Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Қазақстанда мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды

Bilimger Media
1 мин оқу 28 оқылым

Қазақстанда мектеп оқушыларының XII жазғы гимназиадасы басталды

📣 Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының мәліметінше, Алматы қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен оқушылардың XII жазғы гимназиадасының ашылу салтанаты өтті.

🗣 Гимназиада қатысушыларына сәттілік тілеген Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев балалар-жасөспірімдер спортын дамытудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен біздің оқушыларымыз жыл сайын халықаралық додаларда жеңіс тұғырынан көрінуде. Мәселен, бір ғана 2023-2024 оқу жылында қазақстандықтар түрлі халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқауларда 600-ден астам медальді қанжылаған.

«Жас спортшылар үшін бұл сайыс өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибелер жинақтауға ғана емес, сондай-ақ жаңа достар табуға үлкен мүмкіндік береді. Гимназиада бізге еліміздің талантты спортшылары мен болашақ чемпиондардың есімдерін таныстыратынына шүбәсіз сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік және жеңістің биік белестерін бағындыруын тілеймін», - деді Қаныбек Жұмашев.

📆 Атап өту керек, спорттық сайыстар 2 маусым-28 тамыз аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында өтеді.

📌 Мұнда екі мыңнан астам оқушы сайыстың 52 түрі және спорттың 23 түрі бойынша өзара бәсекеге түседі. Бұл үстел теннисі, футбол, регби, бадминтон, спорттық бағдарлау, корабль құрастыру, ұлттық спорт түрлері және т.б.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 441 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым