Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Қазақстанда балаларды мектептер арасында ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды

Bilimger Media
1 мин оқу 55 оқылым

Қазақстанда балаларды мектептер арасында ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды

💻 Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды үйден шықпай-ақ, eGov.kz порталында жүзеге асыра алады. Онда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс жерлерде көрсетілген кез келген білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігі беріледі.

🔷 Жаңа процесс есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды қажет етпейді. Мектеп таңдаған кезде оқу тілі де көрсетіледі. Сондай-ақ өтініш берушінің өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

♻️ Мемлекеттік қызметті алу үшін:

• eGov.kz порталында тіркеуден өтіп, «Білім» бөліміне өту керек;
• «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін таңдап, қажетті жолдарды толтыру және ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қою қажет;
• қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады.

📌 Айта кетейік, жаңа мемлекеттік қызмет түрін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР ЦДИАӨМ, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп әзірледі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 441 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым