Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Құм аясындағы» танымдық жағдаят

Курмашева Марчоной Пардабойевна
3 мин оқу 1 357 оқылым

«Құм аясындағы»

танымдық жағдаят

Дене шынықтыру залына барар жолда психолог кабинетінің есігі үнемі ашық тұрады. Бір күні Заңғар есімді бала сол кабинетке жүгіріп, рұқсатсыз кіріп кетті. Барлық ойыншықтарды ұстап, әрі-бері жүгіріп жүрді. Мен артынан барып, «Заңғар жүре ғой, топқа барамыз. Бұл бөлмеде рұқсатсыз ойнауға болмайды» деп алып кеттім. Аптаның сәрсенбі күні тағы да дене шынықтыру залына барар жолда  Заңғар  дәлізде психолог кабинетінің алдында тұрып, осы кабинетке кірейікші деп өтінді. Бұл кабинетте не керек екенін түсінбедім. Солай бір, екі күн өтті.

Бір күні психолог Айгүл Мұхтаровнадан кабинетке кіруге рұқсат сұрадық. Заңғар  кабинетке кіріп, «қалағаныңды ал» дедім. Заңғар  кабинеттегі арнайы жасалған құмды алып, арнайы ыдысына салып, қызыға ойнай бастады.

-Заңғар, сол бөлмеде не қызықтырды сені, - деп сұрадым?

-Апай, маған құммен ойнаған ұнайды деді

Менің байқағаным Заңғар құммен ойнағанда,оның сол кезде тынышталып, сабырлы болатынын түсіндім.Бір күні кешке үйге қайту барысында Заңғар психологтың кабинетіне анасының баруын сұрап өтінді. Заңғар анасын психологтың кабинетіне алып барып, құмды көрсетті. Үйге осындай құм алып беруін өтінді. Аптаның жұма күні еді. Анасы сол күні Заңғарға екі шелек арнайы жасалған  құм сатып алып берді.Демалыс күннен кейін,балабақшаға балалар өздерінің демалыс күні қыдырғанын, кейбіреулері бассейнге барғанын  мақтана қуанып айтып отыр еді.Кенет есік ашылып Заңғар топқа кіре салысымен:

-Апай, қараңызшы мен арнайы жасалған құмнан торт жасап әкелдім деп қуанып келді

-Ой жарайсың,тағы не жасауға болады?

- Бауырсақ, печенье, балмұздақ, - деді.

-Сен құммен ойнағанды жақсы көресіңбе?

-Ия, апай, - деді

-Құм неге ұқсайды ?

-Апай ол манный кашаға ұқсайды

- Жарайсың! Сен өскенде мүсінші боласың.

- Апай мүсінші деген кім?                                                                   Мүсінші деген әр түрлі құмнан,саз балшықтан  неше түрлі заттар,бейнелер жасайды.

Келесі күні сабақ кестесі бойынша мүсіндеу сабағы болатын,балалардың барлығына арнайы жасалған құмнан құмыра мүсінін жасаудыүйреттім. Балалардың барлығы өз құмырасын жасап,қуанып жұмыс жасауда,Заңғар өзінің құмырасын жасап болып,Инсар мен Әділетке көмектесіп, құмыраларын безендіруге болатынын айтып қояды,өздері сондай көңілді балаларға құмыра жасаған қатты ұнады.

Танымдық  оқиға барысында баланың қызығушылығы арнайы жасалған құммен тәуліктің кез-келген уақытында ойнағысы келетіндігін  түсіндім.Заңғарға жетелеуші сұрақтар қоя отырып, Заңғардың қызығушылығы арнайы жасалған құмда екенін білдім.  Баланы күнде психолог  кабинетіне алып келетін болдым.                                                                                                                                           Серуен барысында Заңғарға  құммен ойнауға жағдай жасалғанымен, баланын  дәл осы психологтың  кабинетіндегі арнайы  құмға қызығушылығы  басылмады. Заңғарға бақылау жасай отырып , анасына баланың қығығушылығы арнайы жасалған құмда екенін айта отырып әрі қарай дамытуға деп мақсат қойдым. Заңғардың құмға деген қызығушылы мені де қызықтырып , мүсіндеу сабағында тек қана пластилинмен емес ,арнайы жасалған құмды және қамырды да қолданатын болдым.Топта балаларға арнап , қорапқа салынған құммен жағдай жасадым . Аналарына  айтып ,басқа балаларға  да, арнайы жасалған құмды алуларына  ұсыныс  жасадым. Балалардың мүсіндеу сабағына деген қызығушылығы артып , арнайы жасалған құмнан әр түрлі мүсіндер жасайтын болды.Сабақ барысында балалардың бір-біріне деген сүйіспеншілікті сездім .

Біз үлкендер көп жағдайда балалардың бойында қазіргі әлемде қажет болатын  шығармашылық қиялды ,креативтілікті  дамыту қажет екенін , және бала үнін тыңдау қасиетерімізді  жоғалтып алған жағдайымыз бар.  Мен осы танымдық оқиға барысында ,балалардың бойындағы  дағдыларды  дамыту үшін  арнайы бақылау жүргізудің ,баланың  үнін тыңдаудың , олардың қойған сұрақтарымен қызықты жауаптарына айрықша көңіл бөлуіміз  керек екенін түсіндім . Баланың үнін ести отыра біз оның қызығушылығын байқаймыз. Тәрбиеленушінің жас ерекшелігін ескеріп соған сәйкес жеке дара қабілетіне қарай тапсырма бере отырып шығармашылық ойлауға жетеледім ,және де кез келген жағдаяттарда өздігінен шешім қабылдай алуына ,баланы жан- жақты дамуына бағыттадым.

Комуникативтік танымдық бағыт- бағдар беру тәрбиеленушінің тек оқуға ғана емес, іс- әрекетпен өздігінен айналыса отырып өмірлік дағдыға қалыптастыру болып табылады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Курмашева Марчоной Пардабойевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 316 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым