Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Құмарлықтан құрбандыққа…

Сағыныш Бақытжанқызы
2 мин оқу 17 оқылым

Сағыныш Бақытжанқызы

Құмарлықтан құрбандыққа...

Сөздері сан ұрпаққа сана болған Абайдың мағыналы шығармалары қазақ қоғамында құнын жоймай келе жатыр.Солардың бірі ретінде бүгінгі тақырыбымызға «Құмарланып шаттанба,Ойнап босқа күлуге»,-деген өлең жолдары дөп келетіндей.Абай айтқан осы құмарлық-қоғам дертіне айналуда.

Қамшының сабындай қысқа өмірдің қадір-қасиетін түсініп,жете ұғынғанмен,бағамдай білетін жандар өте аз.Бірі арақтың арбауына алданса,енді бірі құмар ойынның құрсауында қалып жатыр.Бір өкініштісі,оңай олжаға оңаламын деп,қалай құмартып қалғандарын сезбейтіндері де бар.Бұл-тоқшылық па әлде жоқшылық па? Осы тұста Абайдың: «Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтық,Аздырар адам баласын»,-деген өлең жолдары еріксіз еске түседі.Дәл осы құмар ойындарға қармалғандар отызында орда бұзып,қырығында қамал алып,елуді еңсеретін шақтарында жеңіл ақшаның буына мас болып,бір “ғажайыпты”күтіп жүргендер.Шәкәрім айтқан “мал табуды”-оңай жолмен ақша табу деп түсінген ер-азаматтарымыз бүгінгі күнде сауда орталықтарындағы ойын автоматтары мен букмекерлік кеңселерді жағалап жүр.Оған қоса,ғаламтордағы түрлі казино сайттарға тіркеліп,бәс тігетіндері де аз емес.Адал ризығын арамға айырбастағандар бүгінде осы ойынды кәсіп қылса керек.Үйден шықпай,жеңіл ақша табудың жолы осы деп өз көңілдерін өздері көншітуде.

Кез-келген жанның санасын санға соқтырып,опық жегізген бұл құмар ойындары,өкінішке орай,көптеген сұмдық жағдайларға әкеп соқтырып жатыр.Соның бірі-жалындап тұрған жастарымыздың құмар ойындарына кіріп кетіп,қарызға белшесінен батып,микроқаржылық ұйымдарды торуылдап жүруі.Одан қалса “отағасы асырайды”,-деп үміт еткен жарларының сенімін ақтамай,үй-жайын,бала-шағасын осы ойынға айырбастап,соңында ажырасқан  жандар да жетіп артылады.Ең сорақысы- осылардың барлығынан құтыламын деп,өз-өздеріне қол жұмсағандар.Әрине,өз-өзіне қол жұмсау-ешқандай мәселенің шешімі емес.Бұл нәрсенің артында құмарлықтың тым шектен шығуы жатыр.Осы тұста «Адам баласы қандай жағдайға тап келсе де,оның әуестігі мен құмарлығы себеп болады»,-деп айтуға негіз бар.Қанша жерден осындай құмар ойындарға Заң шығарылып,қатаң тыйымдар салынып,көптеген букмекерлік кеңселер жабылып жатса да,бұл құмарлықтың құрбаны болған жандар көбеймесе,азаяр емес.Бұл мәселеге ел болып,жұрт болып тоқтау қоймасақ,ушығып кетуі әбден мүмкін.Сондықтан әрбір саналы жан,болашақ ұрпақты тәрбиелеп отырған ата-ана,өзімізді мұндай хәлге жеткізбейік,нәпсінің жетегінде кетпей,”Адам” деген ардақты атқа лайықты болып жүрейік! Нәпсінің құлы емес,Алланың сүйер құлы болайық!!!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сағыныш Бақытжанқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Эссе

“Біз жаңа Қазақстанның ұрпағымыз”

Эсседе Тәуелсіздіктің қадірі, жас ұрпақтың ел болашағындағы жауапкершілігі және бірлік пен әділеттілікке негізделген жаңа Қазақстанды құру идеясы қозғалады.

Сағыныш Бақытжанқызы 1 мин 40 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым