Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстандағы экономиканың жаһандануы. Трансформациясы мен мүмкіндіктері.

Bilimger Media
3 мин оқу 148 оқылым

Бүгінде біздің еліміздің экономикалық бағыты мен болашағы жайлы сұрақтар жаһандану процесімен тығыз байланысты. Жаһандану тек экономикалық байланыстың артуын ғана емес, мемлекеттердің арасындағы шекаралардың жойылуын, тауарлар мен қызметтердің жылдам алмасуын, сондай-ақ идеялар мен мәдениеттердің интеграциясын білдіреді. Қазақстан үшін бұл процестің өз ерекшеліктері мен тәуекелдері бар, өйткені жаһанданудың әсері тек нарықтарға ғана емес, қоғамның барлық салаларына әсер етеді.

Қазақстанның жаһандануға кіруіне,яғни тарихи контекстіне тоқталып кетейін.

Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциясы КСРО-ның құлауы мен тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. Бұл кезеңде Қазақстан нарықтық экономикаға өту процесін бастады. 1990 жылдардың аяғында экономикалық реформалар жүргізіліп, әлемдік сауда ұйымдарына қосылу туралы алғашқы қадамдар жасалды. Соның ішінде, 2000-жылдары Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып, Қытаймен сауда-саттықты жандандыра бастады.

Қазақстанның ең үлкен жетістігі-табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Мұнай мен газ, минералдар мен металлдар сияқты шикізаттардың қоры жаһандық нарықтарда үлкен сұранысқа ие. Дегенмен, ресурстарға тәуелді болу-бұл экономиканың негізінде жатқан әлсіздік.

Қазақстандағы экономиканың жаһандануы екі басты сипаттамамен ерекшеленеді: Олар, мүмкіндіктер мен тәуекелдер.

1.Мүмкіндіктер:

-Нарыққа шығу және экспорттың артуы. Қазақстан табиғи ресурстар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік алғандықтан, экономикалық өсу үшін үлкен алаң пайда болды. Қытай, Ресей, Еуропа елдерімен сауда байланыстары нығайып, Қазақстанның тауарлары халықаралық нарықтарда танымал болуда.

-Инвестициялар мен технологиялар. Жаһандану Қазақстанды шетелдік инвестициялар тартуға ықпал етеді. Түрлі көпұлтты компаниялар Қазақстанда өз өндірістерін ашып, жаңа технологиялар мен басқару тәжірибелерін енгізуде. Бұл инновацияларды енгізуге, ауыл шаруашылығы мен өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

-Инфрақұрылымның дамуында алға жылжу. Қытай мен Еуропа арасындағы көлік дәліздерін дамыту, логистика мен көлік инфрақұрылымын жетілдіру жобалары Қазақстан үшін маңызды стратегиялық қадам болып табылады. Бұл жолдар мен әуе байланыстары жаңа сауда нарықтарына есік ашады.

2.Тәуекелдер:

-Шикізатқа тәуелділік. Қазақстан экономикасы ресурстарға тәуелді болғандықтан, әлемдік нарықтағы бағалардың тұрақсыздығы ұлттық экономикаға тікелей әсер етеді. Мұнай мен газ бағасының құлдырауы, мысалы, мемлекеттік бюджетке ауыртпалық түсіреді.

-Жаһандық бәсекелестік. Жаһанданудың ықпалы көбіне Қазақстан сияқты дамушы елдерге жаңа бәсекелестердің келуіне себеп болады. Арзан еңбек күшіне негізделген өндіріс орындарының артуы Қазақстанның тауарлары мен қызметтері үшін қатер тудыруы мүмкін.

-Көлік және энергетикалық тәуелділік. Қазақстанның басты экспорттық тауарларының көбі шикізат болып табылады, бұл сыртқы әлеммен байланыстырушы көлік және энергетикалық инфрақұрылымдардың болуына тәуелділікті күшейтеді. Мұндай тәуелділік сыртқы саяси тұрақсыздық пен экономикалық санкциялар кезінде өте қауіпті.

Қазақстанның экономикалық жаһандануы тек шикізат экспорттау емес, сонымен қатар, ақпараттық технологиялар мен инновациялар арқылы да дамып келеді. Әсіресе, соңғы жылдары мемлекет цифрландыруға үлкен назар аударып, инновациялық стартаптарды қолдауға арналған арнайы бағдарламалар мен платформалар іске қосылды. Мысалы, Нұр-Сұлтанда инновациялық хабтар мен стартап алаңдарының құрылуы-жаңа технологияларды енгізуге және халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға бағытталған қадамдар.

Қазақстанның ауыл шаруашылығында да цифрландырудың ықпалы айқын байқалады. Ғарыштан түсірілген суреттер арқылы егіншілікті басқару, дрондар мен роботтарды пайдалану-бұл саланың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның геосаяси жағдайы оның жаһандық экономикадағы орнына айтарлықтай әсер етеді. Орта Азиядағы географиялық орналасуы, Еуропа мен Азияның арасындағы маңызды көлік дәлізі ретіндегі рөлі Қазақстанға ерекше артықшылықтар береді. Алайда, бұл жағдай сонымен қатар елімізге сыртқы саяси ықпалдардың артқанын білдіреді. Қытай мен Ресейдің экономикалық ықпалы, АҚШ және Еуропаның сауда-саяси мүдделері -Қазақстан үшін маңызды факторлар болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының маңызы артып отыр.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым