Мазмұнға өту
Жаңалықтар Жаңалық

Қазақстандық мектептерде алғаш рет стоматологиялық кабинеттер ашылды

Bilimger Media 2 мин оқу 27 оқылым

Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады. Сонымен қатар, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді. Енді мектептің ас мәзірін ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау міндеті денсаулық сақтау ұйымдарына берілді.

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордалық мектептерде осы жаңашылдықтардың іске асырылуын бірлесіп тексерді.

Қазіргі уақытта тіс ауруларының алдын алу кабинеттері 150 мектепте ашылды. Жыл соңына дейін тағы 90 кабинет ашу жоспарланып отыр. Ал 2028 жылға дейін мектептерде 1000 стоматологиялық кабинетін іске қосу көзделуде. Бұл бастама оқушы саны мыңнан асатын ірі білім беру ұйымдарын қамтиды. Ең алдымен, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңадан салынған мектептерде ашылуда. Ашылған кабинеттерде оқушыларға алдын алу бағытында стоматологиялық көмек көрсетіледі, ауыз қуысы ауруларын ерте диагностикалау жүргізіледі және санитарлық-ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылады.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады және бұл барлық тараптардың, оның ішінде медицина мамандарының да қатысуын талап етеді.

«Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Мектеп – әрбір бала физикалық және рухани тұрғыда дамитын қауіпсіз орта болуы тиіс. Сауықтыру-педагогикалық тәсіл арқылы салауатты өмір салтьн қалыптастыру сапалы білім берудің ажырамас бөлігі болып табылады», – деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енді. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл стандартта алғаш рет тұз бен қанттың мөлшеріне шектеу белгіленді.

«Мектеп медицинасын білім беру үдерісінің толыққанды бөлігіне айналдырудамыз. Бүгін біз салауатты тамақтану стандартына негізделіп жаңадан әзірленген мектеп ас мәзірінің қалай енгізіліп жатқанын көрдік. Енді балалардың рационында жаңадан дайындалған және пайдалы тағамдар көбейді. Биыл бірнеше мектепте балаларға тегін профилактикалық көмек көрсетілетін стоматологиялық кабинеттер ашылды», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінің бастамасы өткен оқу жылынан бастау алған. Сол кезде мектептегі тамақ сапасына бақылау күшейтілді. Жаңа талаптарға сәйкес, күн сайын мәзірдің дайындалу сапасын тексеруге мектеп мейірбикелері де тартылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1–4 сыныптың 1,8 миллионнан астам оқушысы, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы 5–11 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылған.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

Ерлан Қарин. Вице-президенттің өмірбаяны, білімі және еңбек жолы

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды. 2026 жылғы 31 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның кандидатурасын Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынды. Депутаттардың басым…

Bilimger Media 174 оқылым 11 мин
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды. Саяси зерттеулерден бастап Президент Әкімшілігіне дейінгі мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейінде қызмет атқарған ол бұған дейін…

Bilimger Media 201 оқылым 7 мин
Жаңалықтар

2026–2027 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс күндері мен тоқсан мерзімдері белгілі болды.

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс күндері мен тоқсан мерзімдері белгілі болды. Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Оқушыларды күзгі, қысқы және…

Bilimger Media 797 оқылым 4 мин
Жаңалықтар

2026 жылы бәрі өзгереді ме? Халықтың өміріне тікелей әсер ететін жаңа заңдар мен жаңалықтар

Қазақстан 2026 жылды үлкен өзгерістермен қарсы алғалы отыр. Жаңа салық жүйесі, өсетін жәрдемақылар мен зейнетақы, денсаулық сақтау мен жұмыс тәртібіндегі елеулі жаңалықтар – мұның бәрі әрбір қазақстандықтың өміріне…

Bilimger Media 245 оқылым 4 мин