Мазмұнға өту

Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы 3 мин оқу 53 оқылым

Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы
"Өнер мектебі" үйірме жетекшіcі


Сабақтың мақсаты:

1.Шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл мерекелігі жөніндегі білім беру

2.Шешендік сөздегі термині.

3.Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз  сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: іздендіру, топтастыру.

Көрнекілігі: суреттер, кестелер,нақыл сөздер.

Пәнаралық сабақтар: әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылығын ояту.

Ой қозғау.

Ой толғау.

Ой түрткі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Үй тапсырмасын қайталау.

1.Шешенге қандай талаптар қойылады?

2.Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады?

3.Шешендік сөздің сапаларына не жатады?

Тілдің тазалығы.

Ой жүйелігі.

Сөздің мазмұндылығы.

Сөз қысқалығы.

Сөз түсініктілігі.

Сөз әуезділігі.

Сөз байлығы.

Сөз анықтылығы

Сөз дұрыстығы.

Сөз дәлдігі.

Ал,қазір «Көкпар» ойынын ойнайық, бұл ойынды қай топ ең жылдам, ең тапқыр сол топ жеңеді.

1.Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.

2.Пішен деген сөздің жұрнағын алыңдар.

3.Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.

Қандай сөз шықты, кім айтады?

Жауабы: «Ше-шен-дік»

Жаңа сабақ:

Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін, шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы шешендік  қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстаррдан туады, көп жылдық тәжіриба мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз «тілге жеңіл, тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады.

Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал, құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.

«Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ, қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, ғалымдары ойға шебер,тілге шешен болғанын байқаймыз.

Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың тапқыр ойымен,шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды,көркем пікірін шешендік сөз дейміз.

Би: - дау жанжалға билік айтушы

Шешен: - сөзге шебер,тілге жүйрік адам.

Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары, ертегі, батылар жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар,қара өлең, термелер т.б ойынды өрістетіп,тапқырлыққа баулып, үлгі насихат арқылы тыңдаушының таным дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды,олар сонымен қатар, қазақ даласында әлеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де дараланады.Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған.Шешендік сөз парасатты ойға,ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Шешендіктің басты қасиеті – тапқырлық,шапшаңдық.

Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше.

Шешендік өнердің қайнар көзі.

Төл әдебиетіміз ХV ғасырдан басталады.Ендеше ақын* жыраулардың,толғау, термелері, айтыстары т.б осы шешендік сөздердің алғашқы баспалдақтары. Сондай-ақ , аты аңызға айналған. Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба, Жетек би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б билер мен шешендер туралы әңгімелер,насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы екендігінде шүбә жоқ.

Ой толғаныс:

1-оқушы: жігіт ролінде

Ассалаумалейкүм биаға!

2-оқушы: бидің рөлінде

Уағалейкүмассалам! Жол болсын жігітім!

1-оқушы: жігіт Биаға, сізге сәлем беруге, өзімізді сынатуға келдік.

2- оқушы: шешен Олай болса, менен мына сұрақтарыма жауап беіңдер.

-Тәттіде не тәттәі?

-Қаттыда не қатты?

-Жұмсақта не жұмсақ?

1- оқушы жігіт :

-Тәттіде бал тәтті

-Қаттыда тас қатты.

-Жұмсақта мамық жұмсақ

2-оқушы шешен:

Ай, балам –ай, таппадың? Ал, енді кім жауап береді?

3-оқушы жігіт:

Тәттіде ананың сүті тәтті

Қаттыда атаның жүрегі қатты

Жұмсақта аланың алақаны жұмсақ.

2-оқушы шешен

Өзің бір болайын – деп тұрған бала екенсің!

Жарайсың балам,мұратыңа жет,қатарыңның алды бол.

Бағалау:  Жарайсыздар! Балалар рахмет.

Бүгінгі сабаққа жақсы атсалысқандарыңызға.

Үйге тапсырма:

«Қазақ ұлттық өнерінің ерекшеліктерімен танысып келу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Абай мен Қиясбайдың ертегілері

Сабақтың мақсаты:Абаайдың көптеген әңгімелерінен өлеңдерінен үнемі оқып танысып отыруға өалыптастыру. Сабақтың міндеті: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін оқуға деген қызығушылығын ояту.…

Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы 28 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: 1.Шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл мерекелігі жөніндегі білім беру 2.Шешендік сөздегі термині. 3.Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден аулақтату, тауып сөйлеуге…

Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы 34 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Ғылым таппай мақтанба!

Сабақтың мақсаты: 1.А.Құнанбаев туралы толық мағлұматалу,өлең мазмұнын түсіне отырып,негізгі ойды ашу. Өлең мазмұнындағы адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін, ажырату.Өлеңді мәнерлеп оқу машығын дамыту. 2.Оқушы…

Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы 73 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин