Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақтың тарихи телехикаялары

Ақжан Тусупкалиева
2 мин оқу 45 оқылым

Тусупкалиева Ақжан Берикқызы

Қазіргі кезде адам баласы үшін уақытты қызықты әрі тез өткізу мақсатында әртүрлі фильмдер мен телехикаялар жарық көруде.Әсіресе, шетелдік туындылар жыл сайын үлкен танымалдылыққа ие.Тек қана жастар емес, сонымен қатар үлкендер де сүйіп қарайтын сериалдар әлем бойынша бірнеше тілдерге аударылып, жанры бойынша да таңдауы шексіз болып келеді.Кейде қалың көрермен, ұнататын кейіпкерлеріне еліктеп,бар жан-тәнімен сүйсініп отырады.Тарихи немесе шынайы өмірде болған оқиғаларға негізделген туындылар болса, керекті ақпаратты лезде жаттап алады.Қуанышымызға орай, қазақтың да жарыққа шығып, күннен-күнге жақсы лебіз жинап жүрген телехикаялары да бар.Оның ішінде, соңғы кездері ұлт мүддесі мен тарихына бет бұрған туындылары көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.Бір жағынан бұл өнер тарапынан айрықша еңбекпен жасалған көркем нәрсе болса, екінші тараптан халқымызға тарих жағынан білім беріп, өткен күннің батырларына құрмет көрсету арқылы, отансүйгіштік қасиетін оятары барлығына мәлім.Ендеше, қазақтың топырағынан шыққан үздік телехикаяларға шолу жасап көрейік.

«Абай»
Мектеп кезінен өлеңдерін жатқа айтып, санамызға терең ойлар енгізген ұлтымыздың құдіретті ақыны-Абай Құнанбайұлы туралы сериал жарық көрген болатын.Қоюшы-режиссер: Мұрат Бидосов, телехикаяны барынша көрерменнің есінде қалатындай етіп, ұлы ақынның бала кезінен бастап, беделді болыс болуына дейінгі кезеңді әсерлі түрде көрсете алды.Сол уақыттағы Абайдың, ұлтымыздың өсіп-көркеюі үшін жасаған істерінің қиынға соққанын, қоғам арасында болған жағдай мен тарихи шындықтың ауыртпалығын көрерменге сездіру үшін басты рөлді сомдаған- Болат Әбділманов барын салып, актерлік шеберліктің шыңын көрсеткен болатын.Сериалды таңданыс пен көз жассыз көру мүмкін емес.Ал кейіпкерлер мен болған оқиғалардың көрерменге берер ықпалы мен маңызы көп екені сөзсіз.

«Ахмет. Ұлт ұстазы»
Еліміздің болашағы жайында көп толғанған, білім жолында аянбай тер төккен қазақтың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін, барлығы тарих бетінен жетік біледі. Дана тұлғамыздың өмірі мен жолындағы қиындықтары жайлы, «Ахмет.Ұлт ұстазы» телехикаясында шебер берілген.Атақты режиссер-Мұрат Есжан мен басты рөлді сомдаған керемет актер-Байғали Есеналиевтің арқасында бұл туынды үлкен қошемет пен ықыласқа бөленді.Әр бөлімде көрсетілген оқиға, әрбір жанның жүрегін елжіретіп, алаңдататыны белгілі.Бұл сериалда Ахмет Байтұрсынұлы мен қазақ зиялыларының ұлт мүддесін қорғап, сақтап қалу мақсатында жасаған үлкен ерлігі мен ауыр тағдыры жайында баяндалады.

«Міржақып, Оян қазақ!»
Актер-Бақыт Қажыбаевтың сомдауындағы Міржақып Дулатұлының бейнесі көрермен жүрегінен терең орын алғаны айдан анық. Телехикаяның режиссері- Мұрат Есжанның шеберлігімен сериал ерекше әрі ғажап туынды ретінде есте қалғанын көпшілік мойындайды.Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының қиын тағдыры мен өмірі жайлы оқиғалар тізбегі көрсетіледі.Ұлттың қамы жайында жүз толғанып, түн ұйқысын төрт бөлген Міржақыптың кітаптары мен романдарының жарыққа шыққан сәтінде көрген қиындықтары мен тарих сахнасында болған қиын-қыстау кезеңдер көрсетіледі.

Осындай мәтінде ұлтымыздың қамы үшін ерлік еткен тұлғалар мен тарихи оқиғаларды : « Мағжан.Мен жастарға сенемін!», «Орбұлақ шайқасы», «Қазақ хандығы.Алмас қылыш», «Әлкей.Ғұлама ғұмыр», «Төле би» секілді фильмдер мен сериалдардан көріп, рухани азық алсаңыздар болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ақжан Тусупкалиева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жаңа технологиялар

Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың адам өміріне әсері.

Мәтінде бұқаралық ақпарат пен заманауи технологиялардың адам өміріне ықпалы, олардың пайдасы мен зияны және ақпаратты сұрыптаудың маңызы сөз болады.

Ақжан Тусупкалиева 2 мин 175 оқылым
Жалпы рубрика

Қазақтың тарихи телехикаялары

Мәтінде «Абай», «Ахмет. Ұлт ұстазы» және «Міржақып, Оян қазақ!» телехикаялары аталып, олардың тарихи тұлғалар мен ұлт мүддесін танытудағы маңызы сөз болады.

Ақжан Тусупкалиева 2 мин 34 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым