Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
1 мин оқу 52 оқылым

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) мен Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (СБПУ) бірігіп әзірлеген «Қазақстан – Қытай» наноспутнигі 13 желтоқсанда Бейжің уақытымен сағат 09:08-де 530 км биіктіктегі орбитаға сәтті орналастырылды.

Орбитаға қалай жеткізілді?

Ғарыштық зерттеулерге арналған аппарат Ziwei Aerospace компаниясының «Диэр-5» (Яо-8 миссиясы) ғарыш аппараты арқылы «Куайчжоу-11» зымыран тасығышымен орбитаға шығарылды.

Ынтымақтастық туралы

Еске сала кетейік, 2024 жылы ҚазҰУ мен СБПУ микроспутниктерді зерттеу бағыты бойынша бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізуге қатысты келісімге қол қойған. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапары кезінде келісілген болатын.

Наноспутниктің негізгі міндеттері

Жоба аясындағы наноспутник бірнеше маңызды функцияны атқарады. Атап айтқанда:

  • нысандарды жоғары тұрақтылықпен маневр арқылы бақылау;
  • икемді сенсорларға сүйенген платформа бағытын динамикалық түрде қабылдап, өтемдеу;
  • OpenHarmony ашық бастапқы коды бар операциялық жүйесіне негізделген қашықтан зондтау кескіндерін автономды тану.

Әзірлеменің 4 басты артықшылығы

Жобаның ерекшелігі төмендегі төрт көрсеткішпен айқындалады:

  • коммерциялық компоненттер мен жаңашыл дизайн арқасында шығынды тиімді оңтайландыру;
  • жоғары тұрақтылық және дәл бағдарлау;
  • ориентациялық қателерді бейімделген түрде компенсациялауға мүмкіндік беретін қуатты есептеу ресурсы;
  • деректерді Жерге жедел жеткізуге арналған жоғары оперативті өзара әрекеттестік.

Жобаны кімдер қолдады?

Бұл бастама ҚазҰУ базасындағы СБПУ филиалының, «Бір белдеу – бір жол» аясындағы ұлттық бірлескен зерттеу лабораториясының, Әуе-ғарыш институтының және Икемді электроника ұлттық негізгі зертханасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жобаның консультанты – академик Хуан Вэй, жалпы жетекшісі – профессор Юэ Сяокуй, жетекшінің орынбасары – ҚазҰУ профессоры Зәуре Рақышева. Бірлескен зерттеу құрамына Қазақстан мен Қытайдан 20-дан астам маман мен жас зерттеуші қатысқан.

Маңызы қандай?

Бұл ынтымақтастық ғарышты зерттеуді ілгерілетуге, білікті кадрлар даярлауға, ортақ спутниктерді әзірлеуге және микроспутник арқылы Жерді қашықтан бақылау мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

https://www.gov.kz

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 501 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 27 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 212 оқылым