Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қош бол,балабақша!

Автор

Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна
4 мин оқу 63 оқылым

Қош бол,балабақша!
Музыка әуені қосылып, 2 тәрбиеші кіреді.
1 тәрбиеші:- Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып,қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

2 тәрбиеші: -Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!-
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Балдырған бүлдіршін түлектерді.
- Алғыр ,бизы жігіт Курганов Алихан, мың бұралған сүйкімді ару ...Аяла
- Әдепті де салмақты жігіт Нуржанов Нурали,қайсар жайсаң жігіт Жансерік
- Тапқыр,ақжүрек жігіт Талғатұлы Дархан,сүйкімді де ақжарқын ару Каирлина Аружан
- Мейірімді кең пейіл жігіт Ерсұлтан ..., жайсаң жайдарлы жігіт Мансұр
- Батыр да, ұйымшыл жігі Асанәлі, көркем инабатты ару Нұржанқызы аружан.
- Ақылды да,білімді жігіт Диас..сабырлы жігіт Әди
- Өнерлі жігіт Нұрәлі..ботакөз ару Айза
- Қайсар жігіт Ердан...сабырлы ару Асылым.
- Алғыр жігіт Батырхан...ибалы ару Кәусәр.
- Батыр жігіт Санжар... сабырлы ару Аруна...
Әуен қосылып балалар екіден қол ұстасып қызыл кілемнің үстімен жүреді де екі жаққа жарты шеңбер болып тұрады.
1 Жүргізуші:- Армысыздар,құрметті біздің қонақтар!
Армысыздар,аяулы біздің апайлар!
Құшақ жая қарсы алады сіздерді қарлығаштар.
Өлең,ақыл,әндер бүгін айтылар!
2 Жүргізуші:- Балабақшам сүйікті
Ән салдырды билетті
Шынықтырып денеңді
Шымырлыққа үйретті

Топтық би: «Жаңа үлгідегі би»
Ән: «Біз бақытты баламыз» -орындарына отырады
1 тәрбиеші:- Балалар! Бір сәтке біз ең керемет армандар орындалатын таңғажайып, жұмбақ, сиқырлы балалар еліне келгенімізді елестетейік! Біз бәріміз армандап, кім болатынымызды анықтай аламыз ба?
Сахналық көрініс: «Армандаушылар»

1 бала көзіне очки киіп:- Мен ұлы ғалым болуды армандаймын,
Барлығы:-Неге?
1 бала:- Себебі, мен бала кезімнен тотықұстардың 200 жыл өмір сүреді деген өтірік пе,шынба білгім келген.
2 бала мойнына мойынорағышын орап,қолына сызғыш ұстап шығады:- Мен сәулетші болуды, бұрышсыз үй салуды армандаймын.Мен қазір өз арманымды орындап жатырмын - үйді шеңберлерден саламын!
Менің үйімнің сызбасы аяқталып қалды, оның бұрышы жоқ! Мама! Менің арманым орындалды!Сіз енді бұрынғыдай мені бұрышқа тұрғыза алмайсыз!
Барлығы:-О,о,о,о,,керемет!
3 бала галустыгын жөндеп: -Мен депутат болсам,көөөп балабақша саламын
4 бала қара көзілдірік киіп,қолына лупа алып шығады:-Мен мүмкін «Тайный агент» боламын. Барлық қылмыскерлерлі ұстап отырамын.
5 бала басына кепка киіп:-Мен таксисит боламын. Бульварды,қаланы, тауларды аралаймын. Жолаушыларды поездға уақытында жеткізіп отырамын.
6 бала аспазшының қалпағын киіп алады:-Мен аспазшы боламын. Әртүрлі дәмді тамақтар пісіремін. Борщ,қуырдақ,самса,бешбармақ.
Бәрі:-Эх,дәмдісін-ай.
7 бала:-Келіңдер оданда бәріміз «Крутой» болайық.
Би: «Крутой балалар»
Ән: «Бақшамызға мың алғыс»
2 тәрбиеші:-Балалар,өте керемет. Болашақта сендердің армандарың орындалатынына сенімдімін.
Ойын «МАТЕМАТИКА -ДОСЫМЫЗ»
Балалар шеңбңрге тұрып,қолдарын белге қояды.
Айтады:
Математика – досымыз, (жартылай отырып,оңға-солға бұрылады.)
Сандарды біз көреміз, (екі қолдарының алақанын жаяды)
Тез санауды білеміз (сұқ саусакпен санайды)
Сендерге көрсетеміз (бас бармақтарын көрсетеді)
Босқа қарап сен тұрма, (сұқ саусағын қимылдатады)
Сандарыңды қайтала (алақанымен екі құлағымен кезек тыңдайды )
Бір,екі,үш,төрт.бес, (орнында секіреді)
Кел ойнайық тез (жүргізуші «2» санын көрсетеді)
- Екі санын табайық,жұбымызға тұрайық! (жұппен тұрады)
Жүргізуші: -Бір,екі,үш ойынды қайта бастаймыз!
Ойын тағы қайталанады.
«3» санын көрсеткенде айтады:
- Үш санын да білеміз,қазір көрсетеміз.! (үштен шеңбер жасап тұрады)
2 тәрбиеші:-Балалар,жарайсыңдар. Сендердің математикадан білімдеріңді әлі де тексеріп көрейік.
Ойын: «Молекула»
Балалардың тақпақтары.
(ұлдар тақпақ айтады,қыздар киінуге кетеді)
1 тәрбиеші:-Балалар,байқайсыңдарма, залдың бұрышында мына әдемі қолшатыр мереке басталғаннан тұр. Бұл қолшатыр жай қолшатыр емес сияқты. Айналдырып көрсем қалай болады екен. (қолшатырды айналдырады,артына қыздар келіп тұра қалады) Ой, балалар,расындада сиқырлы қолшатыр екен. Қараңдаршы қыздарымыз әдемі көйлектерімен шығыпты. Ендеше осы қыздарымыздың өнерін тамашалайық.
Би: «Көңілді бояулар»
Ойын: «Сыңарын тап?»
Ән: «Үйретеді»
Қыз бала:- Сүйемін күннің шапағын
Жанарымда мол шуақ
Өнерімізді қызықты
Тек сіздерге арналмақ.

Шуылдақ оркестр: «Полька» А. Филиппенко

1 тәрбиеші:- Міне, балалар, сендерге көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мереке де келіп жетті. Балабақшадағы ойыншықтарыңмен қоштасып,мектепке барып кітаппен,қаламмен достасасыңдар. Олай болса Аружан (Раяна) қызымызбен оның достарының әдемі өнерін тамашалайық.
Ән жеке дауыста «Ойыншықпен қоштасу»
артынан балалар ойыншықтармен би билейді.

2 тәрбиеші:-Балалар, сендердің ойыншықтарыңды бостан босқа сөреде шаң басып тұрмайды. Біз ол ойыншықтарыңды кішкене топтың балаларына сыйлаймыз.

Әуен қосылып кіші топтың балалары кіреді.
Олар түлектерлге тілектерін айтады.
Балалар ойыншықтарын сыйлайды.

1 тәрбиеші:- Аяулы ана қымбаттым
Ұйқынды бөліп түн қаттың.
Нәрін берді ақ сүтін
Құшағында гүл бақтың.
Армандарға жетерміз,
Құстай ұшып кетерміз.
Ыстық құшақ анашым,
Сізді бақытты етерміз!
Аналармен балалардың вальсі
2 тәрбиеші:- Айналайын, балғындар,
Алға бағыт алдыңдар.
Ертең өсіп толыңдар
Ел мақтаны болыңдар!
1 тәрбиеші:- Орындалсын ойларың,
Ашық болсын жолдарың
Қош,балалар,сәт сапар,
Үлгілі бәрің болыңдар.
Ән: «Қош бол, балабақша!»

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№100 балабақша- бөбекжайы» КМҚК

Қош бол балабақша.
Мектепалды даярлық топтарына арналған ертеңгілік

Әдіскер: Куксина Илона Яковлевна
Музыка жетекшісі: Жакупова Жанар.А

Өскемен ,2022 ж

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Қозғалыс белсенділігі процесінде мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.

Материалда қозғалыс белсенділігі мен ойын орталықтары арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту жолдары және тәрбиешінің рөлі баяндалады.

Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна 25 оқылым 7 мин
Балабақша

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

Мақалада мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсаты, міндеттері мен зерттеу әдістері баяндалады.

Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна 25 оқылым 7 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 208 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин