Мазмұнға өту

Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

Дильдабаева Зарина Садуевна 3 мин оқу 108 оқылым

Дильдабаева Зарина Садуевна
№68 «Балбұлақ» балабақшасы
Тәрбиеші

Сөйлеуді дамыту ұйымдастырылған іс-әрекеті

Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»

Мақсаты: Балаларды халық мәдениетіне үйрету, қазақ халқының ою - өрнектері мен халықтың әдет - ғұрыптарын тереңірек ашу және дамыту, балалардың бойына сіңіру. Балаларға ойлау  қабілеттерін арттыру. Ою - өрнектерді  дұрыс  таңдап, ою - өрнек  элементтерінің  атауын  бекіту, мақал – мәтелдер  арқылы  баланың  бойына  сіңіру, ұлттық  тәрбие  беру.

Көрнекіліктер: Суреттер, үлестірмелі заттар, АҚТ, слайд.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, айтып түсіндіру, әңгімелеу, мадақтау.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жайнай берші қаламыз.

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң балалар!

Ұйымдастыру сәті

Интерактивті тақтадан видио қоңырау келеді.

Ашып қараса ертегі әлемінен Айсұлу және Күнсүлу ертегісіндегі Айсұлу. Айсұлу балалардан көмек сұрайды. Достарым мен ертегідегі Айсұлумын гой сендердің маған көмектерін қажет болып тұр. Мені ертегідегі мыстан қамап отыр мында тапысрмалар бар сол тапсырмалар арқылы маған көмек бере аласындар сендердің апайларыңның ватсабына смс түрінде жібердім. Жылдам орындамасандар мені қамаудан босатпайды. Смс хат келеді.  Балалар Айсұлуға қалай көмек бере аламыз ба? Балалардың жауабы.

Ендеше балалар тапсырманы орындауға кірісіндер.

Балалар мұнда ою туралы түсінік беріңіз депті ендеше балалар ою туралы түсіндіріп кетейін.

- Балалар, әр халықтың өзіне тән ұлттық белгілері бар. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі – ұлттық ою-өрнектері.  Ертеде ою - өрнек арқылы бір нәрсені біліп, үйренуге болған, ол бір мағына ұғымды берген. Ою - өрнектер жануарлар әлемінде, өсімдіктер әлеміне, геометриялық пішіндермен байланысты дамыған. Онда белгісіз мағыналар мен әшекей емес, бір бағытты баяндайды.

Интерактивті тақтадан ою - өрнектерді атау, ою-өрнектердің мағынасын түсіндіру.

- Қане, балалар қандай ою - өрнек түрлерін білесіңдер?

1-тапсырма

Ою - өрнек туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

1-бала

Біз кішкентай балдырған,

Он саусақтан өнер тамған.

Қолымызда қайшымыз,

Әдеппен біз бастаймыз

Оюларды қиюдан.

2-бала

Таңдайларың тақылдап,

Сойлегенде сөз бермей.

Шешен болар ма екенсің,

Бармақтарың майысып.

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің.

3-бала

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ ойған оюлап,

Жақсы көрем апамды.

2-тапсырма.

Мына күнді фонариктің көмегімен қарандар ішінен қандай ою бар сол оюға барып жайғасындар.

1топ ою салынған суреттің үстінен жіп өткізген ручкамен оюдың үстінен басып шығады.

2-топ киіз үйдегі оюларды орналастырады

3-топ текемет жасау плакаттағы салафандағы бояуды жағу

4-топ жиектеменің ішіне мақтамен оюды толтыр

3-тапсырма Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан оюлар шығады балалар сол оюға қарап қимылдарын жасайды.

4-тапсырма

Интерактивті тақтадан оюларды сәйкестендір

Интерактивті тақтада оюлардың түрлері шығады, соны дұрысын сәйкестендіреді.

5-тапсырма  жаңылтпаш және мақал-мәтел.

1.Шебердің қолы – алтын,

Шешеннің сөзі – алтын.

  1. Шешеннің тілі – шебердің бізі.
  2. Өнерлі бала – сүйкімді.
  3. Өнер көзі – халықта.
  4. Өнер - өлмес мұра.

1-ші жаңылтпаш

Ойналмаған ойын бар,

Ойылмаған ою бар.

2-жаңылтпаш

Ою ою керек,

Бояуы қою болу керек.

Интерактивті тақтадан Айсұлудың суреті шығады . Балалар сендерге көптеген рахмет мен сендердің орындаған тапсырмаларыңды алдым. Сол тапсырмаларды мыстан кемпірге беріп бостандыққа шықтым. Сау болып тұрыңдар.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетте не көрдіңдер? Балалар кімге көмек бердік?  Не жасадыңдар? Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма ? Қай досыңның жұмысы ұнады, мүмкін өзіңнің жасаған жұмысын ұнаған шығар, қай жұмысын ұнады?

Балалардың жұмыстарын мадақтап, әрқайсысына ризашылығын білдіремін.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ұлттық ою-өрнек түрлерін ажырата білу.

Нені игереді: Әр түрлі ұлттық ою-өрнектер бар екенін игереді.

Нені меңгерді: Ұқыпты, таза жұмыс жасауға дағдыланады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Дильдабаева Зарина Садуевна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин