Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақтың Ахметі

Bilimger Media
1 мин оқу 27 оқылым

Ахмет Байтұрсынұлы өз өмірін халыққа,қазақ тіліне арнаған ұлы тұлға.Оның болашақ ұрпаққа қалдырған ұлы мұрасы деп негізінен жазушының барлық шығармаларын және кітаптарын айта аламыз.Бірақ та,солардың ең маңыздысы менің ойымша қазақтың әліпбиі. Яғни,ең алғашқы қазақша әліппе "Оқу құралы" болашақ ұрпақтың сауатын ашуға негіз бола білді деп санаймын.Сол заманда көзін қараңғылықтан ашпаған надан халқын, өзінің "Қырық мысал","Маса","Қазақтың бас ақыны","Баяншы","Тіл жұмсар" секілді шығармалары және мақалалары арқылы білім-ғылымға жетелеп, жарқын болашақтың қолынан ұстатты.Меніңше,Байтұрсынұлының "Маса" өлеңдер жинағы көп нәрседен хабар береді.Бәріміз білетіндей бұл өлеңнің басты идеясы қарапайым халықты білімге шақырып, мәдениетті өмір салтына үйрету еді.Сол себепті,қазіргі таңда да бұл жинақтың маңызы өте жоғары болуы тиіс деп ойлаймын.Себебі,бұрынғы заманда ел деп,халық деп кеткен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ үшін сіңдірген еңбегі еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес құнды іс.Ал ендігі,қазақ тіл білімінің негізін салушы,қоғам қайраткері ретінде жасаған қызметіне дәлел келтіретін болсам,ең алдымен Ахмет Байтұрсынұлының ұстаздық қызметін айтар едім.Өйткені, ұлы тұлға тек қоғамдық мәселелерді шешу жолын іздеп қоймай,оқу орындарында оқушыларды білім нәрімен сусындатып,өзінің тәлім-тәрбиесін берді.Мысалға,Ташкенттегі Халыққа білім беру институтында 1928 жылдары қазақ тілі және әдебиеті, тарихы мен мәдениетінен дәрістер оқыды.Яғни,адамдарды қазақ тілінің және әдебиетінің,тарихы мен мәдениетінің қыр-сырынан хабардар етіп,оларға білімді насихаттай білді.Тағы да айтар болсам,Байтұрсынұлы өз кезінде Бакуде өткен I түркология съезіне қатысып,білім беру жүйесін жан-жақты дамыту туралы бірқатар мәселелерді көтерді. Осыдан кейін біз Ахмет Байтұрсынұлының халыққа деген жанашырлығын,өз ісіне деген жауаптылығын,қазақ халқына деген риясыз ықыласын көре аламыз.Ол өзінің халқының қиын жағдайына төзе алмай,қолынан келгенше қазақты биікке көтеруге үлес қосты.Және де Байтұрсынұлының бұл еңбегі ақталып,қазіргі таңда ұрпақ оған алғыс айтып,мәртебе көрсетуде.Қорытындылай айтқым келетіні,Ахмет Байтұрсынұлының есімі қазақ тілі бар кезде ешқашан өшпейді және ұмытылмайды!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым