Теміржан Сарбиназ Бауржанқызы · Тохтарбаева Жаннұр Құрманғазықызы · Смағұл Айдана Айтбекқызы
ҚазҰҚПУ, 6В05302 – «Физика» мамандығының 3-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Қоштыбаев Талғат Бектасұлы, физика‒математика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті физика кафедрасының профессоры м.а, ҚазҰҚПУ
Аңдатпа
Әлемде көптеген жоғары оқу орындары бар. Сол оқу орындарының ішіндегі білім беру кеңістігінде айрықша сипатқа ие - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Бұл тұжырым деке пікір ғана емес, нақты деректер мен жеке статистикалық көрсеткіштер арқылы да айқындалады.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мемлекеттік стандартқа сай оқу орны және барлық мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растаған Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі. Міне,осы мақаламда мен оқу орының жетістіктері мен ерекшеліктерін айтып өту арқылы беделін шыңдау.
Кілт сөздер: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, білім,педагогика,стандарт,мамандық.
Аннотация
В мире существует множество высших учебных заведений, однако среди них особое место в образовательном пространстве занимает Казахский национальный женский педагогический университет. Данное утверждение является не просто выражением личного мнения, но и находит убедительное подтверждение в конкретных фактах и статистических показателях. Казахский национальный женский педагогический университет представляет собой одно из ведущих учреждений системы высшего образования Республики Казахстан, осуществляющее образовательную деятельность в соответствии с государственными стандартами и обладающее необходимыми правовыми основаниями для реализации образовательных программ по различным направлениям подготовки.В настоящей статье я намерена всесторонне осветить ключевые достижения, отличительные особенности и стратегические преимущества университета, продемонстрировав его значимый вклад в развитие отечественного образования и укрепление его академического авторитета.
Ключевые слова:Казахский национальный женский педагогический университет, образование, педагогика, стандарт, специальность.
Abstract
There are numerous higher education institutions across the world; however, the Kazakh National Women's Teacher Training University occupies a distinctive position within the global educational landscape. This statement is supported not only by personal odservations but also by relevant facts and statistical data. The Kazakh National Women's Teacher Training University stands among the leading institutions within the higher education system of the Republic of Kazakhstan. It conducts its educational activities in accordance with national educational standards and possesses the requisite legal authorisations to deliver academic programmes across a diverse range of disciplines.The purpose of this article is to provide a comprehensive examination of the University's principal achievements, distinctive institutional characteristics, and strategic advantages, while highlighting its substantial contribution to the advancement of national education and the enhancement of its academic standing.
Keywords:Kazakh National Women's Teacher Training University, education, pedagogy, standard, specialty.
1944 жыл, дәл осы жылы қазақ даласында жаңа мүмкіндік ашылғанын кім білген, әсіресе бұл сөз қыздар қауымына екені ешкімнің ойына үш ұйықтасада келмейтіні айдан анық. Себебі сол жылы алғаш рет Қазақстанда тек қыздарға арналған ЖОО ашылған болатын. Сол жылдары соғыс ,аштық, қиындық билеп тұрған заманда оқу, даму деген ойға кіріп шықпайтын. Халықтың көп бөлігі жоғары білімі жоқ еді, ал қыздар туралы мүлдем сөз қоғамасақта болады. Сол кезде қыздар қауымында тек үй тірлігі, күйбен тіршілік пен ертеңгі күнім не болады деп қана ойлаған жылдар еді. 1944 жылғы 15 тамызда алғаш рет 30 студент қабылдау туралы шешім қабылданды.Сол жылы физика-математика, тарих факультеттеріне, сондай-ақ тіл және әдебиет факультетіне түскен болатын.
1949-1950 оқу жылында студенттер контингентінің қысқаруына байланысты кешенді кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.Бұл оқу ордасында көптеген танымал тұлғалар білім алды,атап айтсам:Нұршайихова Халима Қалиақпарқызы-"Махаббат,сүйікті жылдар"романының басты кейіпкері. Куленова Жаухар Сафиновна институттың алғашқы түлектерінің бірі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты,Мадина Ералиева Есмалайқызы ҚР еңбек сіңірген әртісі және т.б.(1 сурет)
1 сурет.Нұршайихова Халима Қалиақпарқызы,Куленова Жаухар Сафиновна,Мадина Ералиева Есмалайқызы.
1.Бүгінгі таңда университет білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді белсенді енгізуде және дамуын жалғастыруда.Университеттің миссиясы: ел мен әлемнің игілігі үшін білім беру саласындағы озық білім мен құндылықтарды құра, дамыта және тарата алатын көшбасшы мұғалімдерді қалыптастыру.Университет Орталық Азияда оқытудың, оқытудың және зерттеудің инновациялық әдістерінің, сондай-ақ ауылдық білім беруді дамытудың хабына айналуға ұмтылады [1].
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті басты ерекшелігі,ол-Орталық Азия мен ТМД кеңістігіндегі тек қыздарға арналған жалғыз жоғары оқу орны. 80 жылдан астам тарихы бар университет ұлттық тәрбие дәстүрлерін заманауи педагогикалық инновациялармен және халықаралық білім беру стандарттарымен ұштастырады [2].
Оқу ордасы сонымен қатар,инновациялық тәсілдер, ғасырлық тарих және халықаралық стандарттары мен де ерекшеленеді.Оларға жеке-жеке тоқталсам.
Бірегей мәртебе және жүз жылға жуық тарихы мынада:
·Орталық Азиядағы бірегей оқу орны. Университет 1944 жылы қазақ қыздарынан жоғары білімі бар мамандар даярлау мақсатында құрылған және әлі күнге дейін өзінің бастапқы миссиясын сақтап келеді.
·Ұлттық мәртебе. 2018 жылы университетке Ұлттық мәртебе берілді, оның елдің педагогикалық ғылымы мен білім беру жүйесіндегі стратегиялық рөлі анықталды.
·Ұлттық тәрбие және ақыл мектебі.Академиялық білімнен басқа, қыздардың жеке дамуына, көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге және ұлттық құндылықтарды игеруге баса назар аударылады.
Инновациялық тәсілдер және білім беру экожүйесі:
·Digital University жүйесі: оқу процесі және студенттерге қызмет көрсету толығымен цифрландырылған. Бұл студенттерге икемді және заманауи ортада білім алуға мүмкіндік береді.
·Педагогикалық зерттеулер:университетте жаңа буын педагогтарын даярлауға бағытталған заманауи зертханалар мен ғылыми орталықтар жұмыс істейді.
·Орнықты даму қағидаттары:оқу орны БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын (ТДМ) білім беру бағдарламаларына және университетті басқару мәдениетіне белсенді түрде енгізеді.
Халықаралық стандарттар және жаһандық интеграциясына тоқталсам:
·Қос диплом бағдарламалары:студенттердің шетелдік серіктес университеттермен бірлескен білім беру бағдарламалары аясында екі диплом алу мүмкіндігі бар.
·Академиялық ұтқырлық:университет Еуропа, Азия және Американың жетекші жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста, студенттер мен оқытушылардың тәжірибе алмасуын үнемі ұйымдастырады.
·Халықаралық аккредиттеу: университеттің білім беру бағдарламалары халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттелген. Бұл түлектердің әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады [3].
Оқу орны «Білімді қыздар-Білімді ұлт» ұранымен қарқынды өзгермелі әлемге бейім, көшбасшы ұстаздар буынын қалыптастыруға басымдық береді.
2.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіуниверситеттердің әлемдік рейтингісіне кірді.The Times Higher Education Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім сапасын растап, университеттердің 2024 жылғы World Universities Rankings деп аталатын әлемдік рейтингісіне қосты (2сурет).
2 сурет.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім сапасын растауы.
Бұл оқу ордасының ең үздік әрі инновациялық тәсілмен оқытатынына дәлел болып табылады.Статистикаға сүйенсем:QS Asia 2027 рейтингінде бірден 280-нен астам сатыға жоғарылап, 791-800 орындар аралығына көтеріліп, Азияның үздік 800 университетінің қатарына енді. Бұған дейінгі QS Asia 2025 рейтингінде оқу орны 801-850 санатында болған.Оқу орны QS EECA (Шығыс Еуропа және Орталық Азия), Times Higher Education (THE), ARES және Webometrics рейтингтерінің қатысушысы болып табылады.Оқу орынының ресми деректеріне сүйенсем,университет «Білім» бағытындағы еліміздің үздік 3 педагогикалық ЖОО қатарына кіреді және жалпы ұлттық рейтингте 7-орынды иеленген. Сонымен қатар «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» және «Құқық негіздері, экономика» бағдарламалары ұлттық рейтингте 1-орын алған.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қос диплом берілетін бағдарламалар тізімін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша оқудан сәтті өткен студенттер қазақстандық және шетелдік диплом алады (QyzPU +серіктес ЖОО). Қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестер:
-Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, АҚШ
-Польша Республикасы, Катовице қаласындағы Силезия университеті
-Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті болып табылады.
Оқу орнында ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, PhD докторлары және профессорлар жұмыс істейді. Сонымен, университеттің ғылыми жұмысы мен стратегиялық бастамаларына философия ғылымдарының докторы, профессор Ақтолқын Құлсариева (3 сурет) жетекшілік етеді. Ал оқу орнын педагогика саласында үлкен тәжірибесі бар ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Кәрімова басқарады.Академиялық ұтқырлық және интернационалдандыру бағдарламалары аясында АҚШ, Еуропа және Түркиядағы серіктес университеттердің профессорлары дәрістерге шақырылады. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дуальды оқытуға мектеп директорлары, оқулықтар орталығының сарапшылары және саланың белгілі тәжірибе мамандары тартылды [4].
3 сурет.Ақтолқын Құлсариева
3.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жаңғыртып, білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту арқылы инновациялық жобаларды жүзеге асыруда. Университетте жасанды интеллект, инклюзивті білім беру, жасыл энергетика және әлеуметтік зерттеулер салаларындағы бастамалар қарқынды дамып келеді,бұл сөзіме Digital Lady технопаркінде заманауи зертханалардың ашылуы дәлел деп санаймын (4 сурет).
4 сурет.QyzPU Digital Lady технопаркі
2-ші қазан 2025 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде цифрлық білім беруді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама жүзеге асырылды.Университет жанындағы Digital Lady технопаркінде үш заманауи зертхана-Apple class, 3D Lab және Атомдық және ядролық физика зертханалары салтанатты түрде ашылды [5].
Сонымен қатар,әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты Орталық Азиядағы гендерлік теңдікті, отбасылық құндылықтарды және пәнаралық әлеуметтік мәселелерді зерттеудің жетекші орталықтарының бірі болып табылады.
4.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттерді оқыту, демалу және жан-жақты дамыту үшін қолайлы орта құрылған әрі заманауи стильде жасалынған. Баспа кітаптарымен қатар қазіргі кітапханада электронды ресурстар мен оқу залдары бар. Бұл студенттерге зерттеу жүргізуге және емтихандарға тиімді дайындалуға септігін тигізеді. Оқу процесін ұйымдастыру және студенттер мен қызметкерлердің салауатты өмір салтын қолдау үшін университеттің қазіргі заманғы спорттық инфрақұрылымы бар: жалпы ауданы 633,5 ш.м. "Аққу" жүзу бассейні 4 жүзу жолы бар. Университет жанынан "Ақбілек" спорт клубы жұмыс істейді, оған спорт түрлері бойынша барлық құрама командалар мен спорт секциялары кіреді [6].Университеттің спорт түрлері бойынша құрама командалары жыл сайын спорттық жабдықтармен, ойын және спорттық құралдармен жаңартылып отырады(5 сурет).


5 сурет.Жалпы ауданы 633,5 ш.м. "Аққу" жүзу бассейні 4 жүзу жолы бар 32 орынға (ұзындығы 25 м.).
Университет студенттердің тұлға ретінде қалыптасуына ерекше назар аударады. Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізе отырып, университет өміріне белсенді қатысады, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытады. Әр түрлі бағыттағы үйірмелер шығармашылық, ғылыми және мәдени қызығушылықтарды дамытуға көмектеседі. Пікірталас клубтары сыни ойлауға, дәлелді сөйлеуге және көпшілік алдында еркін жүруге үйретеді. Волонтерлік қозғалыстар Қоғамдық пайдалы істерге қатысуға мүмкіндік береді, жауапкершілік пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді [7].
5.Жұмысқа орналасу көрсеткішіне тоқталсам:2019 жылы түлектерді жұмысқа орналастыру 91% құрады: бакалавриатта 80%, магистратурада 94%, докторантурада 100%. Университет түлектерді жұмысқа орналастыру үшін республиканың Алматы мен Астананың барлық облыстарының білім басқармаларымен және жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз жұмыс істейді. Халықаралық серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды: Мичиган мемлекеттік университеті және Оңтүстік Кореяда SeoulTech-пен меморандум бар.
