Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қиялдай алмасаң, қияға шықпайсың

Дамба Саранчимэг
2 мин оқу 45 оқылым

Алматы облысы білім басқармасының  «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  «А.Бубенцов атындағы орта мектеп- мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дамба Саранчимэг

Қиялдай алмасаң, қияға шықпайсың

Біз «бар жақсылық -  балаларға», «балалар біздің болашағымыз» дегенді жай ғана айта салмауымыз керек. Бала болашағының жарқын болуы үшін әрбір адам өз үлесін қосу керек деп ойлаймын. Сол себепті  ұстаздар қауымы оқушыға  тек білім беріп қана қоймай,  дұрыс тәрбие,  нақты бағыт-бағдар мен дамудың даңғыл жолына апаратын дағдыларды  бойына жастайынан сіңіруді көздеуіміз аса маңызды деп есептеймін.

«Қиялдай білмесең, қияға шықпайсың» деп атам қазақ ежелден-ақ айтып кеткен, сондықтан қазіргі ғылыми –техникалық прогрестің қарқынды дамып жатқан заманында біз де өз тарапымыздан заман көшінен қалмаудын жолдарын қарастыруымыз қажет. Осы тұрғыда ғылыми-прогрестен қалмаудың, соған ілесудің бірден бір жолы бала қиялын дамыту болып табылады. Бала қиялын дамытуда халық  ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі ертегілер, аңыз әңгімелер мен қисса, дастандар, сонымен қатар фантастикалық жанрда жазылған шығармаларды оқытудың пайдасы зор екендігі белгілі.  Ал осындай шығармаларды оқып, сусындаған балалардың қиялына қанат бітіп, жаңалық ашуға, ғажайып әлемнің сырын ашуға бейім болады. Қазіргі жаңа технологияның қарқынды дамып жатқан заманда  балаларға тек білім беру аздық етеді, олардың қиялына қанат бітіру жолдарын ұсынып, оны ары дамытар болсақ,  болашақта инновациялық технологияларды өмірге келтіретіні даусыз.

Мектеп оқушыларының  ертегі, аңыз, қисса-дастандар және де  фантастикалық жанрдағы шығармаларға  деген қызығушылығын оятып, ұшқыр қиялға,  креативті ойлауға баулу қажет.  Қиялға қанат бітіретін осынау шығармалар жас оқырмандардың арман-қиялын ұштап қана қоймай, өз заманынан озып туған  азамат ретінде тың жаңалық ашуға жол ашары сөзсіз.

Оқушыларды сабақ барысында және элективті курс аясында  халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі ертегі, аңыз, қисса-дастандар мен әлемдік және қазақ балалар әдебиетіндегі фантастикалық жанрда  қалам тербеген жазушылардың шығармаларымен тереңірек  таныстырып,  қиял-ғажайып жанрында комикс салып, ертегі, әңгіме, шығарма, эссе жаздырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берілуі керек.

Дамыған елдерде, атап айтар болсақ, Америка мектептерінде оқушылардың қиялын дамытуға өте үлкен күш жұмсалады, олар мектеп оқушыларының қиялын дамыту үшін өнерге және кітап  оқуға баулиды. Америка мектептері Эйнштейіннің  «Қиял білімнен маңызды, себебі білім шектеулі» деген ұстанымын басшылыққа ала отырып, балалардың қиял әлемін дамытуға күш салады. Осылайшы  АҚШ әлемді таңқалдыратын тың идеялар мен жаңалықтар отанына айналып отыр.  Біз де мектеп оқушыларының қиялына қанат қанат бітіріп, оларды болашақта жаңалық ашуға бейім етіп тәрбиелеуіміз қажет дегенді білдіреді.

Бала қиялын ерте жастан дамыту керек екендігі белгілі, дегенмен, жасөспірім кезінде де  олардың қызығушылығын кітап оқуға, оның ішінде фантастикалық, дедектив  жанрдағы шығармаларды оқуға тартар болсақ,  осы арқылы оқушылардың   ой-саналарының тереңінде көміліп жатқан қиялын ұштауға мүмкіндік туады деген ойдамын. Ойы шапшаң, қиялы ұшқыр оқушы тек кітапқұмар ғана емес,  дамушы елімізді алға сүйрейтін болашақ ғалымдарынің бірі  болары сөзсіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дамба Саранчимэг

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым