Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Қосу. 0-5 сандары. "+" таңбасы.»

Гүлназ
2 мин оқу 206 оқылым

Кашкинбаева Гүлназ Жанабайқызы
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Қосу. 0-5 сандары. "+" таңбасы.»
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жапсыру, есептеу.
Мақсаты:қосу амалының мәнін түсіндіру; "+" таңбасын қолданысқа енгізу; қосу амалдарын құрастырып, жазуды үйрету; алғашқы бестіктегі сандардың нумерациясын пысықтау;
балалардың зейінін, кеңістікте ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту;Бір-біріне көмек қолын созуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: №1 жұмыс дәптері..
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері.
- Балалар, бізде қазір қандай жыл мезгілі?
- Дұрыс. Қыстай күн қандай болады?
- Бізге қандай мереке келе жатыр?
- Жаңа жылда біз нені безендіреміз?
- Сендер тонған шығарсыңдар. Жылынып алайық па?
- Ендеше, барлығымыз шыршаның жасап жатқан жаттығуына қарап, қайталайық.
ІІ. Жаңа сабақ мазмұны.
- Балалар, біз осы сабаққа дейін қандай сандармен және қандай таңбамен таныстық?
- Қане, кім сандарды ретпен қойып шыққысы келеді?
- Ал енді, осы сандарды кері санау арқылы қойып шығайық.
- Балалар, қыс кезінде біз қардан не жасаймыз?
- Ал енді аққаланы біз де жасап көрейік. Аққаланы өткен сандарды қайталай отырып, бөліктерден құрастырамыз.

- Балалар, бүгін біз сендермен "+" таңбасымен танысамыз және 0-5 сандарды қосып үйренеміз.
1+1=2 3+1=4
2+1=3 4+1=5
0+1=1 0+3=3
Дәптермен жұмыс.
Дәптерді ашып, №1 тапсырманы орындайды.
Цифр мен таңбалардың көмегімен жаз.
Сергіту сәті:
Кез-келген санды көрсетіп, қимыл-қозғалысты айтамын.
№2 тапсырма.
Суреттерді сәйкес жазбалармен біріктір.
"Санды суреттер" ойыны.
Суретті кеспелерді таратамын. Өзім кез-келген санды көрсеткенде, балалар санға сәйкес кеспені көтереді. Мысалы: 3 санын көрсеткенде 3 зат салынған суретті көрсетеді.
ІІІ Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта не істедіңдер, балалар?
- Қандай таңбамен таныстыңдар?
- Ол нені білдіреді екен?
- Сендерге сабақ ұнады ма? Ендеше әркім өздеріңнің көңіл-күйлеріңді осы смайликтер арқылы білдіріңдер.
Балаларды мадақтаймын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гүлназ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 420 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым