Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қоршаған ортаны қорғау борышымыз әрі міндетіміз

Автор

Жумакан
2 мин оқу 67 оқылым

Экология – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Экологиялық келелі мәселелер адамзат дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық қарқынды даму кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Биосфераны қорғау мен сақтап қалу басты мәселе болып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ мерзімді, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау үшін бүкіл адамзаттың бірігуі қажет. 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. «Елімізде экология ұзақ уақыт бойы көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін абстрактілі, екінші дәрежелі мәселе ретінде қабылданып келді. Алайда ол ел тұрғындарының денсаулығына тікелей әсер етеді. Әлемдік деңгейдегі адамзат алдындағы ғаламдық өзекті мәселелердің бірі экологиялық проблема.    Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым – қатынастардың, табиғат тепе-теңдігінің өзгеруі айналадағы ортаның ластануы мен антропогендік ландшафттардың  қалыптасуына әсер етеді. Табиғатқа, табиғат ресурстарына деген шектен тыс тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріп, оның зардаптары тірі ағзаларға, адамдарға әсер етуде. Осының салдарынан жер бетінде қышқыл жаңбырлар, топырақ эрозиясы, қатерлі аурулар мен озон қабатының жұқаруы т.б. қауіпті зардаптардың деңгейі артып  ғаламдық  экологиялық проблемалар туындауда. Осыған орай әлем мемлекеттері ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып шешу  бағыттарын жан-жақты қарастыруда. Қазақстанның құрғақ климаттық белдеуде орналасуы, жер асты және үсті байлықтарын шектен тыс пайдалану, орман ресурстары жер көлемінің азаюы, шөлді аймақтарды  игеру, зауыт-фабрика, полигондарды пайдалану еліміздегі экологиялық  проблемалардың  пайда  болуына әсер  етті.

Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпақтан — ұрпаққа мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу  басты міндеттің бірі. Табиғатты қорғау қарапайым дүниеден басталады деп ойлаймын. Мәселен, жас ұрпақты табиғатты қорғауға тәрбиелеу ұлттық негізі бала кезден  басталады. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру, жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Біз бәріміз де табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақ алдында, тарих алдында жауаптымыз.

Су қорын сақтау және оны тиімді пайдалану туралы су ресурстарын қорғау жөніндегі материалдан толығырақ оқыңыз.

Сулейменова С.Ж.

Соңғы жаңарту: 6 қазан 2026, 23:30

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жумакан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Құқық

Кедейшілікті жою ол адамдық парызымыз

Материалда кедейшіліктің себеп-салдары, әлемдегі ауқымы және Қазақстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылады.

Жумакан 66 оқылым 2 мин
Құқық

Су ресурстарын қорғау

Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық…

Жумакан 33 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Құқық

Қазақстандағы неке келісімшартының ерекшеліктері

Ғылыми мақалада Қазақстандағы неке келісімшартының құқықтық табиғаты, жасалу тәртібі мен мазмұны қарастырылады. Сондай-ақ оны өзгерту және бұзу ерекшеліктері талданады.

Дузелбай Айжан 20 оқылым 6 мин
Құқық

Кедейшілікті жою ол адамдық парызымыз

Материалда кедейшіліктің себеп-салдары, әлемдегі ауқымы және Қазақстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылады.

Жумакан 66 оқылым 2 мин
Құқық

Мен таңдаған мамандық

Автор құқық қорғау саласын таңдауының себебін түсіндіріп, прокурордың міндеттері, қажетті қасиеттері және болашақ кәсіби мақсаты туралы баяндайды.

Нұргүл Петр 34 оқылым 5 мин
Құқық

Су ресурстарын қорғау

Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық…

Жумакан 33 оқылым 4 мин