Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі

Махатова Камилла
2 мин оқу 66 оқылым

Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі қазіргі қоғамда талқыланып жатқан өзекті мәселенің бірі. АЭС салу мәселесінің өзектілігі бүгін ғана пайда болған жоқ, бұл мәселе бұрыннан, әсіресе Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, талқыланып келеді. Қазақстан уран қоры бойынша әлемде алғашқы орындарда тұрғандықтан, ядролық энергияны тиімді пайдалану идеясы бірнеше онжылдықтардан бері күн тәртібінде тұр. Бұл мәселенің өзектілігі елдің энергетикалық қажеттіліктерін, экологиялық қауіптерді және экономикалық пайдасын ескеруден туындады. Естеріңізге сала кетейін, 6 қазан республикалық референдум.

Қазіргі таңда адамдардың ойлары әртүрлі бағытта дамып жатыр: АЭС салу бізге пайдалы ма, жоқ па деген сұрақ қоғамды толғандыруда. Осы мақала сізге осы мәселе бойынша нақты бағыт-бағдар бере алады деп үміттенемін.

Қазақстанда АЭС салудың тиімді жақтары:

1. Энергетикалық тәуелсіздік – яғни, атом электр станциясы елдің ішкі энергия қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, сыртқы нарыққа деген тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Егер сіз алға қарай дамуды мақсат етсеңіз, АЭС еліміздің энергетикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алатын сенімді шешім бола алады деп айтуға болады.

2. Таза энергия көзі -  атом энергиясы парниктік газдардың шығарылуын едәуір азайтады. Егер АЭС-ті басқа энергия көздерімен салыстырсақ, атом электр станциясы экологиялық тұрғыдан тазарақ болып саналады. Мысалы, көмір немесе мұнайға негізделген электр станциялары ауаға үлкен көлемде парниктік газдар мен зиянды заттар шығарады, ал АЭС жұмыс істеу кезінде мұндай ластаушы заттарды атмосфераға шығармайды.

3. Экономикалық дамуға ықпал -  АЭС құрылысы ғылым мен техниканың дамуына үлкен серпін береді. Қазақстан атом өнеркәсібінде тәжірибесі бар ел ретінде өз біліктілігіносы тұрғыда  арттыра алады.

АЭС салудың тиімсіз жақтары:

1. Қауіпсіздік мәселесі – әрине, әрбір құбылыстың өзіндік кемшіліктері бар. Атом электр станциялары үлкен қауіптерді де алып келуі мүмкіні. Мысалы, Семейдегі сияқты жарылыстардың болмауына кім кепіл? Егер осындай жағдайлар қайталанса, уытты заттардың таралуы тоқтамайды. Қазақстанда АЭС салу қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және қадағалауды талап етеді.

2. Экономикалық шығындар - АЭС салу өте қымбат жоба. Оның құрылысы мен қызмет көрсету шығындары ұзақмерзімді инвестицияны талап етеді.Сәйкесінше, Қазақстанда осындай ірі жобаны жүзеге асыру үшін қаржылық тұрақтылық пен халықаралық серіктестіктер қажет. Сондықтан да бұл жұмыс ұзақ мерзімді болмақ.

3. Қалдықтарды басқару - АЭС-тің радиоактивті қалдықтарын сақтау және басқару мәселесі де өзекті. Мұндай қалдықтар ұзақ жылдар бойы қауіпті болып қала береді, сондықтан олардың сақталуы экологияға теріс әсерін тигізетіні сөзсіз.

Қорытындай келе, АЭС салу мәселесі Қазақстан үшін маңызды шешімдерді талап етеді. Бұл референдумда әрқайсыңыздың пікірі мен дауысы маңызды. Бұл біздің және сіздің болашағыңыз. Сондықтан, тағдырыңызды біреуге сеніп тапсырмай, өзіңіз шешім қабылдаңыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Махатова Камилла

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 58 оқылым