Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қоршаған ортаны қорғау

Альдикенова Орынтай Кайкеновна
3 мин оқу 2 256 оқылым

Альдикенова Орынтай Кайкеновна

Ашық  сабақ Қазақ тілі  6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға экологиялық білім беру
2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сөздік, практикалық.
Сабақтың формасы: жеке, топпен, сыныппен.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, экология.
Көрнекілігі: слайд,бағалау парағы.

Бағыт беру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.

Бүгін кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?  Бүгін қай күн? Қазір қай жыл мезгілі?

Күзде ауа райы қандай? Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Жақсы?  Кімге қандай түстер ұнайды? Таңдап алындар(сары, жасыл, көк,

Сары түс-байлықтың белгісі, жасыл түс- ағаштардың, шөптің түсі, тіршіліктің белгісі, көк түс-судың, ауаның түсі, шіршіліктің белгісі)

(Топқа бөлу 1-сары түстер,2-жасыл түстер,3 топ-көк түстер)әр топ өз орындарына орналасады
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. (Слайд)
І. Топтастыру(кластер)
Қоршаған орта  (әр топтың жауабын бағалау)
ІІ.- Табиғат туралы қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер?
( үй тапсырмасын тексеру ), (әр топтың жауабын бағалау)

Бұл не? (Қызыл кітап)

Қызыл кітапқа нелер еңгізілген? (Саны аз өсімдіктер мен аңдар)

Қарағанды облысында қандай жануарлардың саны азайып бара жатыр?

(Киіктер саны азайып бара жатыр)

Бұл қандай мәселе? (Экологиялық қиын мәселе)
ІІІ. Мәтінмен жұмыс(функционалдық сауаттылық)

Мәтін бойынша жаңа сөздер
өткір мәселе - острая проблема
тепе - теңдіктің бұзылуы - разрушение ровновесия
санасының өсуі - рост сознания
көмір қышқыл газы - углекислый газ
ғарышты игеру – освоение космоса
күнкөріс көзі - источник жизни

өнеркәсіптің өркендеуі – развитие промышленности

экологиялық апатты аймақтар – экологически катострофические регионы

жойылып кеткен – исчезли

есепсіз шашып – төгіп –расточать

қалпына келтіру – восстановить

мән келтіру – давать значение

а) мұғалімнің мәтінді оқуы.
Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Өйткені, бүгінде адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда.
Көптеген аймақтар экологиялық апатты аймақтарға айналды. Жер шарындағы халықтың 40 - 45 пайызы экологиясы нашар аймақта тұрып жатыр.
Жыл сайын атмосфераға 20 млрд. тонна көмір қышқыл газы тарайды. Соңғы он жылда теңіз жануарларының мың түрі, өсімдіктердің 24 мың түрі, жабайы жануарлардың 106 түрі жойылып кеткен.
Иә, табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып - төгіп пайдалануға болмайды. Жер шарының қай жерінде болмасын адамның өмірі, қызметі, өзінің және ұрпағының бүгіні мен ертеңі басатын жерге, демалатын ауаға, ішетін суға тікелей байланысты. Демек, адам баласы болашақты ойласа барды күтіп, аялап сақтаумен қоса қалпына келтіру, көркейтуге мән беру керек.
б) мәтінгефункционалдық сауаттылық бойынша сұрақтар кұрастыру.

(4-жай сұрақ,  1- күрделі АБСДЕ жауаптарымен)
1. Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кезде қандай мәселеле?
2. Жер шарындағы халықтың неше пайызы экологиясы нашар жерлерде тұрып жатыр?

А) 25-30%%   В) 30-35%  С) 35-40%  Д) 40-45%   Е) 45-50%
3. Жыл сайын атмосфераға неше тонна көмір қышқыл газы тарайды?
4. Соңғы он жылда нелер жойылып кетті?
5. Адам өмірі немен тікелей байланысты?(әр топтың жауабын бағалау)
ІҮ. Тапсырмалар:
1. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар зат есімдерді табу.
Қарым - қатынасы, санасының, пайызы, экологиясы, газы, жануарларының, жер шарының, өмірі, қызметі, ұрпағының, баласы.(әр топтың жауабын бағалау)

Сергіту сәті
2. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.
Қоршаған, біз, жауаптымыз, үшін, орта.
Өздері, мәселелерге, адамдар, экологиялық, кінәлі.
Болу, таза, қоршаған, керек, орта, дені, адамның, сау, үшін.
Дүниежүзілік, қоршаған, қорғаудың, ортаны, күні, 5маусым. ( бағалау)
3. Қоргау сөзін жіктеу (жекеше, көпше түрде) ( бағалау)

  1. Қиын мәселені шешу ойыны.

Экологиялық қиын мәселені шешуге бола ма? Иә, болады

  1. Біз қоршаған ортаны қалай қорғаймыз? (әр топтың жауабын бағалау)

Қорытынды кезеңі:Бес жолды өлең:

Сабақ

Қызықты  пайдалы

Береді   оқытады     үйретеді

Сабақ бізге өте ұнады

білім
Бағалау, рефлексия
Үйге: 117 бет, деңгейлік тапсырма

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Альдикенова Орынтай Кайкеновна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым