Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қоқыс жәшігі "бесік" емес!

Автор

Нұрай
2 мин оқу 394 оқылым

Қоқыс жәшігі «бесік» емес!
Көзімді аштым,саулаған жаңбыр,бұлтты аспан,
Жатырмын аяқ астында-жолда жұрт басқан.
Суық бетонның ызғары тесіп кеудемді,
Тұншықтым желге есінен әбден алжасқан.
Тоғыз ай бойы жатыр ем жылы құрсақта,
Неге сырт тептің,кез болдым қалай бұл шаққа?
Анам-ау күнін көрер едік қой Алланың
Қара су, қара нанға да тәубе қылсақ та.
– Халқымыздың тарихында сәбиді далаға қалдырған оқиға болған емес. Алайда БАҚ арқылы көріп отырғанымыздай, бүгінгі таңда көкек аналар жаңа туған сәбилерін далаға, қоқыс жәшіктеріне, әжетханаға тастап кету жағдайларының қатары көбейіп кетті.
Біз қазақ халқы бұндай жағдайларға қарсымыз. Әрбір адам бұл жайында естігенде жаны түршігіп, Алланы есіне алуы керек шығар деп ойлаймын. Жаңа туылған нәрестені тастап кету —жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Не себепті бұлай айтып отырмын? Бұндай жағдайлар азаяды ма десем, керісінше көбеюде. Кейбіреуі балаларын тығылып тастап кетіп жатса, енді біреулері ел-жұрттың көзінше бір емес,3 баласын тастап кетуде. Біріміз білсек, біріміз білмеспіз. Көрермен көзайымына айналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасында туған анасы балаларынан бас тартқан болатын. Ішкілікке салынған ана тоғыз ай құрсағында көтерген перзенттерін өз қолымен өзгеге тапсырған болатын. Бұл тек мәселенің шеті ғана. Тағы бір жағдай, бүгін Қызылордада құтқарушылар әжетханадан өмірге келгеніне көп бола қоймаған шақалақтың өлі денесін алып шықты. Қазір өз баласын тастап кетуден бұрын, туған балаларын өлтіре салу да оңай болып кеткендей. Бірнеше жыл бұрын орын алған оқиғаны мысал ретінде айтып кетсем. 16 жастағы мектеп оқушысы көлікте босанып,трассада көлік терезесінен нәрестені лақтырып жібергенін естіген боларсыздар. Жақында орын алған тағы бір жаға ұстатарлық оқиға,Үштөбелік келіншек екі жастағы туған баласын буындырып өлтіріп, денесін тоңазытқышқа салып қойған.
Енді осындай жағдайлардың шешімі ретінде өте күлкінішті шешімін тапқандай. Баланы қоқысқа емес, «боксқа» тастасақ...
Елімізде «Baby box» – тастанды сәбилерге арналған жәшік орнатылуы мүмкін. Арнайы жабдықталған қорап медициналық мекемелерге орнатылатын болады. Оның өзіндік шарттары да бар екен. Жәшікке салынған баланың денесінде ешбір зақым болмауы тиіс. Табылған жағдайда шарананың анасы іздестіріледі. Ал егер дені сау, денесі сызатсыз болса, сәби балалар үйіне жіберіледі. Бір қызығы жәшікті кез келген жан аша алады. Бала салынған бойда ол құлыпталып, арнайы дабылқаққыш арқылы медицина мекемесіндегілерге хабар беріледі. Қысқасы, сәбиін қорапқа салған ана ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ ондай жандарға кешіріммен қарауға бола ма? Онсыз да көкек аналардың қатары көбейіп жатқан заманда бала тастайтын жәшіктерді орнату арқылы бауыр еті баласынан бас тартатындар санын арттырып алмаймыз ба? Бәлкім жәшік орнатылса, қоқыс пен жертөлеге тасталған сәбилер азайып, жарық дүние есігін ашқан бейкүнә шарананың қауіпсіздігін қамтамасыз етерміз?
Мемлекет тарапынан бұндай жағдайларға әртүрлі шешімдер қарастырылуда. Дегенмен де көріп отырғандарыңыздай бұндай жағдайлар азаяр емес. Тек есте ұстарлығы, мемлекет қанша жерден тастанды баланы қамқорлығына алғанымен, ата-анасына керек болмаған бала бәрібір «жетім» атанары сөзсіз.
Автор;Мұхамедәлиқызы Нұрай
Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетінің ФММК факультетінің студенті.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нұрай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Біз әлемді өзгерте аламыз

Ойтолғауда адамның өмірдегі мақсаты, қиындықтарға мойымау және алға қойған мақсатына жету арқылы әлемге үлес қосу жайы баяндалады.

Нұрай 82 оқылым 1 мин
Ғылым

Мұстафа Шоқай - зиялы қоғам қайраткері

Материалда Мұстафа Шоқайдың өмір жолы, Түркістан автономиясын құрудағы қызметі және ел егемендігі жолындағы мұраты баяндалады.

Нұрай 38 оқылым 10 мин
Эссе

Тәуелсіздік-қолға қонған құсымыз!

Эсседе тәуелсіздіктің қадірі, ата-бабаның ерлігі және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі сөз болады. Автор азат елдің болашағына тілегін білдіреді.

Нұрай 34 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Құқық

Қазақстандағы неке келісімшартының ерекшеліктері

Ғылыми мақалада Қазақстандағы неке келісімшартының құқықтық табиғаты, жасалу тәртібі мен мазмұны қарастырылады. Сондай-ақ оны өзгерту және бұзу ерекшеліктері талданады.

Дузелбай Айжан 20 оқылым 6 мин
Құқық

Кедейшілікті жою ол адамдық парызымыз

Материалда кедейшіліктің себеп-салдары, әлемдегі ауқымы және Қазақстанда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар қарастырылады.

Жумакан 66 оқылым 2 мин
Құқық

Мен таңдаған мамандық

Автор құқық қорғау саласын таңдауының себебін түсіндіріп, прокурордың міндеттері, қажетті қасиеттері және болашақ кәсіби мақсаты туралы баяндайды.

Нұргүл Петр 34 оқылым 5 мин
Құқық

Су ресурстарын қорғау

Қазақстан су ресурсы тапшы елдер санатына жатады. Географиялық тұрғыдан алғанда, бізде табиғи су қоры өте аз және негізгі су ресурсының көзі шекаралас мемлекеттер аумағында орналасқан. Соған қарамастан, біз барлық…

Жумакан 33 оқылым 4 мин