Мазмұнға өту

Қоқыстың көбеюі- бүгінгі күнін жетістігі ме әлде жеңілісіме?

Абдыхалық Жанель 4 мин оқу 63 оқылым

Күнделікті өмірде қоқыс тастауымыз әдеттегі іс әрекетімізге айналған. Былайша айтқанда «Ритуал» десем де болады. Қоқыстын көптігі күнделікті өмірде байқалмауы мүмкін, бірақ тастауға бара жатқанда төгіліп жерде жатқанын көріп жатамыз. Урналарды шетке ысырып, далада жүргенде де қоқысты тастай салатын жауапкершілігі жоқ адамдарды жек көретінім бар. Өз артынан жинауды білмейтін «Бытовой инвалид» - тердің саны артуда. Бұл ұғым тек қана ер адамдарға ғана емес, әйел қауымына да қатысты. Сағыз қағазын, су бөтелкесін, кәмпиттін қаптамасын лақтыра салып ештене болмағандай ары қарай өз жолымен жүріп кететін адамдарды еш түсінбеймін. Бұл ең бірінші айналаға емес, өзіне деген құрметін өзі жоғалтуы. Санасы төмен, таяз адамнын күнделікті онын санасында - Норма болып жүрген іс әрекеті.

“Неге осы адамдар қоқысқа бейберекет қарайды?”- осы сұрақ көпшілігінде жауапсыз қалуы мүмкін. Тұрғын үйлерді алатын болсақ, қаншама адам тұрады. Қоқыс жәшігі бір, саналы адам соған салып қояды, ал санасызы онын айналасына жәй лақтыра салып, оның жәшіке түскені мен түспегеніне шаруасы жоқ. Және бұл күнделікті қайталанып тұрады. Неге бұл мәселені шешпеске деген ой келіп тұр. Табиғатқа байланысты тегін тренингтен өткізіп тазалыққа аз да болсын қол жеткізе аламыз. Қоқыстын көбеюі әлемдік проблемаға айналды, оны мойындауымыз керек. Қазірден балабақшадағыларды тазалыққа үйреткеніміз жөн. Ол тек қана жеке бастын гигенасына ғана қатысты емес, қоршаған ортанын ластамауын, қоқыс жәшігіне ерінбей барып лақтыруын үйретуіміз жөн деп санаймын. Үлкен бір өзгеріске осы қарқынмен жете аламыз. Балабақшадағы бүлдіршіндер, бастауыштағы балалар, мектептегі жас-өспірімдердің барлығына тазалық  немесе болашақты тазаруы атты  тренингтер жасалынып отырса менінше қоқысты далаға тастайтындардын саны азаяды деген сенімдемін. Бұл мәселе үлкендерге де қатысты. “Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі” демекші түсіндіріп, қоқысты жәшікке саласын деп айтуы керек. Аса маңызды бір мәселенін бірін де айта кетсем, ол даланы тазалайтын кісілерге деген құрмет. Бізге мұғалімдер сабақ оқымасан көшеде “дворник” болып жүресін деп жиі ұрсатын. Мүмкін бұл бізді жақсы болсын деп айтқандары болар, бірақ менің ойымша ол өзінен социалы төмен адамды кемсітумен бірдей. Осылай мұғалімдер бізді ол кісілерді сыйлауға  емес керісінше даттауға үйретеді. Былай айтқанда сыйластық танытпаудын фундаментын бізге салып береді. Ол кісілердің жасына қарамастан өзімнен кішкентай балалардын ауыр сөз айтып, жекесіне тиіп жататынын көремін. Кішісін қоя берші, үлкен аға әпкелерім де бұл қатардан қалысар емес. Көпке топырақ шашпайғаным жөн болар, бірақ кемсітіп, менсінбей ол кісілерге дөрекілік танытады. Әр отбасынын матералдық жағдайы бірдей емес, бірақ олардын орнында анасы немесе әкесі дала тазалаушысы болса қалай өзін сезінер еді? Сол қалыппен бөгде адамдардын дөрекілік танытқанына бей жай қарап тұра алатын беді? Міне сұрақ осында жатыр. Әр адам өздігінше жауап берер, ал мен өз ойымды айтайын. Жұмыс істегенннен емес жұмыс істемегеннен ұялу керек. Жұмыстын жаманы жоқ, ең бастысы ол адал еңбекпен табылса болды.Бұл қоқыспен аса қатты байланысы бар мәселе. Мен өз тарапымнан адамға ол кісілерді силастықпен танытқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Біздің тазалығымызды ойлап, артымыздан тазартып жүрген кісілерге мың да бір алғыс білдіремін.

Бұл мәселе бойынша әр адам өздігінше ой түйеді, және де пікірлер әртүрлі болады. Әдетте біз күнделікті пластик бөтелкелерді, пакет пен түрлі ыдыстарды қолданып жатамын. Біздің көмекшілерімізге айналған бұл пластик қоспасымен жасалған заттардын пайдасына қарағанда зияны көп. Қаншама жылдар бойы тіпті ғасырлар бойы құртылмайтыны дәлелденген болатын. Ал бұл тұста ұзақ сақтала тұрып өз бойынан күнделікті химиялық зиянды қоспаларын сыртқа шығарады. Яғни, зияны көп және біз тұтынып жатқан тағамдар мен жеміс жидекке де көзге көрінбейтін зиян келтіреді. Бөтелкелерді шыны түріне ауыстыруға болады ал пакеттерді мата түріндегі сөмкеге алмастыруға болады. Бізге қазір байқалмасада келешекте өз әсерін тигізетіні айдан анық. Сондықтан пластиктен бас тартқанымыз дұрыс деп санаймын.

Пластик тек қана құрғақ жерде ғана емес суда, мұхиттарда да кездесіп жатады. Қаншама балықтарға зиян келтіреді, сол себептен сирек кездесетін су мекендеушілері жойылуда. Бірақ пластик шығаруды тоқтатсақ әлем бойынша бәрі өзгеретін секілді. Шығарылып болған пластикті қайта өңдеп шығарып санын азайта аламыз. Дүкендерде тек қағаз пакеттерді қолданып жүрсек аз да болсын табиғатқа өзімізге зиян келтіруді азайтамыз. Кейбіреуі менімен келіспейтінде шығар, бірақ осы мен айтып жатқан кеңес бұл мәселенін таптырмас шешімінін бірі болуы әбден мүмкін. Табиғатты қорғау ол біздің міндет, жер бетінін тазалығы біздің қолымызда.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Абдыхалық Жанель

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

СММ маманына керекті кеңестер және қосымшалар

Қазіргі таңда бұл сала күннен күнге дамуда. Жалпы СММ сөзі маркетинг деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің өзінде көптеген сала түрі бар. Оған мобилография, контент мейкер, пиар менеджер маманықтарын жатқызуға болады.…

Абдыхалық Жанель 38 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин