Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қоғамдағы әлімжеттік салдары

Bilimger Media
2 мин оқу 30 оқылым

Қазақ ұлттық университетінің,журналистика факультетінің бірінші курс студенті Кейікші Ақбота Әсетоллақызы


Қоғамдағы әлімжеттік салдары

Баршамызға белгілі соңғы кезде жасөспірім балалардың арасында әлімжеттік көрсету оқиғалары бұрынғы кезбен салыстыра қарағанда көбейіп кетті.Әлімжеттіктің салдары өліммен аяқталып жатқандар да аз емес.Қоғамның қасіретіне айналған бұл мәселелерге дер кезінде тосқауыл қоймаса,ертеңгі жастарымыздың өмірі мен болашағы не болмақ?

Қаншама отбасының қарғысын алған бұзақыларға еліміз неге заң аясында әділ шешім таба алмай отырғандығы көбіміздің қабырғамызды қайыстырды...Өткен жылы мектеп жасындағы жасөспірімге мектептегі жоғарғы сынып ұлдары әлімжеттік көрсетуінің соңы суццидпен аяқталған.Осы секілді тіркелген оқиғалар саны уақыт өткен сайын ұлғаюда...

Жақында ғана әлеуметтік желілерді тас жарған Талғардағы жас батыр Шерзаттың өлімі де осы әлімжеттіктің салдары болып отыр,неге еліміздегі жасөспірім балалардың құқығын қорғауды күшейтпеске?!Ертеңгі егемен еліміздің болашақ жастары осылай бұзақылардың қолынан шетінен қаза бола берсе,елімізді қорғайтын азаматтарымыздың қалмасы анық.Қоғамдағы әлімжеттік салдары үлкен қайғы қасіретпен аяқталып жатқындығы өкінішті.

Біздің қоғамдағы жастарымыздың рухани білімдерінің аздығы ,жұмыссыз қаңғып жүруі,ішімдік пен есірткіге әуес болуы осындай бұзақылардың жауыздық әрекеттерімен аяқталуда...Рухани жан дүниесі бай жастарымыз негізінен әлімжеттік деген секілді ақылға сыймайтын дүниелерге бармайды.Адамзаттың сорына айналған есірткіге еліміз толыққанды тыйым салғанымен,әлі күнге дейін есірткіні қолданушылардың саны азаяр емес.Алькогольдік ішімдікке тойып  алған қазіргі жастарымыз өздерінің не істеп не қойғандарына өздері есеп бере алмайды.Сол себептен де жастар арасындағы қақтығыстар өршіп тұр.Басқа мемлекеттер сияқты біздің елімізде заңды барынша күшейтсе, есірткіні сатып алушы мен сатушыларды құрықтаса,қоғамдағы шиеленіскен көптеген мәселелер өз шешімін табар еді.

Сонымен қатар толыққанды отбасыда өсіп,жақсы тәлім-тәрбие көрген жігіттеріміз ондай жауыздық әрекетке барады деп ойламаймын.Қазақстандағы әлімжеттік салдарын азайту үшін ең бірінші жастар арасындағы рухани байлықты арттырып,әрбір отбасыда берілетін тәрбиеге аса қатты назар аударуымыз қажет.Қоғамның қасіретіне айналған бұл мәселе әрбір қазақстандық үшін маңызды болып табылады.Себебі,әрбіріміздің отбасымызда аға ініміз,ұл-қызымыз өсіп келе жатыр.Сондықтан қазір қоғамдағы бұл жайтты оңтайлы шешпесе болашақ жастарымыздың ертеңгі күні бұлыңғыр болары анық.Жастарымызды барынша рухани жаңғыртуға бәріміз бір кісідей атсалысайық!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 57 оқылым