Университет Ресей, Қытай, Түркия, Польша, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық (академиялық ұтқырлық және алмасу бағдарламаларын қоса алғанда) туралы келісімдерге ие.Педагогикалық университет ретінде тәжірибе негізінен мектептерде, колледждерде және балабақшаларда өтеді. Университеттің жаңа корпусының ашылуына ҚР еңбек сіңірген қайраткері, университеттің түлегі Орынша Қарабалина қатысты. Себебі: Орынша Қарабалина Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарих факультетіне "тарих мұғалімі" мамандығы бойынша түсіп, оны 1952 жылы бітірді.Қазіргі таңда университеттің мақтанышы. Университет оны өзінің көрнекті түлектерінің қатарына қосады.
6.Университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға семестр немесе бір оқу жылы ішінде шетелде білім алуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.Мысалы:2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде QyzPU-ның 193 студенті Польша, Қытай, Латвия, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстанның жетекші университеттеріне оқуға жіберілді. Оңтүстік Кореядағы Дундук әйелдер университетімен және Қытайдағы Хубэй университетімен тұрақты алмасу бағдарламалары да жүзеге асырылуда.Конкурсқа қатысу үшін үміткердің жоғары үлгерімі (әдетте GPA 3.0-3.5-тен жоғары) және оқу тілін тиісті деңгейде меңгергенін растайтын сертификаты болуы қажет.Университеттің халықаралық танылуы шетелдік азаматтардың осы оқу орнын таңдауына оң әсер етеді [8].
Сонымен, мақаламды қорытындыласам:университеттің басты мақсаты-білім мен ғылым дамитын, жаңа идеялар қалыптасатын, әрбір оқытушы мен білім алушының интеллектуалдық және кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін академиялық орта қалыптастыру.Сондықтан қол жеткізген нәтижемен шектелмей, университеттің академиялық және ғылыми бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халықаралық беделін нығайтуға және алдағы уақытта әлемдік университеттер рейтингінде лайықты орын алуға ұмтылып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Миссия [Электрондық ресурс]. URL: https://qyzpu.edu.kz/ru/missiya#gsc.tab=0 (қаралған күні: 14.11.2026).
2.Уикипедия-ашық энциклопедиясы [Электрондық ресурс].URL: https://kk.wikipedia.org/wiki (қаралған күні: 14.11.2026).
3.Instagram әлеуметтік желісі[Электрондық ресурс]. URL: https://www.instagram.com/reel/DEPxqBBIkCo (қаралған күні: 14.11.2026).
4.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Кафедралар мен профессор-оқытушылар құрамы [Электрондық ресурс].URL: https://pps.qyzpu.edu.kz/cafedra/1?perPage=15&sortBy=A-Z&page=4 (қаралған күні: 14.11.2026).
5.Қазақстан Республикасының «gov.kz» ресми веб-порталы. Жаңалықтар бөлімі [Электрондық ресурс]. URL: https://www.gov.kz/org/education/press/news/details/1079732?directionId=_19723&lang=kk (қаралған күні: 15.11.2026).
6.Instagram әлеуметтік желісі [Электрондық ресурс]. URL: https://www.instagram.com/reel/DeR_zUOIJ28 (қаралған күні: 14.11.2026).
7.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Спортивная инфраструктура [Электрондық ресурс]. URL: https://new.qyzpu.edu.kz/ru/sportivnaya-infrastruktura (қаралған күні: 15.11.2026).
8.Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті. Академиялық ұтқырлық [Электрондық ресурс]. URL: https://qyzpu.edu.kz/kz/akademicheskaya-mobilnost#gsc.tab=0 (қаралған күні: 15.11.2026).
- Теміржан Сарбиназ БауржанқызыТохтарбаева Жаннұр ҚұрманғазықызыСмағұл Айдана Айтбекқызы
- Қоштыбаев Талғат Бектасұлы
Мақала құжаттары
Мақала жарияланған журнал шығарылымы және жарияланғаны туралы анықтама (PDF)
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/qazaq-ulttyq-qyzdar-pedagogikalyq-universiteti-ulttyq-bilim-beru-kengistigindegi
- Теміржан Сарбиназ Бауржанқызы — 6В05302 – «Физика» мамандығының 3-курс студенті, ҚазҰҚПУ
- Тохтарбаева Жаннұр Құрманғазықызы — 6В05302 – «Физика» мамандығының 3-курс студенті, ҚазҰҚПУ
- Смағұл Айдана Айтбекқызы — 6В05302 – «Физика» мамандығының 3-курс студенті, ҚазҰҚПУ
Ғылыми жетекшісі: Қоштыбаев Талғат Бектасұлы, физика‒математика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті физика кафедрасының профессоры м.а, ҚазҰҚПУ
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.