба.

  1. Аққуды атпа,досыңды сатпа.

Қортынды:
- Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер мен сендердің білімдеріңе  риза болып бүгінгі сабаққа қатысқан балаларды мадақтаймын.
Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар - біздің досымыз. Біздер үнемі  құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүруіміз керек.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Зарипова Света Едегеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым